James Joyce: Араби (Araby)


(Әңгіме)


Терістік руичманд тұйқталған көше болатын, христан бауырлар мектебінің оқушылары үйлеріне қайтарынан басқа уақытта тып-тыныш жататын. Көшенің түп жағында адам тұрмайтын екі қабатты үй тұратын, көрші үймен аралығы бір квадрат мөлшері ашық еді. Көше бойындағы басқа үйлер өздерінің кәдуелгі иелері бар екенін сездіріп, түрлеріне ымырттың реңі кілкіп өз әра тұнерісіп тұратын.

  Біздің бұрынғы пәтершіміз бір священник еді, ол осы бөлменің артындағы зал үйде көз жұмған болатын. Ұзақ уақыт жабық тұрғандықтан болар бөлменің ішін шіріген иіс кернеп алыпты. Кухняның артындағы керексіз заттар қоятын склаттің едені қалаймақан шашылған парақтармен былығып жатыр. Мен олардың ішінен бірнеше парағы ақтарулы күйі жатқан екі-үш кітапты байқадым, жәй ғана түптеле салған, сыз тартып кеткені аңғарылады. Уелтер Скоттың «Монастыр қожасы», «Киеліқонағасыдағы адал мүрит» және «Видоктің естеліктері». Маған ұнайтыны соңғысы болып шықты, парақтары сары түсті болғаны үшін. Үйдің артында қурап қалған гүл бақша бар екен, ортасында бір түп алма ағашы өсіп тұр, жан-жағында сирек өскен қарағаштар. Қарағаштың біреуінің түбінен пәтершіміздің тат басқан желбергішін тауып алдым. Ол шынында жаны ізгі адам болатын, өсиетінде барлық ақшасын қайрымдылық қорларына атағанын жазыпты, үй жиһаздарын қарындасына қалтырыпты.

Түн ұзарған, күн қысқарған қыстың күні де келді, кешкі асты әлі іше қоймасақ та, түн шымылдығы тартылып үлгерген. Біз ойын қуып көшеге шыққан кезде айналадағы үйлердің іңір құшағында тұнжырай бастапты. Түнгі аспан күрең қызыл түспен араласып құбылып тұр, Келесі көшенің шырақтарынан шыққан әлсіз жарық жамырай көрінеді. Шықырлаған сары аязға ырық бермей, бой жылынғанша ойынмен алпарыстық. Шулаған даусымыздан көше жаңғырып жатты. Ойын қызығына берілеміз деп үйдің артындағы қараңғы, балшығы езіліп жатқан шағын көшеге түсіп кеткенімізді де байқамай қалыптық, күркелер жақта жүретін сотанақ балалар жолымызды тосып соқтыға бастағасын, Біз жапа-тармағай сол маңдағы күңгірт тартып тұрған бір үйдіңгүл бақшасының артқы есігіне тығылдық, ол арадакүл төгетін шұқырлар көп еді, солардан кісі төзбес күлімсі иіс мүңкіп тұрды. Сосын көзге түртсе көргісіз ат қора жаққа беттедік, еден толы жылқының қиы. Онда жылқышы аттың жалын тарап тұрма, әлде, ат әбзелдерін қаққыштап тұрма, әйтеу бір қалыпты сергек дыбыс шығып тұрды. Біз өз көшемізге қайтып оралған кезде әр үйдің ас үйінің терезесінен төгілген сәуле айналаны тұтасымен жарықыратып жіберіпті. Егер дәл осы уақытта нағашы жездем көшеге қарай бұрылып келе жатса, біз ол үйге кіріп кеткенше қалтарыстарда жасырына тұруымыз керек. Немесе, Мангннің әпкесінің қақпасының алдындағы тас баспалдақта тұрып алып, оны кешкі асқа шақырып көше бойына алаңдай қарайлап тұратыны бар, біз оған да тығылып қарап тұрамыз. Оның үйге кіріп кетуін күткенімізбен, ол сол қалпытұрып алса амалсыздан қалтарыстардан шығып Мангннің үйінің алдындағы баспалдаққа жиылатынбыз. Айтқандай ол бізді күтіп тұр екен, жартылай ашылған есіктен шашыраған жарық оның тұлғасын менмұндалатып тұр. Мангн оған құлақ асудан бұрын әрдәйм оны сайқымазақ қылып алатын, мен рашеткаға сүйене оған көз жүгірттім, бойын толғап қалса болғаны көйлегі желбірей жөнелді, жұп-жұмсақ бұрымы еркін тербеледі.

Әр тәңертең сайын мен алдыңғы зал үйдің еденінде жатып ап олардың есігіне телміремін. Ұдайы пердені екі елідей ашық қалтырып жауып қоямын,  осылай болғанда мені ешкім байқай алмаса керек. Ол есіктен шығып тас баспалдаққа аттасымен менің жүрек лүпілім тұйқсыз күшейетін. Іле-шала мен де жолға жүгіріп шығамын да кітабімді қолтықтап оның соңынан ылесетін едім. Көз алмастан оның қызыл қоңыр көйлек киген мүсініне сұқтанумен боламын. Жол айрыққа жақындағанда адымымды жиілетіп алып одан озып кетуге тырысамын. Әр күні осылай. Аман-сәлемнен басқалай онымен тілдесіп те көрмеппін. Бірақ, оның есімі мені ақымақ жанның әсершіл күйіне тарта беруші еді.  

Тіпті романтикалық күймен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ортада да оның бейнесі маған серік болатын. Әр жексенбі кеш сайын мен нағашы тәтеме ілесіп көшеге нәрсе-керек алысуға шығамын, қайтарда көтеруге тиіс пәкеттерім бар. Біз әлем-жәлем реңге көмкерілген көшеде маскүнемдер мен баға таласып сарсаңға түскен жасамыс әйелдердің ортасында сенделеміз, айнала у-шу, жұмыскерлер әлдекімді қарғап-сілеп жатады, тізілген доңыз етінің маңын қоралап тұрған біреулер тамағы жыртылардай озандап тұрғаны, көше бойлаған сөз сатқыштар қою танау дыбыспен Оукона Лошадтың «барлығың жиналыңдар» деген жырын ыңылдайды, немесе отаншылдық қозғалыс жәйлі мұңлы желдірмелер толғайды. Бұл дауыстар қосыла келе әлеуметтің кескін-келбетін бейнелейтін жинтық обыразға айналады, сүйтіп менің өмірге болған түсінік-паймымды бір нүктеге шақырады. Бейне мен қос қолдап киелі тағам тостағанын ұстап, үйірлі дұспанымның ортасынан аман-есен өткендеймін. Кейде, мінәжат дұғасын оқығанда немесе мадақ жырын күбірлегенде оның есімі тұйқсыздан аузымнан шығып кеткенін аңғармай қаламын, сол сәтте-ақ жүзімді жас жуатын (неге екенін өзім де білген емеспін). Кейде, бір ернеуінен аса лықсыған ыстық толқын көкірегіме тебіндей құйылатын. Өзім болашағым жәйлі көп ойланбаушы едім. Өзімнің онымен әңгімелесе алатын, алмайтынымды да білмейтінмін, сөйлескен күннің өзінде оған өзімнің мәжнүн күйімді қалай жеткізе аламын. Осындайда, менің тұла-бойым кәдімгі британ адырнасындай сезілетін де, оның күйдей әсем, күндей сұлу бейнесі менің ішектерімді қаға тартып жатқан нәзік саусақтай көрінетін..  

Бір күні, ымырт үйріле бастаған шақ. Мен әлгі свяшшинк қайтыс болған зал үйге кірдім. Тыста жаңбыр жауып, айнала қараңғылық құшағына енген, бөлме іші өліктей құлазып тұрды. Шағылған терезеден тыста жаңбырдың сіберлей жауған үні құлаққа ұрылады, суға малшынған гүлдіктің үстінде иненің ұшы іспеттес ұсақ тамшылар ойнақши секіреді. Алыстан көше шырақтікі, әлде, бір үйдің терезесінен қашқан жарық төмен жақты жылтыратып тұр. Мен өзімнің барлық нәрсенің байбына бара бермейтініме қуанулы болатынмын. Қалтырап тұрған алақанымды біріктіріп алып ішімнен: «Аһ, махаббат! Аһ, махаббат!» деп күбірлеп тұрмын, біткен ағзаларым құрысып, ұйып қалғандай, тез арада сезу түйсіктерімнің ғайып болатынын сезгендеймін.

   Ол ақыры маған тіл қатты, алғаш ауыз ашқанда- ақ менің жан дүниемнің әптер-тәптері шыққан болатын, не айтарымды білмей аңтарылып тұра беріппін. Ол меннен Арабиға бару ниетім бар жоғын сұрады, не деп жауап қайырғаным есімде жоқ. Оның айтуынша ол ара сөзсіз бай-баяшатты, сәулетті болуға тиіс. Арабиға бару оның шын аңсары екені пейілінен аңғарылып тұрды.

-Ендеше не үшін бармайсың?- деп сұрадым.

Ол білегіндегі күміс білезігін тынымсыз айналдырып тұрып өзінің онда баруына болмайтынын, осы аптада монастрда медитациялық мінәжат болатынын айтты. Бұл кезде оның інісі екі ұл баламен малақайға таласып жатқан. Мен рашетканың алдында ғана тұрған едім. Ол рашетка тақтайының біреуіне сүйене маған жақындап: «Сенің онда барып көргенің дұрыс еді» деді. Есіктің қарсысындағы көше шырағы оның әппақ мойнындағы жіңішке сызықтарға, төгіліп тұрған шашына, тақтайдың үстінде тұрған саусақтарына шағылып нұрландыра түседі. Ол адымын сәл ашып емін-еркін тұрған болатын, шырақ жарығы кимінің аржағынан да анық көрініп тұрды, іш көйлегінің жағасы да ап-анық білінген.

-Егер барып жатсам, саған сөзсіз бірдеңе ала келемін.-дедім мен.  

Сол кештен тартып санап тауысуға келмейтін қисынсыз армандар менің күндізгі қиял әлемім мен түнгі түс әлемімнен мықтап орын алды! Тілейтінім жолға шығудан бұрынғы осынау мән-мағынасыз күндердің көз ілестірмей өтуі болды. Мектептегі дәрістер де әбден мезі етті. Жатын бөлмемде өткен кештерде, немесе күндізгі дәрісханада өткен сәттерде оның бейнесі менімен ешқашан келіспейтін оқулық беттерінің ортасында сәуле шашып тұратын болды. Араби!  бұл сөздің ырғағы тыныштық ішінде бұлдырай қайталанады, Жан әлемім үнсіздік құшағына сіңіп, жан-жағым жан елітер шығыстық тынысқа көмкерілген. Нағашы тәтемнен алдағы сенбіде Арабиге жіберуін өтіндім, ол кісі бұл ойымнан қатты сескенді, массондармен қатынас орнатып жүргендей көрінсем керек. Дәрісханада сұраққа жауап беру деген мен үшін тым қиын шаруа болды. Мұғалымның жүзіндегі жылудың жоғалып орнын ызбар басқанына дейінгі үдерістерге мәңірейіп қарап отыра беретін болдым. Ол менің еріншектік жасамауымды сұрайтын, Ал, мен күні бойы ой соқты болудан танбайтынмын. Тұрмыстағы қалыпты қам-харекеттер зерігішті сезілетін, ондай қам-қарекеттерге байланысты тілектердің жүзеге асуы ұзақ уақытты қалайды, сосын да маған олар ойын сияқты болып көрінетін, жалаңәрі жеккөрінішті ойын.  

Сенбі күні тәңертең нағашы жездеме кеште қала жаққа шығатынымды айттым. Ол киім ілгіштің жанында мұрнына су жетпей шөткі іздеп жатқан болатын, аса назар аудармастан:

-Жақсы, балақай, ұқтым.-деді.   

Ол каридорда тұрғандықтан мен алдыңғы залға өте алмадым, терезе алдында жатып алып тысқа телміруге де болмады. Есіктен жылыстап шығып кеттім де жеңіл қадаммен мектеп жаққа аяңдадым. Сырттың ауасы сүйек қаритындай суық екен, ал, менің жүрегімніңішінде алақұйын асыр салып тұрған болатын.

  Кешкі асқа оралғанымда нағашы жездемнің әлі оралмағанын байқадым. Уақыт әлі ерте екен. Қабырғадағы сағатқа қарап біраз отырдым, оның тыңқылдаған үні мені әуелгіден әрмен мазасыздандыра түсті, Бөлмеден шығып баспалдақтарды санап басып үстіңгіқабатқа көтерілдім, Жоғарыға орналасқан еңселі бөлмелердегі салқын сыз ауа жаныма жайма-шуақәсер сыйлағандай, Ыңылдап ән салып бөлмелерді бірінен кейін бірін аралай бердім. Көшеге қараған терезеден өтіп бара жатып балалардың тыста асыр салып жүргенін байқап қалдым. Олардың шулаған дыбысы ызыңдап құлағыма сіңіп жатты. Мен маңдайымды мұздай әйнекке жапсыра оның сонадайдан көрініп тұрған жатын бөлмесіне телмірдім. Мөлшері бір сағат бойында сол арада тапжылмай тұрған шығармын, ештеңе көрінбеді, тек қиялыма орнап қалған оның ашыққоңыр көйлек киген тұрқы, көше шырағы мұнартып көрсеткен мойныныңәсем сызықтары, тақтай үстіндегі саусақтары, тіпті көйлегінің етегі... көз алдымда көлбіреп тұрып алды.

Жоғарыдан түскенімде дүкен қожайнының жесірі Мерсер ханым пештің қасында отыр екен. Өзі тілі сүйрелеңдеп тынбайтын кісі болса да, сондай бір қадірлі мақсатпен істетіліп қойған почта маркаларын жиып жүретін. Өзімді мәжбүрлеп болса да оның қасында шәй ішіп өсек тыңдауыма тура келді. Кешкі ас ішетін уақыттан бір сағат асып кетсе де нағашы жездем әлі келмепті. Мерсер ханым орнынан тұрып өзінің жалғасты күте алмайтынын жеткізіп, ғапу өтіне жүріп тысқа шыққан,  сағат сегізден өткен, сыртта боран гуілдеп тұр, ол ұзақ аялдауға тиіс емес-тін. Ханым кеткесін мен үйдіңішінде байыз таппай арлы-берлі жүре бастадым, жұдырығым сіресіп қалған. Нағашы тәтем бұны көріп: 

-О, құдайм-ай, қарағанда бүгін кеш бара алмайтын ұқсайсың, тағы бір күні барарсың -дейді.

Сағат тоғыз шамасында нағашы жездемнің коридордың есігін шықырлатып ашып жатқанын естіп қалдым. Іле-шала оның өзімен-өзі күбірлескені, киім ілгішті сықырлата сырт кимдерін ілгені де естіліп тұрды, бұның неден дерек беретіні маған айдан анық еді. Ас ішіп жартысына келгенде мен оған қала жаққа баруға ақша керек екенін айтып едім, ол өзінің менің бұйымтайымды құлан-таза ұмытып қалғанын сездірді. 

- Жұрттың бәрі креуетінде ұйқыға бас қойған болар.-деді.  

Мен бұған күлгем жоқ. Сөзге нағашы тәтем араласты:

-Ақша берсеңшы оған енді, сені сарылып күткенінің өзіне қанша уақыт өтті?! 

  Ол өзінің бұл істі естен шығарғанына қынжылып ғапу сұрады. Сөзіне «жұмыстан өзгенібілмегенің, ақыл-ойыңды күндегенің» деген ескі сөзді сүйіне қыстырды, сосын меннен қайда баратынымды сұрады, мен қайталай тәптештеп айтып бердім. Іле ол тағы «арабтардың прақпен қоштасуы» дегенді білетін, білмейтінімді сұрады. Ас үйдің есігінен шығып бара жатып нағашы тәтеме сол әңгіменің шымылдығын ашып жатқанын естіп қалдым.   

Қолыма екі күміс теңгені қыса ұстаған күйі буккингхам даңғылын жағалай пойез вагзалына асыға-үсіге бет түзедім. Жол бойы ығы-жығы нәрсе-керек алған жүргінші, көше бойы самаладай жарқыраған газ шырақтар, осының бәрі маған тездетіп Арабиге жетуім керегін ескертетіндей. Сүйтіп бір қаңыраған пойездің үшінші вагонынан орын алып жайғасқандай болдым. Пойез кешігіп әзер қозғалды, оттың қызуын күтті ме әйтеу,  бір мезгілде зорға вагзалдан шықты, жол бойындағы ескірген, қираған үйлердің арасынан жылтылдап сәуле шашып ағып жатқан өзен бірден көз тартады екен. Суезиланд стансасына келгенде ол жерден бір қора жолаушы пойез есігіне жапа-тармағай нығарланып еді,  пойез қызметкері оларға бұл пойездің Арабиге бұрылатынын айтқасын барып олар жәй-жәйіна тарап кетті. Неше минуттан соң пойез бір ағаштан қюластырып тұрғызған стансаға тоқтады, мен де пойезден түсіп көше жаққа қарай шықтым. Жарқырап тұрған әлдебір сағатқа көзім түсіп кетті, сағат тоғыздан елу минут кеткен екен. Ал, менің қарсы алдымда қасқайып бір алып құрлыс тұрды, жоғары жағында кісіні өзіне еріксіз баурап нұр шашып тұрған сол есім. 

Қанша іздесем де алты фенс төлеп кіретін есігі қарасын көрсетер емес. Сауда сарайының жабылып қалуынан алаңдап жеделдете жүріп бір айналма есікке кірдім, бір қарағаннан ақәбден қажығаны байқалатын есік қараушыға бір шиллиңұстаттым да ішке еніп кеттім. Алдымнан үлкен зал кезікті,  айналасын өзінің жартысындай биік айналма каридорлар қоршап тұрыпты, дегенмен ондағы дүкендер түгелдей жұмыстан түсіп кеткені білінеді. Залдың жартылай бөлегі қараңғы тартып тұр. Көкірегімді бір түрлі тұңғиық тыныш сезім жәйлап алғандай, тәнім мінәжаттан кейінгі шіркеу ортасында тұрғандай көрінді. Әлденеден жасқанғандай болып сарайдың орта тұсына бардым. Ол арада бірнеше адам әлі жилмаған жәйманы қоршап тұр екен, Тоқымдай ғана бұлдан жасалған пердеге реңді шырақпен «жарқын әуен кофеханасы» деп жазып қойыпты. Екі ер адам ағаш үстелдің үстіндегі ақшаларды санап жатыр, құлағыма мыс теңгелердің үстелге құлағандағы сыңырлары естіліп тұрды.

Өзімнің бұнда не үшін келгенімді әзерге есіме түсіріп, әншейін бір фарпор ыдыстар мен сыртына гүл бәдізделген шәй шөлмектер тізілген дүкеннің алдына бардым. Дүкеннің аузында бір әйел кісі екі жас жігітпен әлдене жәйлі сөз қозғап күлісіп тұр екен, олардың болымсыз естілген дауыстарынан англиялық акцентте сөйлеп тұрғанын аңғаруға болатын еді.

 -Жоооқ, мен ешқашан ондай жұмыс жәйлі айтқан емеспін.

-Қойсаңшы, айтқансың. 

 -Жоқ, мүлде жоқ!  
 -Сонда айтпаған болдыма?

 -Айтқан деймін, өз құлағыммен естігем.  

-Құдайым-ай, бұл енді......барып тұрған сандырақ. 

Әйел мені көрді де жақындай келе не алмақ екенімді сұрады. Дауысы суық, міндет өтеу үшін ғана сұрап тұрғаны білінеді. Мен сасқалақтап дүкен есігінде тұрған екіүлкен күбіге көз жүгірттім, екеуі есіктің екі жағында шығыстың жасауылдарындай қаздиып тұр.

-Ештеңе алмаймын, рақмет, -дедім бәсеңүнмен.  

Ол бір гүл шөлмекті қозғап қойды да екі жігіттің жанына қайта барды. Сосын жаңағы тақырып тарын қайта жалғады, арасында әйел маған көзінен ызбар ата бірнеше рет қарағандай болды.   

Оның дүкенінің алдында анау дүниелерды қимай тұрғандай ұзағырақ аялдаған сияқтымын, шындығында мұнымның мән-мағынасыздық екені өзіме аян болатын. Ақыры кібіртіктеп жүріп ол арадан ұзаңқырап, базардың орта тұсындағы соқпаққа түстім. Қолымдағы екі пензді қалтамдағы алты пензге қосып зүңгітіп жіберіп соларды сыңғырлатып келе жатқан едім, ұзын коридордың басынан шырақты өшір деген айғай естілді, көп өтпей-ақ жоғары жақ тастай қараңғылыққа жұтылғандай болды.   


Күмәндана басымды көтеріп жоғарыға қарадым,  қарадым да өзімнің даңыққұмар даңғойлықтың ойыншығына айланып, соның түртпегінен жәбір тартқан бейшара екенімді сезіндім, жанарымның ішінде лапылдап азап пен ызаныңөрті жанып жатқандай болды. 


Аударған Арман Әділбек 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты