Zardkhan Hinayat. Найман хандығының мемлекеттік құрылымы мен билік жүйесi
Найман хандығы ежелгі түрк мемлекеттерінің бір сабақтастығы болып табылады. Сондықтан Найман хандығында ел басқарудың ежелгі түрктік салт дәстүрі сақталды. Найман хандығы да бұрынғы түрк қағанаттары сияқты фронт жағдайындағы әскери мемлекет болды. Мемлекет ру-тайпалардан құралды. Тайпаларды тайпа басылары, батырлар, ру аталықтарды рубасылары басқарды.
Халқы ақсүйектер және қараша қауым болып екі тарапка бөлінді. Бірде Уаң ханның бас сүйегі өзіне қарап күлген сияқты болып елестегеніне ыза болған Таян хан, бас сүйекті тепкілей бастағанына, ренжіген Көкше Сабырақ батыр «Олай істеуге қалай дәтіңіз барды... бірде марқұм Инанч Білге хан әкең... сүйкімді жаралған сүйікті қара ұлым Таян сен қауқарсыз қара халқыңа қамқор бола аларма екенсің? Жан-жағыңа айналып бiр қарашы өзiң, елiң не болып барады» - деп ескерткенi бар. Найман хандығындағы әлеуметтік жiк мұнда анық көрсетiлген. Екi жiктiң береке бiрлiгi рулық, қандастық жүйе арқылы сақталды. Қараша қауым халықтың көпшiлiгiн құрады. Қараша қауым бай, бек, ру-тайпа басшыларына бағынды, әрбiр отбасы мемлекет үшiн төлем төлеуге, әрбiр ер адам елін қорғауға міндетті болды. Мемлекет және қауым аралык қарым-қатынастар әдеттегі заң арқылы реттелді.
ХII-ХIII ғасыр аралығында моңғол-түрк қоғамында негiзделген қандастыққа негiзделген қауымдық құрылымнан территориялық басқару жүйесіне мемлекеттік жүйеге көшу процессі аяқталып, бұрынғы әскер басылық жүйе мұрагерлікпен сайланатын хандық жүйеге көшіп, хандық төтенше билік жүйесі орнықты. 188
«Құпия шежіреде» көрсетiлуi бойынша, тек мәңгі Тәңірінің қуатындағы ерекше «күш иесі» ғана хан бола алған. Хан мәңгі Тәңірінің сыйы болғандықтан бас билеушi төтенше күшке ие болды189.
Хандық билік сол заманның кұқықтық қатынастары бойынша төмендегi мiндеттерді атқарды:
- Хан билеуші тайпабасы, мемлекеттің бас билеушісі ретінде мемлекетке қарасты барлық жер-судың иесі, әрi елiн сырт жауларынан қорғау міндетін атқарды. Қарулы күштердiң бас қолбасшысы тұрғысынан - соғыс жариялау, бейбітшілік орнату да оған жүктелді.
- Жоғарғы сот міндеті де ханның құзырында болды.
- Барша жұрт болып орындауға міндеттейтін заң-жарлық шығару арқылы қоғамдық тәртіпті реттеді 190.
Бас билік хан ордасынан атқарылды. Ордалар ханның дүние-мүлкімен қарулы күшінің басқарылуын - реттеді.
Ордада ру-тайпалардын үстінен қарайтын хан, ноян, олардың нөкерлерi -қорғаушылары отырды. Бас орда оң және сол екi қанат болып мемлекет iсiн басқарды.
Көшпендi ордалар хан, оның қорғаушылары және көптеген ру-тайпалардан құралған жұрттан құралды. «Орда» сөзі хан отырған қоныс бағынышты мағынаны және ел жұртының орталығы деген білдіретін түрк-моңғол сөзі.
Ордада хан кеңесi және Бек институты жұмыс iстедi. К.Д. Оссон «Көкше Сабырақ Бұйрық хан ордасында беклердің бегі болды деп жазды. Хан мұрагерлікпен сайланды. Қарадан шықса да ерен ерлік көрсеткен әскери қолбасшылар әйгілі батырларға да жоғарғы билікке көтерілуіне мүмкіндік берілді. Найман хандары «Бұйрық», «Білге», «Таян» (Дауан), «Бұқа», «Күшілік» деп лауазымдалды. «Бұйрық» әмірші, билеуші, жарлық шығарушы деген мағынаны бiлдiредi. Бұл да ежелгі түрктердің «жабғу» (жарлық иесі) деген лауазымға ұқсас. «Білге» - бiлiмдi, парасатты, кемеңгер, көреген көсем деген мағынаны бiлдiредi. Жүсіп Баласұғынның «Құтадғу біліг» («Мәңгі өсиет») және Шыңғыс ханның «Билэг сургаалында» «Білге» атауының мән-мағынасы толық ашылған. «Таян» (монг. Даян) найман ханы Байбұқаға Кидан билеушiсiнiң берген лауазымы. Ол бас билеушi деген мағына береді. Моңғолдың Батмунх ханы да «Даян шешен хан» деп лауазымдалған. Ал «Бұқа» - арқалы, мықты деген мағынаны бiлдiредi. Рашид ад-Дин «Күшілік» атауының мағынасын айбынды әмірші деп анықтағаны бар 92.
Наймандар орталық кұрып, қала салуды игерді. Рашид ад-Дин және моңғол жылнамаларында Найман ұлысының батыс ордасы Жажиу ноур (Зайсан көлі), шығыс ордасы Өтүкен текремдегі (Отгон тэнгэр) Қарақорым қаласы болды. Ордалар жартылай көшпенді өмір өткiздi. Найман ордаларында тоғыз шашақты ақ ту көтерілді 193.
Орхоннан Алтай, Іле, Жетiсу, Ұлытауга дейінгі кең өлкеде наймандардың бiрнеше жұртынын орыны жатыр. Солардын бiрi онтүстiк Алтайдағы найманның «Ақбалық» қаласынын ескі орыны. Ақбалық XI-XII ғасырларда немесе Кидан-Моңғол дәуірінде Найман ұлысының батыс астанасы болыпты. Ендi бiрi Шам өзенiнiң бойындагы «Шамбалық». Қала Ертіс бойында болған. Шамбалық ұйғыр билігі тұсында Моңғол үстіртіндегі көшпелі тайпаларды мұсылман елдерімен жалғап тұрған үлкен жолдың торабында болды. Қала Шыңғыс хан шапқыншылығы кезiнде жермен жексен етiлдi. Шамбалықтан соншама алыс емес жерде немесе Алакөл бойында наймандардың және бiр қаласы - Киялық орын теуіп тұрды. 195. Бұл қала Шыңғыс ханнан кейiн салынып Жоңғар шапқыншылығы кезiнде талқандалған. 94
Ә.Марғұлан батыс Моңғолия жеріндегі «Найман сум» қаласын Найман ұлысының әкімшілік орталығы болған деп керсетедi. Бұл қала туралы кезiнде Марко Поло жане А.М.Позднеевтер жазды. 196 «Найман сум»- ның күйреген орыны да, қаланың аты да қалмады.
XIII-XIV ғасырларда Жоңғар тауының төңірегінде несториан ықпалымен салынған найманның және бiр қаласы болды. Ол «Тарса кент» деп аталады 197. Авторлардың пайымдауынша 1253 жылы Вильгельм Де Рубрук басып өткен бір мекен осы «Тарса кент» болса керек. «Катайлар бір тауда тұрады екен, деп жазды ол. Мен бұл тауды басып өттім, осы таулардың арасындағы далада христиан-несториан сенiмiндегi найман (naiman) деп аталатын үлкен халықты билеген аса қуатты, мал баққан (pastor) бiр несториан тұрған екен 198».
Моңғол тіліндегі деректерде Наху-хон шайқасы кезінде моңғолдар найманның Силяо қаласын басып алғаны туралы айтылады199.
Найман ордалары мен қала бекіністерінің (хуре хот) жай-күйі туралы моңғол ғұламасы Ванчинбалын Инжинаш жазды. Шыңғыс хан бастаған моңғол қолы наймандарды жеңіп, олардың ордасына келсе, айнала терең ор қазылған, орданың сырты биік қабырғалармен қоршалған, қамал қақпалары тарс жабылған екен200. Моңғол әскерлері басып кіріп ішінен үлкенді-кішілі құрышталған арбалар олжалады, тек бір арбаның ішінде тығылған отыз әскерді қолға түсiрдi деп жызыпты 201. В.Инжинаш көрсеткен осы мотив Кытайда жасалған 30 сериалды «Шыңғыс хан» кинофильмінде көрсетілген.
Хан ордасы жанында орда гвардиясы жасақталды. Зерттеуші Бақыт Еженхан гвардия «Чжан Цянь Цзюань» деп аталған деп жызыпты. Бірақ автор бұл атаудың мағынасын ашып көрсетпеген. Бұл найман ордасы әкімшілігіне қытайлардың қойған атауы болар. Түрк қағанаты кезiнде орданың жасауыл сарбаздары «Бөрілі» атанып, туына бөрінің басын бейнелеген202.
Бiрақ найманның орда гвардиясы түркше не деп аталғаны туралы дерек жоқ. Б.Еженханның айтуынша «кезекші» сардарлары екі түрлі топтан құралған көрiнедi. Бiрiншiсi - өз еркімен ханнын ордасына келіп, ханның өзiне тiкелей бағынатын еркін нөкерлермен ханның сенімді күтушілерiнен, екiншiсi -ханның өзіне тікелей бағынатын ру-тайпалардан тандалып алынган. Б.Еженханның айтуынша олардың ішіндегі түрлі қызмет иелері «бауыршы», «қарашы», «темегеші», «хонишы», «бичикші», «жарлықшы», «ахалақшы» деп аталған дейді203.
Бұлар алғашында түрктер қолданып кейін моңғолдың хан ордасы сол күйінде қабылдаған «бугурчийн газар» (аспаздық орыны), харуулч (күзетші), «темегеші» (түйеші), «хоньчин» (қойшы), «бичикші» (бітікші), «жарлықшы» (жарғышы), «хаалгач» (есікші) деген ежелгі түрк-моңғол-тунгус атаулары.
Найман ордасында кейiн көп елдерге үлгі болған орда әкімшілігі канцелярия жұмыс істеді. Орда әкімшілігі «Туша алын газар» деп аталды 204. Бұл сөз моңғол-тунгус тілінен алынған. Әкімшілік кешені деген мағынаны бiлдiредi. Б.Еженхан «Найманның әкімшілік атауы шал (shaal) деп аталады деп жазыпты 205. Бiрақ қытай жазбаларынан қанша іздесе де бұл атауға жауап таба алмапты. 96 Моңғол-тунгусша «tu shaal» (монг.тушаал) дегені бұйрық, жарлық, заң деген мағына береді. Бақыт Еженханның iздеп жүрген «shaal» сөзі моңғол-тунгустың «tu shaal» атауының келте кайыруы болар. Өйткені орда әкімшілігінің басты мiндетi түрлi жарлық, заң шығару, мүлiктi жинау және оны жұмсау, елші, жаушы аттандыру, елiнiң тыныштығын сақтау сияқты барлық iстерге жауапты болды. Ханның әрбір жарлығы кұжаттандырылды. Немесе бұйрығы таңба - мөр арқылы бекiтiлетiн болған. Орда канцеляриясы алтыннан кұйған төрт бұрышты формадағы таңба-мөр ұстады. Таңба-мөрде «Найман ханынын тамға мөрi» деген сөз ежелгi найман жазуымен жазылған.
Кейін Шыңғыс хан найман канцелярисi Тататунга арқылы найманның хан таңбасын жазуымен қоса қабылдады. Таңба-мөрдің формасы моңғолдың ұлыстық жүйесiнде казірге дейiн қолданылады. Моңғолдарға қолға түскен найман ордасының ic басқарушысы Тататунганың айтуынша, хан таңбасы екі түрлі мақсатта қолданылған. Бiрiншiден жақсы адамдарды таңдап, олардың іс әрекетін анықтау, екіншіден түрлі жарлықтарға мөр басып бекіту (рәсімдеу) 206.
Найман хандығында тұрақты қарулы қолы болған жоқ, тек шекара әскерін ұстады. Басқадай көшпенділер сияқты Әрбір ер адам отанын қорғауға міндетті болды. Қажеттілік туғанда әскери жиын шақыратын болған. Қадырғали Жалайыр шежіресінде «Таян хан үлкен құрылтай шақырды» - деп жазғаны бар. Жиынға ру басылары мен батырларының бiрi де калмай келетiн болған. Жиын кезінде әскери ойындар (жаттығулар) ұйымдастырылып отырған. Эниат (Инанч) Білге ханның тұсында наймандардың қарулы қолының саны 8 түменге жеткен деген дерек бар. Ал 1204 жылы Наху-хонда болған ұлы шайқаста найманның бір бөлімінің өзінен 55 мың қол атқа қонған. Найман хандығы шекара әскеріне үлкен мән берді. Бүл жайында Лев Гумилев былай дейді: «Наймандардың батыс шекарасын Алтай тауы тас бекiтiп тастаған-ды. Ал Алтайдын батысынан әрі қарай қанат жайып жатқан қалың қыпшақ пен наймандар тату-тәтті көршілік қарым-қатынас орнатқан едi. Екi халык бiр-бiрiн мазаламайтын. Ал шығыстағы қарым-қатынас бұдан әлдекайда күрделі болатын 207.
Осы жағдайға байланысты болар, Найман хандығы шығыс шекарасына жете мән берді. Онда моңғол және кереиттермен қақтығыстар болып тұратын. Оңтүстік-шығыс шекарасында Хорису-бэчи бастаған шекара әскери тобын ұстады. Кереиттің Уаң ханы 1203 жылы моңғолдардан жеңіліп, ұлы Сэнгуммен бірге қашып келе жатқан жолында Дидик-Сахалдын неке суы деген жерде тұрған Хорису-бэчи бастаған шекарашылардың қолына түсіп, Уан ханның басы алынып, ұлы Сэнгум әзер қашып құтылғаны белгiлi 208. Бұл дерек найман шекарасының ереже тәртібі қатаң, қырағы, сақ болғандығын көрсетеді.
Найман хандығы Орталық Азиялық мұсылман елдерімен Қытайға дейінгі мемлекеттердің аражібін жалғап тұрғандықтан, Найман хандығында халықаралық, еларалық дипломатиялық қарым-қатынас жолға қойылды. С.Мураяма Бәйтерек бэлчэр деген атауды найман мен онгут арасында болған құдандалық, татуластық той рәсіміне қатысты атау деп көрсеткені туралы біз бұрын жазған едік 209. Ал Таян хан моңғолдарга қарсы бiрлесе күресейік деп, онгут тайпабасы Алахуш-Дигит хуриғаТүрбіташ атты елшiсiн аттандырғаны туралы деректі біз сәл кейiнiрек келтіреміз. 1160 және 1190 жылдар аралығында Қытай патшалығына қанлы мен найманның біріккен елшісі барғаны туралы дерек бар.
Жоғарыда айтылғандарға қарағанда, наймандар XII-XIII ғғ. өзінің территориясы, айшықталған шеп-шекарасы, хан ордасы, орда гвардиясы бар орта ғасырлық қатарлы ел, төңірегіне ықпалды хандық болғаны тарихи шындық деп айтуға болады. 99 Тарихта Найман хандығын басқарған сегіз ханның аты аталады. Мұны біз ежелгi кытай, моңғол тунгус деректеріне сүйеніп тарихшы Барангасын Батсүрэннің жазғанынан анықтап отырмыз. Олар:
1. Күшілік Бұйрық хан 1100-1120 жж. шамасында Елдi басқарған;
2. Битигтай уткур Хорчин Бұйрық хан жж. шамасында билік жүргізген; 1120-1140
3. Қажыр хан 1140-1150 жж. қарсаңында билік құрған;
4. Нарқыш Таян хан 1136-1150/56-1180+5 жылдар шамасында тақта болған.
5. Эниат (Инанч) Білге Бұқа хан 1138-1160/65-1196 жж. ел билеген;
6. Таян Байбұқа хан (Торлог Таян хан) 1155/69/71 1196-1204 жж. Елді басқарған;
7. Бұйрық хан 1157/71/73-1196-1205 жж. Елге үстемдік еткен;
8. Күшілік хан 1172/85/87-1205-1217/18 жж. билік жүргізген, ол наймандарды басқарған ең соңғы хан.
Жоғарыда көрсетілген билік таблицасында кейбір хандардың Ел басқарған жылдарының қабаттасуына таңғалудың қажеті жоқ. Өйткенi ежелгі көшпенділер (түрктер) Елін Оң қол, Сол қол, Жүз арқылы басқарған. Көшпелі қауымды бір орталықтан басқару мүмкін емес еді. Найман хандары Елінің Оң колын өзі, Сол қолын ұлдары, iнiлерiне басқартып келген. Осыған байланысты кайсібір хандар қатар хатқа түсіп отырған. Елінің бірлігі мен бiртұтастығы кұрылтай жүйесі, әскери жиын және хан кеңесi арқылы қамтамасыз етiлген. Хан кеңесіне хан оның балалары мен аға-iнiлерi, жүз билеушiлерi мен батыр, бектер, бақсы-балгерлермен орда жұлдызшылары қатысып отырған. Хан кеңесiнiң шешiмдерiмен хан жарлықтары таңба-мөр басылғасын күшіне енетін болған.
Жоғарыда аты аталған найман хандарының өмір баянының көптеген қырлары әлі де көмескілеу. Тарихи жылнамаларда алғашқы үшеуінің аты ғана аталғаны болмаса, атқарған іс-әрекеттері туралы нақты мәлімет жоқ. Өзіндік жазуы, орда канцеляриясы бар, мәдениеті біршама дамыған Найман хандығының өз шежіресі болмауы мүмкін емес, тек тарихи жәдігерлер моңғол шапқыншылығы кезiнде жойылып кеттіме деп ойлаймыз.
1175 жылы жазылған «Цзин тарихының» 121-дәптерінде, Найман ханы Нарқыш патшалығы мен Қаңлы ханы Бегудің аты аталады. Таян Нарқыш Цзин патшасынан Да уан (Үлкен аймақ билеушісі) атағын алыпты. Да уаң атауы кейiн келе «Таян» болып өзгерсе керек. Қытай тілді қазақ тарихшылары Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан, Набижан Мұқаметжанұлы, Бақыт Еженхан атауды осылай анықтапты. Найман хандығын Нарқыш Таян хан билеп тұрғанда інісі Инаят білікті әскери бас қолбасшы болған. 1180 жылы Ел билігі Инаншы Білге Бұка ханға өтеді. Наймандардың дәуірлеген шағы да осы тұс. Ол өзінің біліктілігімен қажыр қайраттылығы арқасында аты тасқа басылып жазылды. Бұл материалды бiз кейiнiрек келтіреміз.
Мұнда найманның хан атасы Наркыш Таянның iнiсi әйгілі Инанч Билге хандар, ХІІ ғасырдың орта тұсында елiнiң iргесiн кеңейтіп, елінің елдігін кемелдендірген белгiлi тұлға.
Инанч Бiлге Бұқа хан найман хандығын 1196 жылға дейiн баскарды. Ол қайтыс болғанда артында екі ұлы қалды. Бiрi Байбұқа, екіншісі Бұйрық. Ванчинбалын Инжинаштын жазуы бойынша Байбұқа бәйбішеден туған, қажыр-қайратты, ақылды шешен болғандықтан әкесi кайтыс болар алдында Байбұқаға өз тағын ұсынған. Кейін Кидан билеушісі оған Да уаң лауазымын бергендіктен Таян хан атанады. Таян хан таққа отырғасын ағасы Бұйрықты найманның Батыс бөлігінің уаңы (аймақ билеушісі) етіп тағайындайды. Әкесі өлгесін ағайындылар арасында алауыздық туындап, Бұйрық қара шаңырақтан бөлініп қарамағындағы жұртын алып Алтайдың Қызылтас деген жеріне ауа қоныстанып (К.Д>Оссон) өзiн хан деп жариялайды. Наймандардың билiгi, саяси-әскери күш-қуаты осылайша екіге жарылады. Бірақ елінің бас билігі әке орынын басқан Таян ханның үлесінде қалады 211.
«Найман хандығы» атты еңбек жазған Сәбетқазы Ақатай «Наймандардың қос үкіметтік жүйесі мемлекеттің әр қанаты бірінің ісін бірі бақылауынан дамыған кұбылыс» деген пікір айтыпты. Бұл пікірмен келісуге болмайды. 1) Көшпенділер мемлекеттілігі тарихында Елiн үшке бөліп (жүз немесе қанат) басқару жүйесі болғаны болмаса, екiге бөлу тарихта болмаған. Екiге бөлiну мемлекеттi бөлiнiп-жарылуға әкелетін жүйе. Ал наймандардың екіге жарылуы ағайынаралық алауыздықтан туған өкінішті құбылыс. Бұл туралы біз жоғарыда айтып өттік. Таян ханның билігіндегі бөлігі ұйғырдың бұрынғы Ордабалық (моңғолша Харбалгас) айналасындағы далаға ие болып қалады да, Бұйрықтың біліміндегі жұрт Алтайдың Қара Ертіс, Урунгу өзені, Енисейге қарай жылжи қоныстанады. Таян хан отырған Бас орда Хангай тауларының бөктерінде, Бұйрықтың ордасы Алтайда болды. Бiрақ амал нешік, ағайынды екi хан Найман елiн алда қандай қауіп-қатер күтіп тұрғанына кезiнде жете мән бере алмады. Наймандардың азып тозу дәуірі тура осы кезден басталады және ол кезең шығысында бас көтеріп келе жаткан моңғол шапқыншылығына тап болады.
Түсіндірмелер:
187. Моңғолын нууц товчоо 189 бап;Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.1, 2, c.149. 190. F
188. Козин С.А. Сокровенное сказание; Юань Чао Би Ши. Монгольскийобыденны cmene. изборник. Т.1. - М-Л., 1941, с.142. 191. E
189. Скрынникова Т.Д. Сокральность правителя. М-Л., 1941, впредставле Н.Коз Монголов XIII в. I НАА, 1989, №1
190. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государство и народы евразийских степей. СПБ., 2000, с. 182.
191. Д.Коссон . От Чингисхана до Тамерлана (перевод и предисловие проф. Н.Козина). 2-е изд. - Алматы. - 1996, с.220
192. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.1, кн. Первая. - М-Л., 1952, c.137.
193. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - Алматы: «Қазақстан,». -1997, 56-б.
194. Марғұлан Ә. «Тамғалы тас жазуы» // «Жулдыз», 1984, № 1; Марко Поло Путешествие. -Л.,-1940, с.29.
195. Бартольд В.В. Сочинение. Т.1, с.272; Ә. Марғұлан. «Тамғалы тас жазуы», Жұлдыз». -1984, №1.
196. Марко Поло. Путешествие.-Л., 1940, с.24; Позднеев А.М. Монголия и монголы Результаты поездки в Монголию, исполнений вв. - 1892 гг. Т. 1. СпБ, 1986, сс.11, 30
197. Ә.Маргұлан. Тамғалы тас жазуы. « Жулдыз». - 1984, №1. 198. страны. - Алматы. -1993, cc.100-101. 199. Ванчинбалын Инжинаш. Хөх судар. Т.1. -УБ., 2009, 190-б. 200. Бул да сонда. 207-б. 201. Бул да сонда. 248-б
202. Жаңа таңнама. 215 бума (1) 140-баян, түрк (1).
203. Бақыт Еженхан. Найман хандығының мемлекеттiк құрылымы. « Қазақ ордасы». -2003, № 3, 10-11-66.
204. Моңғолын нууц товчоо. 196-бап.
205. Бақыт Еженхан. Найман хандығының мемлекеттік құрылымы « Қазақ ордасы». - 2003. № 3. 13-бап
206. Монголын нууц товчоо. 196-бап
207. Лев Гумилев. Қиял патшалыгын iздеу «Пірадар Ионнын мемлекеті туралы аныз». - Алматы. - 1992, с. 149
208. Моңғолын нууц товчоо. 188-бап.
209. Қинаятұлы 3. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрк тайпалары: IX ХII ғасыр. - Астана: «Елорда». – 2001, 66-6
210. Бараанхас Барангасын Батсүрэн. Моңғолын эртний улсуудын нутаг дэвсгэр. -УБ., 2003, 74-б
211. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.1, кн. Первая. - М-Л., 1952, с. 139.
Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ. «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті (XII-XIX)» кітабы. 91-103 бет.