Көрінбейтін болмыстың қырлары...

 a79f148ee5dfb1081e0220e9f617df62.jpg (1206×800)

Milan Kundera (Милан Кундера), 1929ж.2023ж.) Чех жазушысы, драматург, сыншы. «Қалжың», «Басқа жерде өмір сүру», «Айрылысу үшін əзірленген қонағасы», «Болмыстағы төзіп болмайтын жеңілдіктер» қатарлы онға тарта романның авторы. Өткен ғасырдың 70 жылдарында Францияға қоныс аударған. Шығармаларындағы эстетикалық ерекше мəнерімен XX ғасырдың екінші жартысындағы əлем əдебиетінен ойып тұрып орын алған тұлға. Төменде М.Кундераның АҚШ жазушысы Ф.Ротпен арадағы сұхбатын оқырман қауымының назарына ұсынып отырмыз.


Ф.Рот:Сіз дүниенің зауалға бет алуына көп уақыт қалмады деп қарайсыз, солай ма?


М.Кундера:Мəселе көп уақыт қалмады деген сөздің нені меңзейтінінде.


Ф.Рот:Ол ертең немесе бүрсігүіні деген сөз шығар.


М.Кундера:Дүниенің зауалға бет алғаны туралы түйсік баяғыдан келе жатқан түйсік.


Ф.Рот:Ендеше, біздің одан көп алаңдаумыздың қажеті жоқ болды ғой.


М.Кундера:Дəл керісінше. Егер бір түйсік адамзаттың рухани дүниесінде ғасырлар бойы өшпей келе жатса, онда оның тегін келе жатпағаны. Оның да өзіндік себебі бар болғаны.


Ф.Рот:Қалай дегенмен, менің қарасымша, сіздің соңғы шығармаларыңыздағы оқиғаның бəрі де осы бір түйсікті төңіректей туындаған тəрізді. Тек олардың юморлік жағы басым болып келеді.


М.Кундера:Егер бала кезімде біреу маған: сен өз ұлтыңның дүниеден өшіп кететінін өз көзіңмен көресің -десе, мен əлгі адам сандырақтап тұр деп ойлар едім, ұлтымның құрып-жоғалуын тіпті ойыма да келтіре алмаған болар едім. Адам өзінің бір күн болмаса бір күн өлетінін біледі, бірақ, ұлтым мəңгілік өмір сүреді деген ойда болады. 1968 жылы орыстар біздің елге басып кіргеннен кейін, біздегі əр бір адамның басына: ұлтым Еуропаның картасынан жымжырт қана өшіп кететін болды, құрып-жоғалатын кезіміз жетті- деген ой келді. Соған дейінгі елу жылда біз сияқты 50 миллион Украиын мына дүниеден үн-түнсіз ғана өшіп кеткен, бірақ, оған таң қалған біреу болған жоқ. Мен қазір (1986 жылы) өз ұлтымның келешекте не күйде болатынын көз алдыма елестете алмаймын. Бір нəрсе анық: орыстар менің ұлтымды ыдыратып, өздерінің мəдениетін сіңіріп, жұтып қоймақшы, олардың бұл мақсаты жүзеге аса ма, жоқ па, оны ешкім де кесіп айта алмайды. Бұл біздің басымызда “зауалға” бет алудың мүмкіндігі тұр деген сөз. Мұндай мүмкіндіктің бар екенін кенет сезіну адамның дүниеге көзқарасын өзгертіп жібереді екен, мен кейде Еуропаның өзі қыл үстінде тұрғандай сезінемін.


Ф.Рот:Шығыс Еуропа мен Батыс Еурорада айырмашылық бар ғой?


М.Кундера:Мəдениет тарихынан алғанда, Шығыс Еуропа дегенің орыстарды, олардың Византияға дейін созылатын тарихи болмысын меңзейді. Босония, Польша, Болғариялар Австрия сияқты бұрын соңды Шығыс Еуропаның аумағына кірген емес. Бұл мемлекеттер əу бастан-ақ Еуропа мəдениетінің барлық іс-қимылдарына ортақ ат салысты, айталық, Еуропаның Гет үлгісіндегі өнері, əдебиет пен өнердің қайта өрлеуі, дін реформасы — осылардың бəріде бұл елдерді соқпай өткені жоқ. Дəл осы елдерде — Орталық Еуропада — осы заман мəдениеті өзінің ең ұлы қозғаушы күшіне жерік болды: психологиялық анализ, құрамшылдық назариясы, он екі түйнекті саз шығару тəсілі, Бетек музыкасы, Кафка мен Муцелдің прозасы осы өңірде дүниеге келді. Бұлар Батыстың осы заман тарихынан ойып тұрып орын алған оқиғалар, біздің оны есімізден шығаруға хақымыз жоқ.


Ф.Рот: “Прага көктемі” кезінде, сіздің романыңыз «Қалжың» мен əңгіме жинағыңыз «Күлкілі махаббаттың» таралымы 150 мыңға жетіпті. Орыстар басып кірген соң, сіз кино институтындағы жұмысыңыздан қуылып, кітаптарыңыз кітапхана сөрелерінен алынып тасталды. Жеті жылдан кейін, сіз əйеліңіз екеуіңіз бірнеше кітап пен киімдеріңізді ғана алып Францияға қоныс аудардыңыздар, мұнда сіз жұрт жақыс білетін шетел жаушыларының біріне айналдыңыз. Қоныс аударудың əсері қалай болады екен?


М.Кундера:Жазушы үшін айтқанда бірнеше елде өмір сүрудің зияны жоқ, ол сені дүниеге көп жақтың көзімен қарауға үйретеді. Таяуда мен Францияда бір кітап шығардым, онда мынадай бір географиялық кеңістік ауызға алынған:Батыстың “Прага көктеміне” көзқарасы мен Прагалықтардың Франция туралы не ойлайтыны айтылған. Екі дүние ослайша бір ортада түйіседі. Мұның өзі тарихтың салмағы иықтан басқан сəтте, адам баласының бəріне күмəнмен қарайтынын аңғартады. Енді бір тұрғыдан келгенде, Франция — сандаған ғасырлардан бері дүниенің өзегі болып келді, бүгін де ол кешегісіндей ұлы істерге жүкті бола алмағандығымен қасіреттенуде. Оның үнемі өткір ойларға жақын болатын себебі де осыдан.


Ф.Рот:Бұл сіздің түңілгендігіңізді көрсетпей ме?


М.Кундера:Мен түңілу немесе үміткерлік деген сөздерді ауызға алғанда қашанда абай боламын. Проза өзімен ғана шектеледі: ол əлде неге үңіледі, соған сай сұрақ қояды. Мен өз ұлтымның тағдырының не болатынын да, кейіпкерлерімнің қайсысынікі дұрыс, қайсысынікі қате екенін де кесіп айта алмаймын. Мен прозамен əңгіме құрастырамын, оны енді бір дүниеге айна етемін, сол арқылы өзім қойған сұраққа жауап іздеймін. Жұрттың ақымақтыққа бара беретін себебі, көп адам бір сұраққа бір ғана жауап бар деп қарайды. Проза болса барлық жағдайда да өзге тұрғыдан сұрақ қоя алады. Дон Кихот оқиға іздеуге шыққанда, мына дүние оның алдына өзгеше сыры бар дүние болып түйілген болатын. Еуропа прозасының парасаты əне сүйтіп өмірге келген. Проза оқырманына мына дүниені үздіксіз қабығын аршып тани беруге тиісті мəселе ретінде түсінуге ынталандырады, проза парасат пен бауырмалдыққа мекен болған дүние. Бəрі қолдан қойылғандай айқындалған жерде, проза болмайды. Адамдар түсініп алмай жатып, кесім жасауға үйренген, содан да олар сұрақ қойғанның орнына жауап беруге дайын тұрады. Қолдан жасалған даңғаза айғай-шудың (коммунизм, фашизм — ауд) прозаға жол бергісі келмейтінінің түп себебі де осында.

«Шетел Әдебиеті» (Foreign literatures) газеті, №17 (19), 2007 жыл 12 қыркүйек.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты