Мәңгүрт образы немесе қарусызданған ұлт
«Боранды бекет» романында естеме тақырыбын пайдалана отырып, бүгін мен келешектің байланысына тоқталады. Мұнда түйін Мәңгүрт образына шоғырланған. Адамзат үшін мәңгілік тақырып – адамдар ара қатынас, дәуірлік санадағы байланыс және дәуірлер ара қатынас, байланыс мәселесі көтеріледі. Осы тақырып шығарманың тұтас желісін ұстап тұр. Ол және осы заманғы адамның (модернистік) санасы, түсінігі бойынша ортаға шығады. Мәңгүрт оқиғасы найман тайпасынан шыққан ананың жау қолына түскен жалғыз ұлын іздеп шығып, ес-ақылынан, санасынан зорлықпен айрылған ұлының қолынан жантәсілім болған аңыздан тұрады. Найман ананың ұлы зорлықпен санасынан айрылған мәңгүрт. Санадан айрылу туралы осы образ шығарманың өзегі сияқты символдық түс алып жатыр. Шығарманың соңында Едігенің ойында туындайтын: «сен мәңгүртсің, сен тап-таза мәңгүртсің!» дейтін сөзі бар. Бұл сөздерде өткен туралы сана мен одан айрылу, оны жоғалту туралы өткір сын, айыптауға тән керемет обыраз жинақталған.
Ана тілінен айрылу мен өзіне тән дәстүрінен безу өзге халықтардың отарлық үстемдігімен байланысты нәрсе. «Мәңгүрт» сөзі өзінің ана тілі мен дәстүрін жоғалтып, соның бодауына өзгенің болмысын қабылдаған топтың жинақталған атауына тура келеді. Жазушы (Ш:Айтматов) ғарыш орталығында («Құз басындағы аңшының зары») кездескен бір миллионер туралы жазады. Оған жұрт ана тілінде (қазақ тілінде) сәлем берсе, ол орысша жауап қайырады. Осы әңгіме роман көтерген тақырыптың жалғасы, тереңдеуі сияқты сезіледі. Ұлттың өзін, өзінің болмысын тануда оның тілі ерекше рол атқарады. Егер ана тілің өз деңгейінде жұмыс істемесе, сен өзіңді қорғаудан қаласың, өзгелер сенің дәстүріңді, болмысыңды, жалпы рухани құндылықтарыңды жоюға, жоққа шығаруға жұмыс істесе, жарамсыз етіп құнсыздандырып жатса да, сен қарсы ештеңе істей алмайсың. Сен қаруын тастаған адамсың. Сен ұлт ретінде өзіңді танудан қаласың, қала берді біртұтастықтан айрыласың.
Wang Xiaoyu.
Ескерту: мәтін төмендегі мақаладан үзіп алынған.
王晓宇(Wang Xiaoyu.)|灵魂与记忆——普拉东诺夫与艾特玛托夫小说中的中亚书写
Қытай ұлттық Қоғамдық ғылымдар академиясы жанынан шығатын «Шетел әдебиетін зерттеу» журналы 2020жылы, № 4 санынан алынды.
Автордың қысқаша өмірбаяны: Wang Xiao Yu (Ван Сяоюй), Ph.D., Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясы Шетел әдебиеті институтының ғылыми қызметкерінің көмекшісі. Негізгі зерттеу салалары орыс әдебиеті мен Орта Азия әдебиеті. Жақында жарияланған мақалалары: «Жан мен жад: Орталық Азиядағы екі совет жазушысы туралы» («Шетел әдебиеті зерттеулері», 2020 ж. 5).