F. Kafkaмен сұхбат

cceecf8115114efb30be718c99c4d081.jpg (640×390)

10

Шығармалары туралы онымен тілдесу қысқа да нұсқа жүретін.

-   Мен «Айыпталуды» оқыдым.

-   Сен оны жақтырыттың ба?

-   Жақтырттың ба? - дейсің бе? Қорқынышты шығарма.

-   Тауып айттың.

-   Менің білгім келгені мұндай шығарма жазу ойына қалай келдің? Осы шығарманы жазу арқылы жұртқа бірдеңені жеткізгің келгені анық. Мені қызықтыратыны сол.

Кафканың жүзінде аздап қысылыңқыраған қалып байқалды.Ол жай жымиып қойды.

-   Кешір, мен ойымды дұрыс жеткізбедім, - дедім.

-   Кешірім сұрамай-ақ қой. Кітапты оқыған екенсің, әрине, сұрауға тиіссің. Бұл кітап түннің елесі.

-   Неге олай дедің?

-   Ол елес. Кафка әлгі сөзді тағы бір рет қайталады. Алысқа қарады.

-   Алайда, сен оны шығарма етіп жазып шықтың.

-   Мен оны қалыпқа түсірдім. Елестен құтылдым.


11

-   Шығарма кейіпкерінің есімі Самса, - дедім мен, - естіген құлаққа бірден Кафка деген есімді салады. Екеуі де бес әріптен тұрады. S әрпі мен K әрпі бір мағынада жұмыс істеп тұр...

Кафка менің сөзімді бөлді:

-   Мұнда жасырын байланыс жоқ. Самсаны толықтай Кафка деп қарауға келмейді.

-   Мен анық түсініп тұрғам жоқ.

-   Өз отбасыңда қоңызға қатысты жазу инауаттылыққа, ақылдылыққа жата ма?

-   Әрине, мұндай дүниені отбасыңа қатысты жазу қалыпты жағдай емес.

-   Мендегі қалыпсыздықтың жеткер жері осы шығар.

Кафка жымиып қойды. Оның бұл тақырыпты одан ары қозғауға құлықты емес екені байқалды. Менің білгім келді.

-   Меніңше, шығармашылықта «қалыпты» немесе «қалыпсыз» дүние деп жазбай қою дұрыс емес шығар. «Құбылу» қорқынышты түс тәрізді. Ол және қорқынышты құбылысқа да жатады.

Кафка тоқтай қалды:

-   Түс басқаша бір шындықтың бетін ашады. Біз шындық деп жүрген нәрсенің артында одан да шынайы дүниелер жасырынып тұр. Өмірдегі сұмдықты, негізі өнер туындысы ашады. Менің енді үйге қайтқым келді.

Ол жай ғана қош айтып кете берді. Мен оны дегбірсіздендіріп, кетуге бәжбүр еткен жоқпын, ба? Мен өз өзімнен ыңғайсыздандым.

...

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты