Баян Ардақ: Уханьдағы жұқпалы аурудың бактериялық қарумен қатысы бар ма?
Қытайдың Ухань қаласында таралған қатерлі, жұқпалы ауруға қатысты біздің білеріміз әлі мардымсыз. Ауру неден пайда болды, қандай ерекшелігі бар, оны Қытай билігі дер кезінде неге ауыздықтай алмады? Сұрақ көп, жауап мардымсыз.
Дерекке қарағанда Уханьда ауру белгісі байқалған алғашқы адам 2019 жылдың 1- желтоқсанында тіркелген. Арада он күн өткенде жұқпалы дертке шылдыққандардың саны төртке жеткен. Қытай үкіметі бүгінде бүкіл дүниені дүрліктірген жұқпалы аурудың қайнары – Уханьдағы ет тағамдарын сататын базар,- деп отыр. Бірақ, жоғарыда аталған төрт адамның үшеуінің бұл базармен қатысы болмағаны анықталған. Алғаш тіркелген 41 науқастың 27 бұл базармен байланыспаған. Бұл деректі 24 қаңтарда Лондонда жарық көрген медициналық басылым жарыққа шығарып отыр. Мақала авторының бірі Ухань қаласында алғашқы 41 науқасты емдеген Хуаң фамилиялы бас дәрігер екенін ескерген жөн.
АҚШ-тың жұқпалы ауруларға қатысты маманы Арик Дін Твиттер парақшасында Уханьдағы жұқпалы аурудың адам денесіне өткеннен кейін белгілі бір уақытта жасырынып қалатын ерекшелігін жазған. Содан кейін барып кенеттен өкпе құрлысындағы ақуыздарға орнығып алып адамды тез арада өлім қаупіне ұшырататынын ескертеді. Оның тұжырымынша вирустың мұндай ерекшелігі табиғатта кездеспейді. Ашып айтпаса да аталған маман Уханьда пайда болған жұқпалы дерттің вирусы адам қолымен өзгертілген болуы мүмкін дегенге жақындайды.
Мұнан бұрын батыстың жетекші мамандары, айталық АҚШ, Израиль зерттеушілері Уханьда пайда болған жұқпалы аyру түрін осы қалада орналасқан Қытайдың арнайы лабораториялық зертханасымен (P4) байланыстырған еді. 1956 жылы құрылған аталған зертхана Қытай армиясына қарасты бактериялық-химиялық қаруларды зерттеумен айналысады екен. 2019 жылы Канада елі «бактерия үлгісін ұрлады» деп екі қытай зерттеушісін айыптаған болатын. Аталған зерттеушілер сол кезде қолдарында бар «үлгіні» Уханьдағы осы зертханаға жібергені айтылған еді.
Мамандардың талдауынша алдағы ақпан айы қытай елі үшін ауыр кезең болады. Жұқпалы дерт ақпанның басында шұғыл өршуі, наурыз айынның соңына дейін қарқын алып, мамыр айында беті қайтуы мүмкін. Анықталмаған дерек бойынша бүгінде жабылған Ухань қаласында 150 - 200 мың адам аталған жұқпалы дертті жұқтырған. 14 миллион халқы бар қала жабылардан (23-ақпан) төрт күн бұрын одан шамамен бес миллион адам елдің басқа өлкелері мен алыс шет елдерге кетіп үлгірген.