Ұрлық заңдастырылмауы тиіс

«Тауық ұрлағандар бес жылға сотталады, ал млиярдтарды ұрлағандар тайраңдап шет елде шалқып жүр...»
- Қазақстан қоғамында кеңінен таралған түсінік.
Қасымжомарт Тоқаев алдымен президеніт болып тағайындалып, соңынан сайланды. Оның өз командасы жоқ. Назарбаев кезеңіндегі Нұр Отан партиясы Тоқаевқа жұмыс істемейді. Нұр Отан - Назарбаевтың жемқорлыққа батқан, лас, шірік жүйесінің туындысы. Одан тазалық күту асқан ашық ауыздық, ақымақтық болар еді. Ондағы кадырлар толықтай ұры жүйенің өнімі. Тоқаев президеніттіке кірісіп, билікті қолына алған соң, Нұр Отан мен Назарбаев дәуірінің бірқатар кадырларын жұмыстан қуды. Дұрыс болды. Бірақ, кадырлар қосыны сол күйінде орнында қалды. Жүйе басқаша ойлайтындармен толыққан жоқ. Баяғысындай билікке құрақ ұшып жағымпазданатын немесе құлдыққа бейім адамдармен ғана толықты.
Назарбаев пен оның шеневниктері шет ел асырған ел қаржысын қайтару оңай жұмыс емес. Ол үлкен іскерлік пен саяси батылдықты және өз басын бәйгеге тиігіп жұмыс істейтін мемлекетшілдікті қажет етеді. Тоқаевтың командасында мұндай тұлға жоқ. Оның айналасындағылардың барлығы дерлік өз алдына жұмыс істей алатын, жауапкершілікті бәрінен жоғары санайтын, мемлекетшіл тұлғалар емес. Олардың дені Назарбаев кезіндегі үйреншікті әдет - жоғарыдан берілген бұйрықты ғана атқаратын, оны да жүрдім-бардым, өз мүддесіне пайда әкелсе ғана орындайтын, қажет болса, уақыттын созып, соңында жұмысты сиырқұймышақатып іске асырмай тастайтын адамдардан тұрады. Олар шет ел асырған қаржыны қуып, қайтаруға мүлде құлықсыз. Себебі, ақшаны ұрлағандар әлгілермен кеше ғана табақтас, бір жүйеде болған адамдар. Өздері де кезінде ұрылармен бірге азды-көпті ұрлаған немесе дұрыс ұрлай алмай қалғандар. «Ақшаны қайтарып келгеннің өзінде, ол ақшаның маған еш пайдасы жоқ, мемлекеттің қоржынына түседі, басқаша айтқанда оны күні ертең тағы бір шенді ұрлайды. Мен ақшаны қусам, жаман атты болып шығам, тіпті күндердің бірінде содан таяқ жеп, жолым кесілуі мүмкін», - деп ойлайтын пысықайлар.
Нәтижесінде кез-келген жұмыс ақсап жатады. Оған жауап беретін біреу болмайды. Бүкіл кадырлар бір ауыздан осылай жұмыс ісиеуге үнсіз келісіп алған соң, оған президеніт болса да, Тоқаев не істей алады? Ештеңе істей алмайды. Сонымен Тоқаевтың пәрмені өзінің кабинетінен көп ұзап шыға алмайды.
Назарбаевтар кеткен соң, билікке қоғамнан мемлекетшіл азаматтардың тартылғаны байқалмайды. Басқаша айтқанда билік өзгергенімен, ондағы адамдар өзгерген жоқ. Тек орындарын ғана ауыстырды. Осы бүгінгі «ұрлықты заңдастырайық» дегенге саятын масқара жағдайға әкеліп отыр. Олардың түп мақсаты мемлекетті жалғасты ұрлауға заңды жол ашу.
Мен ұрланған ақшы қайтару туралы комитеттің атының өзгергеніне еш таң қалмаймын. Бірақ, Тоқаевтың осы шешімге барғанына таң қалып отырмын. Себебі, осы шешімге бару арқылы Тоқаев үлкен қателік жасады. Ойланбай істелген қадам болды.
Еліміздің жаңа тарихында халықтың несібесін ұрлап шет ел асырып әкеткен ұрылардың қылмысын анықтап, бірін қалдырмай тектеп, қаржыны елге қайтару ісі бүкіл Қазақстан халқының талабы. Бәз біреулер ойлағандай немесе үміттенгендей мемлекетті, халықты 30 жыл бойында өтірікпен алдап, соңында бар байлықты қалталарына басып шет ел асырып тайып тұрған, қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған - ұрлық-қылмыс өшкін тартады, ұмытылады, десе, ол үлкен қателеседі.
Олай істеуге ешкімнің құқығы да беделі де жүрмейді (ұрылардың жемтіктесі, жақтасы болмаса) Бұл ұрлық-қылмыс еш қашан ұмтылмайтын және ұмтылуға тиіс емес қылмыс. Біз бұл қылмыстың заңдық, этикалық және саяси салдарын терең түсінуге тиіспіз. Қазақстандықтар үшін бұл ұмтылатын, ескіретін қылмыс емес. Ол біздің мемлекеттілігіміздің ірге тасының беріктігіне барып саятын үлкен мәселе. Қанша уақытқа созылса да оны толық тексеріп, қылмыстыларды, өзі болмаса байлыққа ие болып қалған ұрпақтарын заң алдында жауапқа тарту біздің – мемілеке ретінде, кез келген мемлекет басшысы ретіндегі міндетіміз. Себебі, осы ұрлықты шын мәнінен тектемей, нүктесін қоймай біз дұрыс ел бола алмаймыз. Қылмысты толық ашу және тектеу барысында біз мұндай масқара тірліктің енді қайтып қайталанбауының алдын адамыз және мемлекеттікті, оның тазалығын қамтамасыз етеміз. Мемлекеттілігіміздің өзегіне түскен жегі құртты біржола тазалап, «мемлекетті ұрлағанның кешірілмес қылмыс екеніне» азаматтардың көзін жеткізіп, шынайы мемлекетшілдікке бастайтын боламыз. Егер, мемлекеттік билікте отырып мемлекеттің қазынасын ұрлаған, халықтың нісібесін тонаған бұл қылмысты еркіне жіберсек, тектемей қоя салсақ, ол ертең де қайталанады. Билік басына келгендердің елді тағы да тонап, ұрлауына жол ашылады. Этикасы бұзылған ел ұзаққа бармайды, қирайды. Оның соңы мемлекеттілігімізге үлкен қатер. Бұл ешқашан өзектілігін жоймайтын және ұзаққа кететін шаруа. Сондықтан ойлану керек.
Тоқаев осы істің басын бастаған екен, өзі бітіре алмаса да, жалғасты істелуге жол салып кетуі немесе оған кедергі келтірмеуі керек еді. Ол орындап кете алмаған жұмысты келесі президеніт істейтіні анық. Сонда ғана Тоқаевтың қазақстандықтар алдында да, тарих алдында да ары таза болар еді.
Бірақ, қазір орын алып отырған жағдай президеніттің ұрылардың ығына жығылғандай, ұрлықты заңдастырып бергісі келетіндей ниеті білініп отыр. Бұл масқара әрі өкінішті жағдай. Біздегі ұры жүйенің бас жобалаушысы Назарбаев та 2010-2013 жылдары дәл бүгін орын алып отырған жағдай сияқты: «елге қайтқан қаржыны заңдастырып береміз!» деген. Соңынан не болғаны белгілі. Бұрынғыдан бетер мемлекет қазынасын қалтасына басып, түк қалдырмай тонап кеткен болатын. Сол қитұрқылық енді тағы бір формада қайталанатын түрі бар.
E.Bolatkhan.
