Самюель Хантингтон: Батыс өркениеті және Ислам дүниесі
Саяси жəне діни көзқарастырында парық болғанына қарамастан, мұсылмандар түгел дерлік өз мəдениеттері мен батыс арасында айқын айырмашылық бар, деп қарайды. Шеих Хаунус айтқандай: «мəселенің түп тамыры біздің (мұсылмандардың) қоғамымыздың батыс қоғамына мүлде ұқсамайтын негізге құрылғандығында». Мысырдың жоғары дəрежелі бір дипломатының былай дегені бар: «АҚШ –тықтар осында келіп алып, бізге өздеріне қоятын талапты қояды, олар біздің өзімізге тəн құн көзқарасымыз, мəдениет болмысымыздың барын ескере бермейді». Мысырлық бір тілші: «біз батыстықтарға ұқсамаймыз: тарихымыз да келіп шығуымыз да ұқсамайды, сондықтан батыстан басқашамыз» деді. Шығып жатқан күнделікті газет-журнал болсын немесе айқын мұсылмандық бағыт ұстанатын басылымдар болсын, бəрі де бір бағытта батыстың өздеріне дұспан көзбен қарайтынын, өздерін қаралап, бұрмалап жазып, арандатып жатқанын жағы талмай айтумен болады.
Батысқа қарсы пиғылды Исламды қайта күлдендіру қозғалысының насихатынан ғана емес, ислам елдері басшыларының батысқа ұстаған позициясынан да байқауымызға болады. Отарлық кезең аяқталғаннан кейін ислам елдері саяси, экономикалық, əлеуметтік жақтардан бəз баяғысындай батысқа тəуелді болды, тек Алжир мен Индонезия ғана тəуелсіз бағыт ұстанды, себебі бұл елдерде отарлану кезеңінен кейін билікке ұлтшылдар келген еді. Бірақ уақыттың өтісімен Иран, Ирак, Иемн, Судан, Ливан жəне Ауғанстандағы батысқа жан тартатын билікті біртіндеп батысқа қарсылар алмастыра басты. Бұлардан басқа мұсылман елдері де осы бағытқа бұрылды. Десе де, өзгеріс сұрапыл жүрген жоқ, айталық Тунис, Индонезия, Малайзия елдері бұған бейбіт қадаммен барды. Қырғи қабақ соғыс кезінде АҚШ –тың ең жақын одақтасы болған Түркия мен Пəкістан бүгінде ел ішінде исламданған саяси күштердің күшті қысымы астында, батыспен ара қатынаста үлкен кедергілерге жолығып отыр.
1995 жылдың жағдайынан қарағанда, мұсылман елдерінің ішінде батыспен одақтас болып қалған тек Кувеит. Кувеит, Сауд Арабия, Араб Бірлескен Əмірлігі батысты əскери жақтан арқа сүйер етеді, ал Мысыр, Алжир сияқты елдер батысқа экономикалық жақтан тəуелді. 1980 жылдардың соңында Кеңес Одағы өзінің Шығыс Еуропадағы одақтастарын экономикалық жақтан қолдауын тоқтатқанда, əлгі елдердегі үкімет бірден құлап қалған болатын. Сол сияқты егер АҚШ жоғарыдағы елдерді қолдауын тоқтатса, онда бұл елдерде де өзгеріс болып кетуі əбден мүмкін.
Мұсылман елдерінің батысқа қарсы пиғылының өзгерісіне ілесіп, батыстың «мұсылман дүниесінің қатеріне» болған көзқарасы да қатаңданып келеді, əсіресе радикальды исламның қатері жиі ауызға алынатын болды. Ислам елдерінің ядролық қаруға ие болуы терроризмнің өршуіне əкеліп соғады деген ой үстемдік алуда. Бұл мəселелерге батыс бір кісідей-ақ бас қатырып жатыр. Мəселен, 1994 жылы “Исламды қайта гүлдендіру қозғалысы АҚШ –тың Орта Шығыстағы мүддесіне зиян келтіре ме, жоқ па?” деген сұрақ 35 мың адамға қойылған.Сонда олардың 60 пайызы “АҚШ мүддесіне қайшы келеді” деп жауап берсе, 20 пайызы “қауіп төндірмейді” деп жауап берген. Қайсы ел АҚШ –қа қатер төндіруі мүмкін деген сұраққа, жұрттың көбі Иран, Ирак жəне Қытай деп жауап берген. 1994 жылы АҚШ –қа ең үлкен қатер неден төнуі мүмкін деген сұраққа, қарапайым жұрттың 72 пайызы, дипломаттардың 61 пайызы қатер ядролық қарудың таралып кетуінен төнеді деп жауап берсе; халықтың 69 пайызы, биліктегілердің 33 пайызы қатер халықаралық терроризмнен деп жауап берген. Жоғарыдағы екі мəселе де ислам дүниесімен өзіндік қатысы бар. Бұдан тыс жұрттың 33 пайызы, биліктегілердің 39 пайызы қатер ислам дүниесінен келеді деп қараған. Еуропалықтар да осындай ойда. Айталық, 1991 жылы жазда жүргізілген сұрауда 51 пайыз Франциялық елге қатер оңтүстіктен келеді деп қараса; тек 8 пайыз адам ғана қатер шығыстан төнуі мүмкін деген. Франциялықтар өздеріне қатер төндіруі мүмкін деп қараған төрт елдің бəрі де ислам елдері болып шыққан: 52 пайыз адам Ирақты,
35 пайыз адам Иранды, 26 пайыз адам Ливияны, 22 пайыз адам Алжирді атаған. Батыстың, соның ішінде Германия, Франция елдерінің басшылары өздерінің жоғарыдағы көзқараста екенін жасырмайды. НАТО-ның бас хатшысы ислам дүниесі батыс жөнінен алғанда кешегі коммунизм лагері сияқты қатерлі деп мəлімдеді. Клинтон үкіметіндегі маңызды бір тұлға «мұсылмандар біздің шығыстағы басты бəсекелесіміз» деп салды.
Шығыстан келетін қатер жойылғаннан кейін, НАТО өзінің ендігі іс-қимылын оңтүстікке қарай бұра бастады (бұнда Орта Шығыстағы жəне Солтүстік Африкадағы мұсылман елдері жорамал жау ретінде қаралып отырғаны жасырын емес). 1992 жылы АҚШ –тың бір əскери маманы: «басымдылық оңтүстікке ауысып отыр», «НАТО–ның ендігі алдыңғы майданы оңтүстік болады» деді. Оңтүстіктен төнетін қатерге дайын отыру үшін НАТО аясында Франция, Италия, Португалия елдері біртұтас жоспар жасап, əскери жаттығулар өткізе бастады, сондай-ақ ислам радикальдарына бірлесіп қарсы тұруға уағдаласты. Бұның өзі АҚШ армиясының Еуропаға шоғырлануына жағдай жасауда. АҚШ –тың бір əскери маманы: «АҚШ армиясының Еуропаға шоғырлануы осы өңірге төніп тұрған ислам қатерін түбірінен жоя алмағанымен, қалайда бəсеңдететін болады. 1990 — 1991 жылдары Парсы шығанағы жанжалында АҚШ, Франция, Англия елдерінің қалай одақтасқанын білсеңіздер керек» деді. Мүмкін бұл сөйлемге мұсылмандар бастарынан өткен сондағы сұмдықты ұмыта қойған жоқ дегенді қосып қойғанымыз жөн шығар.
Батыс пен мұсылман елдерінің бір біріне ұстаған көзқарасы, сондай-ақ ислам радикалдығының бас көтеруі мəселесінен алғанда, батыс пен ислам дүниесінің ара қатынасы 1979 жылы Иранда жүз берген төңкерістен кейін жартылай жанжал күйге көшті десек болатындай. “ Ж а р т ы л а й жанжал күй” д е г е н д і т ү с і н д і р е к е т с е к :
біріншіден, бұл теке-тірес бүткіл ислам дүниесі мен батыстың арасында емес, қайта жекелеген тынышсыз елдер (Судан мен Иран) мен батысқа жан тартатын мұсылман елдері арасында, одан қалса батыстың одақтасы болып есептелетін Израильмен арада туындап отырған дүлдараздыққа саяды. Екіншіден, 1990 — 1991 жылдары Парсы шығанағында туылған ұрыстан кейін əр екі жақ өздерінің күрес тəсілдерін өзгерте бастады: біреуі терроризмді қанат астына алса, енді біреуі əуеден соққы беруге сүйенді; тасадан майдан ашып, экономикалық жазалау саясатын қолданды. Жанжал толастамағанымен өршіп те кетпеді. Дегенмен осы майданда өлгендердің саны 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыста өлгендерден əлде қайда көп болып отыр.
Мұнан тыс екі жақ та бұл теке-тіресті соғыс деп қабылдайды. Аятолла Хомени кезінде “Иран шындығында АҚШ пен соғыс жағдайында тұр” деген болатын. Казафи батысқа жиһат жариялауға дайын екенін жасырған емес. Радикальды топтар мен өзге мұсылман елдерінің басшылары да осыған жақын ойда. АҚШ «терроршы мемлекет» деп жариялаған тізімдіктің басында бес мұсылман мемлекеті тұр (Иран, Ирак, Сурия, Ливия, Судан). Қалған екеуі Куба мен Солтүстік Кореия. Біз осылайша əлгі мемлекеттерді дұспанымыз деп ашық жарияладық. Ол мемлекеттерде өздерінде бар “ең үздік” қаруларымен АҚШ –қа жəне оның одақтастарына соққы беріп жатыр. Содан да біз бүгінгі халімізді жартылай жанжал деп бағалап отырмыз.
АҚШ əлгі елдерді «заңсыз», «қаскөй», «сенімсіз» деп айыптап, оларды мəдениетті елдердің қатарынан шығарып, қыспаққа ала бастады. АҚШ үкіметі Халықаралық сауда орталығының алдында жүзберген жарылысты (1993 жылы туылған) «АҚШ– қа қарсы батытталған бір реткі қала терроризмі» деп сипаттады; Манхэаттонда жарылыс дайындағандарға «АҚШ –қа қарсы соғыс ашқан содырлар» деген айып тағылды. Осылайша мұсылмандар: батыс ислам дүниесіне соғыс ашуда -деп жарияласа; батыс: ислам дүниесі бізге соғы ашуда -деп жариялап жатса, онда бұның шынайы соғыстан несі парықты. Қазір жүз беріп отырған жартылай жанжал жағдайда əр екі жақ қарсыласының осал тұсын пайдаланып қалуда. Əскери ұғыммен айтсақ, əуе армиясына террористер қарсы соққы беріп жатыр. Жауынгер исламшылдар ашық-шашық жатқан батыс елдерінің кез келген нысанын жарып жіберуге дайын; ал батыстың кəсіби армиясы ислам елдерінің ашық жатқан əуе кеңестігінен еркін еніп, өздері қалаған нысананы жойып жатыр. Ұрдажық исламшылдар батысқа жан тартатын басшыларға қастандық ұйымдастыруда, ал АҚШ болса батысқа ашық қарсы тұрған елдердің билігін аудару үшін тынбай жұмыс істеуде. 1980 жылдан 1995 жылға дейін, Қорғаныс министрлігінің санағына негізделгенде, АҚШ Орта Шығыста 17 рет əскери қимыл жасаған. Бəрінде мұсылмандарды соққылаған. Мұсылмандардан басқа бірде-бір мəдениетке немесе халыққа АҚШ бұлайша соқтығып көрмепті.
Парсы шығанағында туылған соғыстан соң (1991 жылғы) əр екі жақта жаңа бір кең көлемді соғыстың туылып кетуінен сақтануға барын салуда. Қоғамтанушылардың былай деп қарайтыны бар: «егер Ливия сүңгуір кемелері АҚШ –тың жолаушылар кемесін соққылап суға батырса, АҚШ əсте Ливиядан сүңгуір кемедегі жазықтыларды сұрамайды, есесіне Ливия үкіметінен есеп алады. Принциптік тұрғыдан айтқанда, Ливия арнайы тобының жолаушылар ұшағын жарып жіберу уақиғасын да осы негізде түсінуіміз керек» (1988 жылы Ливияның арнайы агенттері Англияның жолаушылар ұшағын жарып жіберген болатын). Ислам дүниесімен батыстың арасындағы бүгінгі жағдай кешегі Кеңес Одағы мен батыстың арасындағы жағдайдан əлде қайда ұшығып отыр. Бір ұқсамайтыны қырғи қабақ соғыс кезінде əр екі жақ та қарсы жағының жай бұқарасын, əскерін мақсатты түрде өлтіруге бармайтын. Ал қазіргі жартылай жанжал жағдайында бұндай істер күнбе күн туылып жатыр.
Біздің билік басында отырғандар: жанжал тудырушылар тек аз санды мұсылмандар, олардың жасап жатқанын басым көп санды мұсылмандар да қолдай бермейді -деп қарайды. Мүмкін бұл тура да шығар, бірақ кесіп айтуға келмейді. Бүгінге дейін елдерінде жүз берген батысқа қарсы пиғылға бірде-бір мұсылман елі лайықты тосқауыл қойып көрген жоқ. Басқасын былай қойғанда, батыстың шекпенінен шықпаған, батыстың пайдасын көріп отырған елдердің өзі батысқа қарсы жасалған əрекеттерді айыптауға тұра келсе, үндері шықпай қалады. Енді бір жағынан Еуропа елдерінің басшылары да, жай бұқарасы да АҚШ–тың мұсылман дүниесіне жасаған қысымын көп қолдап, аз сынайды. Бұл қолдаудың сипаты қырғи қабақ соғыс кезіндегі Кеңес Одағынан қорқып қолдау көрсетуден мүлде басқаша. Мұнда идеялогиялық теке-тіреске ұқсамайтын, өркениеттік қақтығыстың өзіндік ерекшелігі көзге ұрып тұр.
Батыстың бүгін бет келіп отырған мəселесі жай ислам ғана емес, қайта ұқсамайтын өркениет əрі ислам болып отырғандығында. Ол жақтағы халықтар өз мəдениеттерінің артықшылығына шын сенеді əрі өздерінің ырықсыз орында қалуынан алаңдайды. Ислам дүниесін АҚШ –тың ахпарат құралдары емес Орталық барлау басқармасы алаңдатып отырған жоқ, олар басқа бір өркениет — батыстың бар екенінен алаңдайды. Олар өз ұстанымдарының ақиқат екеніне сенеді, бұндай дүниетаным əлсіреп бара жатқан болса да, олар осы көзқарасты дүниенің төрт бұрышына таратуға пейіл. Батыс дүниесі мен ислам өркениеті арасындағы қайшылықтың талмау жері міне осында.
Аударған – Г.А.