Империялар шатқаяқтап тұр

Әлем үлкен саяси дағдарыс үстінде. АҚШ, Ресей және Қытай – осы үш империя толықтай жүйелі дағдарысқа ұшырауда. Мұның тасасында осы империялардың саяси жүйесінің тығырыққа тірелгені тұр.
Алдымен АҚШ туралы айтайық. АҚШ-тың саяси жүйесі сыртқа империялық, ішке демократиялық жүйеге негізделген. Бірақ, қазір билікте отырған Д.Трамп осындағы ішкі демократиялық жүйені бүлдіріп, тепе-теңдікті бұзып, барынша әлсіретті. АҚШ ел іші саяси теке-тіресте бұрын соңды дәл бүгінгідей ушыққан жағдайға қалған емес. Қазіргі АҚШ-тың саяси жағдайын Хаос деп қарауға толық негіз бар. Оның үстіне Иранға жасаған сәтсіз соғысы осы елдің халқарадағы беделін, госаяси жағдайын, экономикалық болашағына үлкен ақау келтірді. Оның зардабы уақыт өткен сайын көзге көрінетіні анық.
Ресей болса Украинаға жасаған шапқыншылық соғысын аяқтата алмай «былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің» жағдайында отыр. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, орыстардың алдында «қандай ел боламыз?», - деген сұрақ тұрды. Путин билікке келіп ширк ғасыр өткенде, біз бұл сұраққа орыстардың қандай жауап бергенін түсінген сияқтымыз.
Олар Кеңес одағы сияқты бір адамға немесе белгілі бір идеологияға байланып қалмайтын, қайта билікке кім келіп, кім кесте де, өз жұмысын ақаусыз жасай беретін саяси жүйе жасауды ойлап та көрмеген екен. Билікке Путин келген соң сол баяғы империялық ірге кеңейтіп соғыс ашатын, күшке сенетін, әлде қашан заманның артында қалған дүниені қайта жаңғырытты. Енді міне орыстар соғысты аяқтата алмай отыр. Одан да сорақысы соғыстан соң, Ресейде не болады, елді кім басқарады (сол баяғы ескі империялық түсінік), билік дағдарыссыз ауыса ма, жоқ? т.б. сұрақтар қарша борап жатыр. Жиып келгенде бүгінгі Ресей заманға лайықты өміршеңдігі бар саяси жүйе құра алмаған, басқа сөзбен айтқанда болашағы бұлдыраған, саяси дағдарыстан көз ашпайтын банкорт елге жатады.
Қытай да банкорттықтың алдында тұр. Бүгінгі қытай қырық жыл бойында батыс капитализмінің нарықтық жүйесінде өмір сүрды. Соның арқасында бүгінгі әлемдегі экономикалық көлемі жағынан екініш елге айналды. Бірақ, қазір қытайлар батыспен теке-тіреске көшті. Енді ол батыстың нарығынан кешегі күндей өлшеусіз деңгейде қуат ала алмайды (2002-2022 жылдарда әр жылы Қытай АҚШ-қа 500 милиярд доллардың тауарын сатып кіріс тауып отырған. Еуроодаққа да осы сомаға жақын тауар саттып отырды. Қазір осы тетік жабылуға жақын). Осыдан барып қытай экономикасы шатқаяқтай бастады.
Оның үстіне батыс елдерімен саяси жақта теке-тірес басталу үстінде. Бұлар жинақтала келіп қытайды жаңа таңдау ажсауға мәжбүрлеп отыр. Ол таңдау «қайтадан бір кездегі социялизмнің жоспарлы шаруашылығына көшу немесе толықтай капитализмнің нарықтық жүйесіне өту» дегенге барып саяды. Қазіргі қытай үлкен саяси дағдарыстың өтінде тұр. Бұл да «былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің», - деген сөз. Қытай осы екі бағыттың қайсысымен жүрсе де елде түбірлі өзгеріс, жаңа толқу, саяси теке-тірес, экономикалық тоқырауды бастан өткермей қалмайды.
Бүгінгі тағда әлемдегі үш империя үлкен дағдарыс үстінде. Олардың соңғы тағдырын, тығырықтан қала шыққанын, кімнің не күй кешкенін көп ұзамай алдағы бірнеше жылда көретін боламыз.
E.Bolatkhan.
