Уахиф АСАД. Аласұрған біреу өз мүрдесін өзі көтеріп жүр

50f6206c882109c6d0afdfc485f5d8b3.jpg (800×1048)

Əлгі, менің денемнің ішінде өлтірілген адамның бүгін жерленетінін біле ме өзі?! Білсе, ол неге басын шайқап күледі, «Қайда барасың?» деп неге сұрамайды

I

Мені шыр айналып, көлеңкем сияқты соңымнан қалмай, бетімнен осып, намысыматиіп, абыройымды айрандай төгіп жүрген кім? Шамасы ол менің ішімдегі адамды өлтірмекші тəрізді. Жұрттың иығындағы табытта жатып мен өз намысыма қорған болатын өлең жолдарын есіме түсірдім. Үйге қайтар жолда қашанда шабытыма шабыт қосатын сондай əуенді ыңылдап айтушы едім. Бұл жолы да басқаны ойлаған жоқпын, тек əйелімді есіме алдым. Бір сабақ роза гүлін сатып алып ойға шомам: «Есіктен кірісімен оны құшағыма алып аймаласам, иіскеп тұрып, бұрын былай істей алмағаныма өкінетінімді айтсам. Оған «Мен сені сүйемін!», «Бұрынғының бəрі шарасыздықтан болды...» десем... Көз алдымнан осы көрініс ақырласпай жатып мен үйге де жетіп келдім. Қораны өлітыныштық жайлапты. Қорғалаған бала сияқты есіктің саңлауынан сығалап, ақырын ғана əйелімнің атын атап шақырдым. Дауысым үй ішін шарлап жаңғырды да, жоғалып кетті. Қайта-қайта дауыстағаныммен, бəрібір ештеме өнетін емес, қолымдағы гүлге тамсанып қарадым, оның сиқырлы түсінен қуат алғандаймын... дауысым əлде қайдан жаңғырып қайта оралды. Мүмкін ұйықтап жатқан болар... Олай болса тіптен жақсы. Ұйқы құшағында баяу тыныстап жатқан оны гүл иіскетіп оятып аламын. Жабулы тұрған ішкі есікті еппен ғана итеріп аштым да, ішке үңілдім. Қайдағы бір мазасыз ой басымды бұлттай торлап алды. Мен оны көз тартар көркем көріністерментұншықтыруға тырыстым... Мүмкін, ас үйде болар. “Жоқ!” деп айна маған тіл қатты: қарсыдағы қабырғаға ілінген айнадан өзімді көрдім. “Жоқ!” Əлде кім айнадағы жазуды менің құлағыма дауыстап оқып бергендей болды. «Сенімен бірге тұруға енді төзе алмаймын!... Қош!». «Қош!» деген сөз бадырайып көрінеді. Ерін креммен батпитып жазылған. Атылған оқтың қаңсыған жезіне ұқсаған крем айнаның алдында жатыр. «Сенімен бірге тұруға төзе алмаймын» деген сөз бен «Қош» деген сөздің арасында тұрған көп нүкте əлі кеуіп үлгірмеген қан дақтарына ұқсайды. Айнаға таяп барып, ондағы қан шапшыған өз бейнеме үңіле қарадым. Қолыма ұстаған гүлім төмен салбырап, аспаққа асылған адамды елестетіп тұр. Мені біреулер қоршап алған. Сурет сызылып болайын деді... Қолымдағы гүлім түсіп кетті... Мен үйден...


II

«Оқып, жазып жатырсың ба? Менің тілімді алсаң бəрін таста, ол саған қайыршылық пен бас аурудан басқа түкте сыйламайды.» Досым Мусаба Керей... Ол поэзияны терең түсінеді, алайда одан ат тонын ала қашады, поэзия деген ауру немесе ақ қағаздың бетіне төгілген көк сия дейді..

—Қонақжəйдің біріне барсақ қайтеді?-ол осылай деді, ойын іріккен жоқ,–бүгін мен басымды қалай істетуді білемін.

—Бас істете білу дегенің ұрлық қой! —«Қарақшыны бандының тонауы, баланың əкеден мирас алғаны сияқты».

—Бұларды қайдан үйреніп жүрсің?

—Əлгілер үйретті...


III

Жолда келе жатып, ол сөзін тоқтатты да, латария белетін сатқан адамның қасына кідіріп, бір белет суырды, нөміріне қарап жатпайақ белетті қалтасына сүңгіте салды. Темекі тұтатады, жолымен жүре берді.

—Саған ұтыс шықпайды.

— Оны білемін.

— Онда неге сатып аласың? Ол астыңғы еріндерін тістеп сəл тұрды да, темекісін құмарлана сорды: Мен осы арадағы бір Қонақжайды білемін, «Əрі арзан, əрі тамаша» дегендей, не қаласаң сол бар... Бүгін менің бір негр əйелмен болғым кеп тұр.... Түнде...

—Негр əйел дедің бе?

—Иə, негр əйел... Қаралығы мына біздің өмір сияқты қап қара. Сен қалай қарайсың? —Маған бəрібір, менің тілейтінім...


IV

—Енді қайда барамыз? Ол күрсінді:

—Қайда болушы еді, үйге қайтамызда. Мен де күлдім.

—Ал мен, үйге қайта алмаймын... Ол күлімсіреген бойда басын шайқады. Мен оның көздеріне қарап тұрып сезіктене бастадым. Əлде ол... біліп қалды ма екен?! Мен оны сол арада қалтырдым... Өз мүрдемді өзім көтеріп кетіп барамын.


әңгімені қытай тілінен аударған Гүлнар Ақан. 

«Шетел Әдебиеті» газеті.  №(2)2. 13 қазан 2006 жыл

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты