Түсінікті әрі түсініксіз J.Godard
1959 жылы алғашқы филмі жарық көргеннен бүгінге дейін, Гадар (Jean-Luc Godard) жұрытты үздіксіз жүрісімен жаңылдырып келеді. Оның қоржынында қырыққа тарта киноханаларда қойылған филімдерден тыс, деректі филімдер және елу екі минуттан бірнеше ғана минутқа тұратын түрлі қысқа метражды филімдерді құрайды. Бұған ол түсірген жарнамалық роликтер мен басқа да авторлармен бірлесіп түсірген сансыз түсірілімдерді қосып қойыңыз.
Гадардың кез келген кезеңде түсірген филімдері, негізінен, өзіне ғана тән авторлық филім саналады. Олар күрделі обыраздарға, қайшылықты әуендерге және қым қуыт бейнелермен көмкерілген. Бұл элеменіттер көбінде шымшытырық, күрделі артқы көрініске ие болып келеді. Көрермен осы элеменіттердің тасқынына көміліп кетеді де, содан туындаған болмыста қамалып қалады. Бұл элеменіттер әдебиет, музыка, сурет және философияны қамтыған үлкен кеңістікпен байланысып жатыр. Гадардың филімдері бір қарағанда суық мысқылды комедияға, сыпайы соқтығуға және өткір сарказмге толы болғанымен, олар бір-бірінен бөлінбейтін біртұтастықта өмір сүреді.
Гадар филімдерінің әуенінде өзгеше мәнер бар, ол негізінен метафоралармен жұмыс істейді, жазба шығармашылығының өзі бір төбе стильге ие. Гадар сөзден тосылған емес, тіпті ол адамның тұтығатынына қатысты тақырыпты толғағанда да тасыған өзендей шабытты «сөйлейді». Гадар санысыз қыры бар өнер иесіне жатады.
Michel Marie