Біз мойындамаймыз...
Петербург халықаралық экономикалық форумының (2022.06.17 – 2022.06.19) пленарлық отырысы өтті. Іс-шараны Ресей Президенті Владимир Путин ашты. Сессияда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ді мемлекет ретінде мойындамайтынын айтты.
– Түрлі пікір бар. Қазіргі халықаралық құқық – БҰҰ жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі қағидасы қарама-қайшы. Бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы. Көп ұзамай бұл қағидалар бір-біріне қайшы келеді. Егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы іске асырылса, онда жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болады және хаос болады. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Шамасы, бұл қағидат біздің ойымызша, Луганск пен Донецк болып табылатын квазимемлекеттік бірлестіктерге қатысты қолданылатын болады, – деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаев.