Шәкір Ыбыраев. Эпикалық кеңестіктің көркемдік сипаты
Қаһармандық эпостағы кеңістік ұғымдары оқиғалы.
Оқиғадан, нақтылы ситуациядан тыс жер-су, мекен
көрінісі өте сирек. Ал оқиғаның болу себебі де, ауысу
тәртібі де ең алдымен бас қаһарманның жүріс-тұрысына
байланысты. Кеңістіктің бұл бағыттағы қызметі уақыт
өлшемдерімен карайлас. Оқиға тығыздалып, уақыт түй-
дектелетін жерде кеңістік көріністері де бірінен кейін
бірі зымырап өтіп жатады. Әсіресе, ұзақ жол жүру мезгілі
жағынан қысқарғанда кеңістік те түйдек-түйдегімен
ауысып отырады.
Оқиға сығымдалмай, өту мерзімі реалды уақытқа
қарай жақындаған сайын кеңістік көрінісі де дөңгеленбей,
жайбарақат қалыпқа түседі. Көлдің, таудың жердің атын
термелеп кету емес, оның ұсақ-түйек детальдарына да
назар аударыла бастайды. Алайда жазба әдебиетіндегідей,
болмаса лирикалық өлеңдердегідей айнала көріністі,
табиғатты тамашалап тұру батырлар жырында жоқ.
Табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен бірлікте ғана
көрінеді. Тау - асқанда, аң - аулап жүргенде, өзен -
өткенде, дала - жүргенде, ағаш - басына шыққанда, не
ат байлағанда айтылады. Кеңістікті ситуативті дейтініміз
осыдан.
Кеңістік бас қаһарман үшін кең де, ауыспалы, ал
қосымша кейіпкерлердің кеңістіқтегі жүріп-тұрысы олардың
әрқайсысының атқарйтын қызметіне, батырдың
үйінде, не жолында кездесуіне қарай шектеулі. Батырдың
ата-анасы, сүйген жары үйден, қала берді елден ұзап
шыға қоймайды. Жолда кездескен кейіпкерлер көбіне
сол кездескен жерде, не болмаса қайтар жолда өз
мекенінде қалады.
Әрине, бұл жерде біз жалпы жиі кездесетін типтік
жағдайды айтып отырмыз. Жау еліне кеткен батырды
іздеп шыққан туыс /әке, іні, қарындас/, батырмен бірге
жүрген жолдас /мәселен, “Қобыланды” жырындағы
Қараман/ та түрлі кеңістікте орын ауыстырып отырады.
Бас қаһарманның жолына табиғи орта ешқашан
кедергі бола алмайды. Ол асау өзендерден, биік таулардан,
шөл даладан өте алмай, тоқтап қалу дегенді білмейді.
Ең ауыр өткел болатын жер - дұшпанның биік корғаны,
мықты бекінісі.
Табиғи ортаның кейіпкер үшін кедергі болмауы
ертегіге тиесілі ерекшелік. Кейіпкер қанша алысқа кетсе
де оған бөгет жоқ. Оны бөгейтін тек әдейі жасалған қастандық, т.б. Батырлар жырында да осыған ұқсастық
бар. Бірақ мұнда ертегідегідей “айттым - істелді”,
“шықтым - жеттім” жоқ. Алдағы жүретін жолға, баратын
жерге алдымеи үлкен психологиялық даярлық бар. Батыр
ат таңдайды, оны ұзақ жолға даярлайды, туған-туыстары
жылап-еңіреп қоштасады, жол жүретін күні батыр
кемпір-шалдың қасына қонады /"Қобыланды", “Кара-
бек”/ . Жол мен жау еліндегі қиындықты эпос алдымен
осылай сездіреді. Оның үстіне жолда қанша уақыттың
өткені, қалай өткені, яғни кеңістіктің ауысып отырғаны
баяндалады.
Мұның бәрі де батырдың жүріс-түрысына әлеуметтік
салмақ береді. Ол ел тағдыры үшін маңызды мақсатпен
жүрген түлға боп сипатталады.
Қаһармандық эпостағы кеңістік үғымдарының өз
ішінен арна құрап, сараланып кететін белгілерінің бірі
байырғы мифтік санамен сабақтас бітімі. Рас, классикалық
эпостың табиғаты мен көркемдік өрнегіне лайық өзгерген
мифтік түсінік бір қарағанда көзге түсе қоймайды. Алайда
эпостың төлтума қасиетін бір ғана тарихи деректермен
ұштастырар болсақ, оның ежелгі мифтік дәстүрге де
қарыздар екенін жоққа шығарамыз.
Батырлық жырдағы мифтік ойлаудың, осындай бір
сілемдері кеңістікті ө з і м д і к і /свой/ мен ө з г е -
н і к і /чужой/ деп бөлу және оларды бір-біріне қарсы
қою. Мифте а д а м з а т т ы қ /человеческое/ және
а д а м з а т т ы қ е м е с /нечеловеческое/ /дию,
албасты} марту, жезтырнақ, шойынқұлақ, жалғыз көзді
Дәу, т.б./ болып бөліну ретінде көрінсе, классикалық
эпоста б і з д і к і /ноғайлардікі, қыпшақтардікі, қазақтікі,
т.б./ және ж а у д і к і /қалмақтікі, қызылбастікі,
ындыстікі/ деген ұғымдарға лайық жіктеледі.
Бұл орайда көне эпос мифке бір табан жақын түр.
Мұндағы жау елі әлі мифтік кейіпкерлер - жеті басты
айдаһар, жалғыз көзді жалмауыз кемпір, жыландар
патшалығы сияқты түсініктерден біржола бөлініп кетпе-
ген. Рас, қаһарманға қарсы соғысатын мифтік кейіп-
керлерді жұмсаушылар басқа елдің патшасы.
“Қүламерген, Жоямерген” жырында батырдың әйе-
ліне ғашық болған патшаның мекені “мүхиттың жа-
ғасында тұрған Бүлғар шаһары”. Ол өзі Құламергенді жене алмағандықтан жеті басты жалмауыз кемпірді
жүмсайды. Оның мекені - жер асты / “Қүламерген,
Жоямерген - Б.332./.
“Құбығұл” эпосында жеті басты айдаһардың мекені
батыр мен ол ғашық болған Ақбілек қыздың елінің
ортасындағы биік тау басында /Құбығұл - Н. 399./.
Дотан батырға кездесетін Желаяқ, Тыңдаушы,
Көлтаусар, Көзбайлаушы сияқты кейіпкерлер де батыр
бара жаткан Шынтемірхан елінің екі арасында жүреді.
Шынтемірханның мекені - “Мүхит теңіз жағасы” /Дотан
- М.162./.
Демек, көне эпоста адамзаттық және адамзаттық
емес дүние аралас. Таза мифтік санаға сәйкес екіге
бөліп жырлау үшінші бір түсінікпен толықтырылу үстінде
екенін байкау қиын емес. Адамдар тұратын жау елі
мифтік кейіпкерлердің орынын иемденіп, екеуінің қызметі
жақындаса бастаған. Тегінде мифтік кейіпкерлерді тарихи
жаумен ауыстырудың ортасында көне эпос аралық қызмет
атқарған. Мифтік әлем біртіндеп адамдар мекеніне,
кеңістік туралы үғымдар реалды түсінікке қарай бет
бүрған. Дегенімен, мифтік сананың сілемдері көне эпоста
айқын. Жау елінің мекені теңіздегі арал, мүхиттың
жағасы, биік таулар ғана емес, жеті қабат жер асты,
сиректеу болса да аспан әлемі болып келеді. Мифтік
санаға сәйкес мекен көлденен ж а з ы қ қ а
/горизонтальная плоскость/ да, т і г і н е н /вертикально/
де орналасқан. Мифтік кейіпкер Тыңдаушы көбіне жер
астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды /Дотан -
М. 156./. Жоямерген жер астындағы жылан патшасынын
қызына үйленеді /Құламерген, Жоямерген - Б.353./.
Аспанда пері, дию сиякты кейіпкерлер үшып
жүргенімен эпос каһарманы олармен көбіне жер үстінде
үшырасады. Аспан алеміне қатысты ұғымдар көне жыр-
ларда алып бәйтерек /Дотан - М.147./, басын жеті
басты айдаһар мекендейтін биік тау /Қүбығүл - Н.396./
түріндегі символдык мәні бар түсініктермен ғана шек-
теледі. Асылында батырлардың кеңістікте тігінен жүріп-
тұруы жер астына көбірек қатысты, жоғары шығу аттын
ұшуы түрінде ғана сақталған.
Көк бұлттың астында
Ақ бұлттың үстінде,
Құбылып ойнап келеді.
Қобыланды - М.37.
Оның өзінде де қаһарман жоғарыда тұрақтамайды,
көлденең тұрған мекенге барып түседі. Қосай айналадағы
оқиғаны “қырық құлаш саты жасап”, соған шығып көреді.
/Көкше - Р. 53./.
Мифтегі кеңістіктің ж о ғ а р ы / т ө м е н
қүрылған тәртібі қаһармандық эпосқа тән емес. Алайда
кеңістік ұғымдарын жинақтап көрсетуде бұл түсінік
эпикалық формула ретінде сақталған. Қаһарманныд жол
жүруі міндетті түрде тел оппозициялы ұғым арқылы
бейнеленеді, биік пен ойпаң, тау мен өзен / кейде көл,
жазық дала/, шөл мен көл кезек алмасып отырады.
Осы орайда ө з і м д і к і мен ө з г е н і -
к і н қатар шендестіру мекендік түсініктермен қоян-
қолтық өрелеседі. * Бір ғажабы біздің қолымыздағы қазақ
эпосының деректері мынадай бір көріністі тұрақты түрде
қайталайды. Сапарға шығып, ұзақ жол жүрген батырдың
жау еліне жеткенде таудан асуы, не тауға шығуы шарт.
Бекіп жаткан жан еді
Көлденең жатқан хау еді.
Қобыланды - М.44.
Бөтентау деген тау екен
Аржағы ындыс жау екен.
Жүбаныш - М.201.
Биік шыңға кеп батырлар
Төменгі жаққа көз салды,
Сонда жерді көреді.
Асанқайғы, Тоған, Абат - М.66.
Басына таудың көз салса,
Жүрген қаптап қалың жау.
Кёкше - М.105.
Шетіне елдің Ер Қосай
Барып сонда қалады
Айналасы тау екен.
Қосак - М.117.
Жыландының биік тау,
Аржағы көп қалмақ жау.
Шора - М.368.
Ар жағында қара тау,
Қызылбастың көп еді.
Нұрадын - М.106.
Қашық жерде жаулар бар,
Биік-биік таулар бар.
Өгіз тау деген тауларда
Өгіз хан деген хандар бар.
Орақ, Мамай - М.146.
Тобылғылы деген тау еді,
Қашаннан мықты жау еді.
Жұбаныш - М.207.
Биік екен таулары,
Мықты екен жаулары.
Сүйініш М. -229.
Іздегенің хан /кызцлбас/ болса
Анау таудың үстінде.
Тана - М.300.
Мысалдар Мүрын жырау топтамасынан алынып
отыр / тағы да караңыз: Көкше - М.103; Қарасай, Қази
- М.165; Тама - М.279; Та на - М.299; Шора - М.345;
Қосай - М. 125; Телағыс - М.179; Қарғабойлы,Қазтуған-
М.85; Ахмет - М.203; Алау - М.211; Сүлтанкерім -
М.245; Жүбаныш - М.208; Әмет - М.224 т .б ./. Бәлкім,
соған қарағанда бүл бір жыраудың колтаңбасына лайык
өзгешелік болып жүрмесін? Жоқ, өзге жырларда да бүл
сақталады:
Төбеге шыға келеді,
х х х
Бет алдына қараса,
Будақ-будак шаң көрді.
Сол уақыттар болғанда
Белес-белес бел көрді,
Бел астында ел көрді
Қобыланды - М.М.60.
Жетінші күдер асқанда
х х х
Қырық күн бұрын кеткен әскердің
Сонынан қуып жетеді.
Қарасай, Қази - Д.135.
Қарабек тауға шыққанда,
х х х
Қаптап шыққан бұлттай,
Қалың кара көреді.
Қарабек - Б.191.
Намаздыгер болған кезде батырды,
Құба таудың нақ басына жсткізді.
Көрүғлы - Е.153.
Бад-Бақыт тауының арғы беті Күнхар,
елінің Күржістан деген шаһары еді. 4
Көрүғлы - С.171.
Соғыс қылған Сапабектің жері екен,
Күйгін деген бір күн келді тауына.
Көрүғлы - Т.262.
/Тағы да қараңыз:Көкше - Р.57; Көрүғлы - Қ.314;
316; 335; 337; 339; 341; Қарасай, Қази - Қ.148; Дотан-
М.207; Көрүғлы - Ө.392; Шора - П.286; Сайын - Б.44;
Қарабек - М.89; 107; Төрехан - Н.318; Қобыланды -
М.М.108. т.б./.
Тау ортадағы шекара ғана емес, жаудың мекен-
түрағы да. Ол жаудың жүретін жері, болмаса қала,
қамал салатын орны.
Қаһармандық эпостағы тауға қатысты осындай
қалыптасқан жағдайдың шығу тарихын, көркемдік жолын
бажайлауымызға болады.
Көне эпоста тау мен жау бір-біріне теңескен.
Бір тау келед қимылдап,
Таң тамаша қалады,
Рұқсат алып Мергеннен
Тауға кетіп барады.
Аспанменен күрескен,
Бұлтпенен тірескен,
Жүріп келед үлкен тау,
Тау дегені бір батыр.
Құламерген, Жоямерген - Б.ЗЗЗ.
Шетіндегі екі тау қимылдап тұр,
Қорыққаннан қасына таянбайды.
х х х
Ол тауларға Ер Дотан сәлем берді,
Сәлем беріп жөн-жосық сұрап көрді.
Дотан - М.161.
Сөйтсе бұлар диюлар болып шығады. Ал енді
“Қүбығүл” жырында жеті басты айдаһардың мекені -
тау басы.
Түсімде биік тау көрдім,
Тау басында қар көрдім,
Құйрығын тауға сабаған,
Айдаһар көрдім, зәр көрдім.
ҚүбыҒүл - Н.396.
Осы жырдағы жайын былай сүреттеледі:
Қайғылы менің заманым,
Таудай жайын мен көрдім
Құйрығын көлге сабаған.
Қүбығүл - Н.462.
Ер Кеңестің анасы айдаһардың басына жерік болады.
Сұлтанәлі батыр айдаһарды таудан үстайды /Кеңес -
М.140./. Тауды мекендеген мифтік құбыжыктар бертін
келе біртіндеп жау бейнесіне ауысады:
Тілеуі Ер Дотанның дұрыс болып,
Тау балуан Барақты алып ұрған.
Дотан - М.190.
Зор екен адамзаттан мұндар қалмақ,
Көрінді көлеңкесі қара таудай.
Қарабек - М.94.
Демек, қаһармандық эпоста мифтік кейіпкерлерді,
адамзаттық емес ұғымды тарихи жаумен ауыстыру орын
алғаны рас болса, көне эпос деректері осының синкретті
аралық үлгісін алдымызға жайып салады. Алайда клас-
сикалық батырлық жырларда тау мен жаудың қатар
жүру себебі тек қана мифтік санаға байланып қалған-
дықтан емес. Мұнда әлеуметтік те себептер бар.
“Бұл айтқан елдердің /сақ, үйсін, қаңлы, оғыз,
кыпшак - Ш.Ы./ ол кездегі қонысы қазіргі Алтай,
Алатау, Жетісу, Арқаның жоны, Сырдың өн бойы болатын.
Қытай тарихын пайдаланған академик Риттер мен
Клапроттың айтуынша бұрын сахарада қоныстанған рулар
үйсін мен қаңлы да малдарын қыста Сырдария, Шу,
Талас өзендерінің бойында қыстатып, жаз шыға шөлейтке,
салқын жаққа қарай көшіп, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінін
арасын жайлап, Орал тауы, Обь өзенінің сағасына дейін
баратын. ХҮІІІ ғасыр басына дейін қазақ халкында, осы
шаруашылык салтты берік ұстап, қыс Сырдың бойын
мекендеп, малын Шу өзені бойында, Алатауда қыстатып,
жаз Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерін бойлай, Шөлейтте
Арқаны жайлайтын” , - деп жазды Ә.Марғұлан .
Қазақ эпосының дені ортағасырлық оқиғалар мен
жер-су, мекендік атауларды молырақ сактаған. Байырғы
көшпелі тайпалардың тіршілігі мен түсінігіне лайықты кеңістік ұғымдарды қыпшақ, оғыз, ноғайлы замандарында
жаңа сүзгіден өткізіліп, тарихи шындыққа қайшы кел-
мегендері ауыз эдебиетінде мықтап орнықса, осы дәуірдің
өз бейнесі батырлық жырлардың негізгі арқауы болып
қалыптасты.
Бұл орайда көшпелі елдің жағрафиялык ортасы
мен шаруашылык тыныс-тіршілігі де эпостық жырларға
дәстүр болып қалды. Осындай орасан зор көшпелілер
территориясы қазақ эпосының құлашты еркін жазуына,
жойқын далаға жойласыз көсілуіне толык мүмкіндік
берді. Ұлы дала бейнесінің халық дәстүріндегі көзге
елестетіп, көңілге үялатар ұрымтал тұсы да шын мәнінде
осы эпостық жырлар болып шығады. Бұл жерде эпостың
кеңістік концепциясы тарихи шындықтан алшақ кетпеген.
Қазақ эпосында ойдан шығарылған жойласыз кеңістік,
тарихи негізі жоқ орта /мәселен, ұалмаұ эпосындағы
Бумба елі сияқты/ жырланбайды.
Осы орайда ортағасырлық көшпелілердің батыстағы
шекарасына қатысты Ә.Марғұланның мына пікіріне де
жүгінсек: “Алтын Орда хандары Еділ бойындағы сәулетті
қалаларын тастап, жаз күні Дон /Тана суы/, Днепр
/Оза суы/, Солтүстік Кавказдағы Кубан, не Еділ
бойларын барып жайлайтын” 1.
Міне, бұл - тарихи шындық. Ал эпос оқиғаларының
осындай кеңістікке жайылып жатуының тарихи негізі
бар. Әрі ол бірер нақтылы оқиғаға, бірер кейіпкердің
тағдырына байланған кеңістік атаулары емес, эпикалық
дәуірге айналған, көшпелі елдің жалпы тіршілік ортасына,
табиғат бедеріне астар /фон / болып алынған ата жүрт,
туған жер туралы ұғымдармен сабақтас.
Көшпелілер тіршілігінің негізгі түп қазығы кең
дала, жазық жер. Олардың ежелгі көшіп-қонған жер-
лерінің шығысы Алтай, оңтүстігі Тәңірі /Тянь-Шань/,
солтүстігі Орал, батысы Қап /Кавказ/ тауларымен
шектесуі эпос үшін кездейсок емес. Одан әрі жау бар
деген -үғым қальіптасқандай сыңайы бар. Ал ортадағы
ірілі-ұсақты таулардың мәні осы шекара тауларға теңес-
тірілген.
Эпостағы кең далаға іс жүзінде қарсы тұрған
кеқістік ұғымы тау болып шығады. Тау көшпелілер
эпосында аса қауіпті жер. Эпостағы тау міндетті түрде
ситуациялы, ол жерде батырдың қиындық пен кедергіге
ұшырауы қалыптасқан типтік жағдай.
Мифтегі кеңістіктің а д а м з а т т ы қ және
а д а м з а т т ы к е м е с болып бөлінуі эпоста
ө з і м д і к і және ж а у д і к і деген жіктелуге
әкелсе, осы ұымдардың заттанған түрі д а л а және
т а у болып шығады. Мәселе мұнымен де бітпейді.
Дала мен тау шендесе келе екі түрлі мәдениетті -
көшпелі және отырықшы шаруашылыұты қарсы қою
тәсіліне айналады. Тау деп отырғанымыз іс жүзінде
айналасы биік ұорғанмен қоршалған ұала болып шығады:
Қаласы келсе тау екен,
Мыұты ұалмаұ жау екен.
Қүттықия -М.67*
Шабуылдап Ахметбекпен екеуі
Тау ішімен қала сыртын айналып.
Көрүғлы - Р.105.
Қаладан шығып жөнеді,
Шығатұғын жолы жоқ
Манағы шыңға келеді.
Асанқайғы, Тоған, Абат - М.72.
Айналасы тау екен,
X X X
Барып калды қалаға.
Қосай - М. 117.
Сонда қалмақ ыгысты
X X X
Қалаға қашып барады,
X X X
Қалмақтың түсті соңына,
Сол жағы оның тау екен.
Тегіс, Көгіс - М.270.
/Тағы да қараңыз: Нүрадын - М.106; Қяраса^’
Қази - М.164. т.б./
Жаудың жеті қабат биік қорғанмен қоршалған
қаласы мен таудың мән-маңызы эпоста барабар. Тау-
лардан оңай асқан тұлпар бекінген қалаға келгенде
қиналады. Қаланың ішіне ұшып кіруге мәжбүр болады.
Қаһармандық эпоста жау елінің сипаты тұтастай
алғанда ортағасырлық отырықшы мемлекет. Гәп мұнда
тарихи жау қатарында аталатын қалмак, қызылбас,
сияқты этникалык ұғымда да емес, жау туралы түсінік
жалпы эпикалық жинактаушылык мәнге ие болған.
Эпикалык жаудың діні, тілі, салты ғана бөлектенбейді»
оның күн көру кәсібі мен шаруашылығы да баска.
Шарап ішіп, нан жесең
Қала ішінде есерсің.
Қобыланды - М.М.68.
Үй басынан он сомнан,
Жатып жеген бейбақтар.
Қобыланды - М.М.66.
Жинаулы тұрған бағында,
Бір мың кісі.күлы бар.
Нүрадын - М.113.
Қазулы терең жатқан орымыз бар,
Көлденен биік қорған жарымыз бар,
Бекіткен көк болатпен шегіміз бар,
Сүрасаң сексен қақпа каламыз бар.
Қарулы қалың әскер панамыз бар.
Аңшыбай - М.43.
Эпостан басты орын алатын қалмактардың қазақ
жерін жаулап алу барысында бекіністер салғаны рас.
Алайда олар дәл эпостық жырлардағыдай отырықшы ел
болмаған. Эпос беріден қосылған қалмақтарды ғана емес,
ғасырлар бойы көшпелілермен текетіресіп келе жатқан
жойқын жауды да үмытпаған. Олардың қатарында ежелгі
отырықшы мемлекеттердің де /Қытай, Иран, Үрім, Орыс,
т.б./ бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Қаһармандық эпостағы таудан кейін жиі қездесстін
жер-су көріністерінің бірі өзен /су, дария/.. Бүл да
көбінесе батыр елі мен жау елінің арасындағы табиғи
шекара болып есептеледі. /Нүрадын -М.100; Тама -
М.277; Шора - М.363; Қарасай, Қази - Қ.151; Бөген
- Н.282./. Кейде жау - қаласы бір жағы сумен, бір
жағы таумен коршаулы түрады /Қарасай; Қази - Қ.148;
Шора - М.345; Нүрадын - М.118; Қарадөң - М.200;
Бегіс - М.253./
Көне эпостарда мифтік ұғымдармен сабақтас жаудың
мекені дарияның, мүхиттың, көлдің жағалауынй орна-
ласқандығы мәлім /Дотан М.162; Қүбығүл - Н.399;
Қүламерген, Жоямерген - Б.332/. Ал енді “Күламерген,
Жоямерген” жырындағы жаудың елін мүхиттың жағас-
ындпғы Бүлғар ша.һары" деуіне Караганда бүл бір кездегі
Еділ бойьіндағы Бүлғар жүртының елесі болуы ыктимал.
Қалай десек те байырғы көшпелілердің өзге жүртпен
табиғи шекарасы болған өзендердің 'эпостағы сілемдері
^зімдікі және жаудікі деп жіктелуден анык көрінеді.
врине, көшпелілср тарихынын түрлі дәуірінде шекаранын өзгеріп отырғандығы даусыз. Дегенімен қай-қайсысында
да территориялық шектестік көбінесе өзендермен байланысты
болғанын шамалай аламыз.
Байырғы көшпелілердің батысында жатқан Дунай,
Оза /Д неп р/, Тана /Д он / өзендері бертін келе Еділ
/Волга/ суымен шектеле бастаса, солтүстік шығыстағы
Енесей өзеніне тірелген шекара тарыла келіп Обь, одан
да бері Ертіс, Есіл, Тобыл өзендеріне көшірілді. Оңтүстікте
“Саймақтың Сары өзеніне” /Хуанхэ/ дейін барып,
Қытайларды Ұлы корған салуға мәжбүр қылған көш-
пелілердің оңтүстік-шығысында Іле, оңтүстік -батысында
Әмудария өзендерімен шектелуі кейінірек болған оқиға-
ның нәтижесі.
Тегінде, қазақ эпосының қай-қайсысында да не
оңтүстіктегі, не батыстағы, болмаса шығыстағы ұлы
өзендердің бірінің ғана атын мықтап үстамай, өзен-шекара
ұғымының өзгермелі болуы осыны аңғартады. Мұндағы
маңызды мәселе - мекен ұғымының шеті қай заманда
да өзен болуы эпос дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихына
қайшы келмеген. Дегенімен, ноғайлы жырларында Еділ
мен Жайық өзендерінің жиі-жиі ауызға алынуы тарихи
шындықтың көрінісі екенін айғақтайды.
Бүл ретте өзен тек шекара ғана емес, онын
жағалауы көшлелі елдің қоныс тепкен мекені де.
Батырдың елі жазық далада, өзен жағасында көшіп-қонып
жүреді. Кейде түркілердің тарихынан орын алған қалалы
жерді де ескертіп өту кездеседі.
Бүл орайда тел оппозициялы ұғыммен байланысты
Поэтикалык үрдістің де қолтаңбасы айқын. Жау батыры:
Жерімді менің сұрасаң,
Тобылғылы тау, - деді,
Іздегенім сұрасаң,
Еділ деген су, -деді.
Жүбаныш - М.210.
Сүйініш батырдың жауға аттануын жыр:
Сүйініш кетті қалаға,
Тұрмаймын деп дала да, -
Сүйініш - М.222.
дейді. Рас, тел оппозициялы ұғым үнемі өзімдікі және
жаудікі болып жіктелмейді. Оның сыңары қосарлана келе
тұтас түсінік, бүтін бейне қалыптастырады.
Бір уақытта түн болды,
Түн артынан күн болды.
Қарадөң - М.183.
Қырлы, ойлы жерлерден,
Кідірмей қарғып асады.
Тегіс, Көгіс - М.265.
Асу бермес таулардан,
Ағып жатқан сулардан.
Аңшыбай - М.32.
Досыма шалқар көл едім,
Дүшпаныма шөл едім.
Аңшыбай - М.43.
Тел оппозициялы ұғым жол жүру барысындағы
мезгіл мен мекеннің ауысуына ғана қатысты емес. Бүл
өзі белгілі бір дәрежеде сюжетгік құрылымға да тиесілі
жағдай. Оқиғаның жалпы ұзын-ырғасы батырдың өз
мекені мен ол соғысатын жау мекеніне кезек ауысып
отырады. Осы орайда сюжеттің ең қарапайым құрылысына
лайық кеңістіктің орналасу тәртібі былай болып шығады:
батырдыц мекені —> жау е л і —> батырдың мекені
Жау елінде қаза таппаған батыр міндетті түрде өз
мекеніне қайтып оралады. Батырдың әрбір қайтып келуі
сюжеттің іштей аяқталған жеке бөлігін жинақтайды.
Бірқатар эпостардың құрылымына осы өзгешелік тән.
Әсіресе, көне эпос пен тұтастанған жырлар тізбегінің
жеке сюжеттері үйден бір-ақ рет шыққан қаһарманның
бөтен елден қайтыл, біржола өз үйіне оралуымен
аяқталады.
Тегінде баяндау тәсіліне негізделген жанрлардың
/ повествовательный жанр/ бәріне. осы өзгешелік тән.
Олардың алғашқы сюжеттік діңгегіне түп қазық болып
алынған осы бір қаңка /схема/ біртіндеп кеңею үстінде
болған сияқты. Әрі мұндай кеңею екі бағытта жүргізілген
деп топшылауымызға болады.
Бірі - осы сюжеттік құрылым іштей кеңейтіліп,
каһарманның жау еліндегі сапары созылып, жорық бір
рет болса да бірегей ауқымды оқиғалармен толықтырылып
отырған. Бұған біз, әсіресе, қаһарманның ерлікпен үйлену
жорығы мен алғашқы ерлік туралы сюжеттерді
Қызуымызға болады /Дотан - М., Қүбығүл - Н., т.б./.
Ал енді түтастанған тізбекті жырлардың да көбі батырдың
бір ғана жорығымен аяқталып жатуы жыраудың тізбектеу
тэртібіне аса қолайлы. Толып жаткан жырлар үшін
батырлар бір шығып, бір келіп жатқаны жойласыз
көбейетін болса, ол сүреңсіз бірыңғайлыққа, шексіз
қайталаушылыққа үрындырар еді. Онан да қайта-
ланбайтын бірегей оқиғаны батырдың бір барып келген
сапарымен байланыстыру әлде қайда ұтымды да әсерлі.
Мүрын жырау топтамасына тұтастай алғанда осы өзге-
шелік тән.
Екіншісі - батырдың өз елі мен жау елінде болуын
бірнеше дүркін қайталау арқылы сюжет кеңейтіледі.
Мүндайда сюжеттің жалғамалы, бір-біріне кірігу /контаминация/
сипаты артады. Бүл жеке жырларда эпикалық
ауқымды кеңейтуге, өз ішінде оқиғаларды ширыктыруға
аса қолайлы тәсіл. Алпамыстың жау елінде қалған
Гүлбаршынды, Қобыландының қырық кез Қызыл ерді
өлтіріп Құртканы алып, еліне оралған сапарлары әрі
қарай қайтадан жалғасады. Байырғы батырлардың ерлік-
пен үйлену сюжеті енді ел қорғау тақырыбына ұласады.
Іс жүзінде батырдың әрбір қайтып оралуы өзінше
аяқталған сюжет. Бірақ мұнда бірнеше сюжет кірік-
кендіктен, олардын бәрі іштей тұтастанып бүтін бір
сюжет қүрайды.
Міне, кеңістікті ө з і м д і к і және ж а у
д і к і деген тәртіппен жіктеудің сюжеттік қүрылымға
да катысы бар. Бұлар тек қарама-қарсы тұрған түсініктер
емес, бірінсіз бірі болмайтын тел ұғымдар. Екеуінің
алма-кезек өрелесуінен бүтін оқиға, эпикалық түтас
сюжет кұралады.
Эпостағы кеңістік ұғымдарын бірыңғай, дәлме-дәл
тарихи шындыққа апарып жапсыра алмайтынымыз да
сондықтан. Тарихи шындық пен эпикалық кеңістіктің
ортасында шындықты игерудің эпикалық дәстүрі тұр.
Бүл дәстүрдің поэтикамен қарайластығы даусыз.
Шәкір Ыбыраев. «Эпос әлемі». Кітабынан алынды. Ғылым баспасы. 1993ж.
Шәкір Ыбыраев. Тарихи шындық және эпикалық уақыт
https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=3921