Жазушыны сотқа беру немесе Мо Ианның Нобел сыйлығын алуына кім ықпал етті
(Суретте жапон жазушысы Кэндзабуро́ О́э және Мо Иан)
Қытай мемлекетінің заңына жаңадан енген бап бойынша «тарихи тұлғаларды қаралауға болмайды. Оларды қаралау заңмен қудаланады». Бұл бап негізі бүгінгі таңда қоғамда төңкеріс дәуіріндегі коммунистердің даңықты тұлғасын, олардың халық санасына сіңген бейнесіне күмән-күдік келтіру асқынған тұста, соған қарсы атқарылған шараға жатады. Жазушы Мо Иан міне осы заңның қарауылына ілініп отыр. Қытайдың бір азаматы шығармаларында «коммунистердің жағымсыз бейнесін жасаған, орнына қытайды жаулаған кезіңдегі жапон армиясын жақсы жағынан көрсеткен, т.б....» деп, жоғарыдағы заңның талабына сай жазушыны сотқа берген. Қазір осы дау қытай қоғамында үлкен талас туып жатыр.
Осы дауға байланысты ашық ақпаратқа өте көп дүниелер шығып жатыр. Оның ішінде Мо Ианның 2012 жылы Нобел сыйлығын алуына қатысты бұрын тек дақпырыт деңгейінде айтылатын бірқатар шындықтың беті ашылуда. Енді соған тоқталайық.
Әлемдік әдебиет айдынында ерекше орыны бар Нобел сыйлығын беруде өзіндік құпия, тіпті тылсым тұстар көп. Соның бірі жорамал кандидатты сыйлыққа ұсынушының ролы. Бұл өте маңызды түйінге жатады. Осы арада Мо Ианды сыйлыққа кім ұсынды? - деген заңды сұрақ туады. Бүгінгі дерек бойынша жазушыны Нобел сыйлығына 5 рет жапон жазушысы Кэндзабуро́ О́э ұсынған.
Кэндзабуро́ О́эның 1994 жылы Нобел сыйлығын алғанын білеміз. Сол жылы сыйлықты аларда Стокгольмда жасаған баяндамасында жапон жазушысы 39 жастағы Мо Ианды жақсы атайды. 2011 жылы жапон тілінде жарық көрген Мо Ианның «Балақай» романының тысында Кэндзабуро́ О́эның: «Азияда Нобел сыйлығына ең жақын тұрған жазушы» деген сөзі басылған екен. Арада 17 ай өткенде Мо Иан Нобел сыйлығының иесі атанды.
Тағы бір дерек бойынша Мо Ианның шығармалары жариялана салысымен бірден жапон тіліне аударылып кітап болып шығады. Жазушының алғашқы шығармасы 1988 жылы жапон тіліне аударылған.
Дайындаған Базарбай Ерәлі