Emile Bernard. Paul Cézanneмен сұхбат

e15aa1652b3b7e5e32aa0618f6c498dc.jpg (658×644)

 

1904 жылы Эркман өңірінде сейілдеп жүргенде, Cézan-ға былай дедім: «Көшбасшы суретшілерге қалай қарайсыз?»

«Оларда тамаша. Париждегі езімде мен әр күні дерлік Луврге баратынмын, бірақ мен бәрібір табиғатпен бірге қалдым. Әлгі ұлы тұлғалармен емес. Сен үшін таңдау, өзіңе ғана тән көру түйсігін табу ауадай қажет»

«Сіз нені меңзеп тұрсыз?»

«Айтпағым қалайда табиғатты бақылағанда өзгелерге ұқсамайтын түйсікке жетуің керек, деген ойды меңзеп тұрмын» 

«Сіз Декарт сияқтысыз, басқаларды ұмытып, өз әлеміңізді тұлғалағыңыз келеді»

«Мен өзімнің кім екенімді жақсы біле бермеймін. Бірақ, суретші болады екенсің, қалай да өзіңе тән түйсігің болуы тиіс»

«Мұндай ұстаным соңында жеке бастық сипат алып, өзге жұртқа түсініксіз болып кетпей ме? Айталық, суреттің де тіл сияқты айтары бар. Мен сізбен тілдескенде, біз ортақ тілді қолданамыз. Егер, мен сіз түсіне алмайтын тіл қолдансам, сізбен диалог құра алмауым мүмкін ғой. Жаңа түсініктер қарапайым тұрғыда жеткізілуі тиіс. Мүмкін, мұны қабылданудың қажетті тәсілі, деп түсінсек те болар»

«Мен дәріптеп отырған түйсік, ол логикаға үйлесетін түйсік. Басқаша айтқанда ол жалған дүние емес»

«Ұстаз, сонда сіз айтқан әлгі түйінде неге табан тірейсіз?»

«Мен табиғатқа табан тіреймін»

«Нені меңзеп тұрсыз? Адамға тән дүниені ме, әлде табиғатқа тән дүниені ме?»

«Мен екеуін де айтып тұрмын»

«Ендеше, сіз екі әлемнің өнердегі түйіскен тұсын тапқан болдыыз, солай ма?»

«Мен ол түйсіктің жеке тұлғаның бойында болатынына сенімдімін. Соны ортаға шығару керек, соны өнер туындысына сіңіру керек»

...

 

Дайындаған А.Н.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты