E.Bolatkhan. Израиль-Иран соғысы, кім жеңеді?
Исраиль-Иран жаңжалы жаңа деңгейге көтерілді. 13-маусым күні Исрайльдың Иранға қарсы әскери шабылуылының ресми басталуымен жарты ғасырға жуық уақытқа жалғасқан теке-тірес жаңа кезеңге аяқ басты.
Соңғы жаңалықтарға негізделгенде АҚШ-та соғысқа арқаласқан. Сонымен мәселенің тетігі: бұл соғыста кім жеңеді? – дегенге тіреледі. Біз бұған бірден кесімді жауап бере аламыз. Бұл соғыста Исраиль мемлекеті көп қиындықтар көргенімен түбінде жеңеді. Оған себеп АҚШ-тың оған болсуы емес.
Исраиль мемлекетінің жеңетін басты себебі, ол – Ұлттық мемлекет. Мемлекет тас-түйін бір адам сияқты жұмыс істейді. Соңғы бір адам қалғанша табанды тұрып күреседі. Оларда айнымас бірлік бар. Ал Иран ескі империялық мемлекетке жатады. Империялар көп ұлттан, көп түрі қайшылықтардан тұрады. Онда ауыз біршілік те, мүдде ортақтық та жетіспейді. Империяны ұстап тұрған түрі топтар өз ара бәсеке кезінде бірін-бірі сатады, бір-біріне ор қазады. Түбінде мемлекет құрлымы дұрыс жұмыс істей алмайды.
Одан қалды империяны ұстап тұру үшін сөзсіз сыртқа соғыс ашуың, өзге елдерді жаулауың, тынымсыз ірге кеңейтуың шарт. Иран исалм республикасының құрылған күннен бастап Исраильдың атын атап, түсін түстеп өзіне жау, деп таңдауының сыры да осында жатыр. Әйтпесе импермияның ішкі қайшылығын басып ұстап тұруға болмайды. Бұл империялық ауру! Бүгінгі Ресей де, Қытай да, тіпті Тарамп билікке келгелі АҚШ-та осы аурумен ауыра бастады. Осы елдер түбінде ыдырап тынады. Одан өзге барар жері жоқ.
Мұнан шығатын қортынды, қазақтарға ескерту: «Алтын Орданың мұрагеріміз! Біз де... » деп көтере алмайтын шоқпарды белге байлаудан сақтану керек. Есерсоқ, ашкөз, көрсоқыр саясаттан аулақ болған дұрыс. Қазақ ұлттық мемекетін нығайтып, «ешкімменен ұрыспай...» (Қазтуған жырау «Еділ бол да, Жайық бол...»), қажетсіз идеологиялармен ауырмай, дұрыс жолды таңдауы тиіс.