Bret Stephens: Үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйек күні басталған жоқ. Одан бұрын басталған. 1931 жылы жапондар Маньчжурияны басып алды, 1935 жылы италиялықтар Румынияға баса көктеп кірді. 1936 жылы Германия ашық түрде қарулану жолына түсті. Сол жылы Испан соғысы бұрқ етті. 1938 жылы немістер Австрияға басып кіріп, өздеріне қосып алды. Sudetenland өңірін меншіктеніп алды. 1939 жылы Германия мен Кеңес одағы Польшаны бөлшектеп тастады. Келесі жылы немістер батыс майданда соғыс ашты. Барбаросса жоспарымен Перл-Харбор айлағына шабуыл жасалды.
Айтайын дегенім, соғыс бір күнде бұрқ еткен жоқ. Судың біртіндеп көтеріле беріп, соңында тоспаны біржола алып кететіні сияқты болды. Бүгінгі жағдай да дәл сондай бірнеше жылғы даму барысын қайталағанын көреміз. Әлем тек Ресей Украинаға басып кірген күні ғана осының бәріне шын назар аударды.
Мұнан бұрын орыстар Грузияға соғыс ашты, Қырымды жаулап алды, Украинаның екі обылысын барымталады, Сирияда Алеппо өңірін тас-талқан етті. Англияда улы-радиоактив және химиялық зат қолданып адам өлтірді, біздің (АҚШ) сайлауға сына қақты, интернеттік гибер шабуыл ұйымдастырды, Борис Немцовты атып өлтірді, Алексей Навальныйды қудалап, қамауға алды.
Ұлттық қауіпсіздік пен заңға, халықаралық нормалар мен келісімдерге ауыр дәрежеде қайшы келген осы жағдайлардың қайсысына қатаң түрде ескерту, шара қолданып, келесіде қайталанбауына мүмкіндік беретін лайықты тосқауыл қойылды? Батыстың Сирияның химиялық қару қолданағанын, Қытайдың Гонкоңның билігін аяқ асты етуін, Иранның Сирия соғысына араласуы сынды халықаралық ереже мен тәртіпті бұзған бассыздыққа лайықты тосқауыл қойғанда, мүмкін, Путиннің бүгінгі тірлігін ауыздықтаған болар ма едік?
Басқаша айтқанда 24 ақпаннан бұрын Путин өз ісінің неге соқтыратынын сезіне алған жоқ!
Біреулер осының бәрі Батыс елдерінің кінәсі – Украинаны НАТО қабылдауға ниет білдіруден туындаған дағдарыс, деп айтуда. Негізі бұл мүлде қате пікір. Өткен 22 жыл бойында біз Путиннің қас-қабағына қарап, ренжіп қалмасыншы, өкпелеп қалмасыншы деп жүріп, түк бітіргеніміз жоқ. Қарсы тұрмайтын сондай көмпіс, түйеқұс сияқты, бір аттап алға баспайтын, бейшара тірліктің арқасында бүгін Украинада қырғын ұйымдастыруға қарап тұрып жол бердік.
Бүгінгі Ж.Байден үкіметінің басындағы міндет осы шегіншектеген тірліктен бір жола құтылуға сайып тұр. Бірақ, бұл жағынан алаңдатар дүние баршылық. Көңілге қуаныш ұялататыны орыстар соғыста салған жерден жеңіске жеткен жоқ. Соғыс Батыс елдерін біршама ынтымақтастырған сыңайлы. Мұны президент Ж.Байденнің еңбегінен бөле қарауға болмайды. Бірақ, Ж.Байден үкіметті әлі де сол батылсыз, үрейленгіш түсініктен толық арылмағаны аңғарылады...
Бүгінде Путиндердің қатары көбейіп жатыр. Бижің, Тегеран, Мәскеу үшін таптырмас одақ болуға сайланып отыр. Ендеше, үшінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады, деп ойлайсыз? Меніңше, дәл сол өткендегі соғыс сияқты жолмен басталады.
«The New York Times», 16. 03. 2022
Аударған Баян Ардақ