Біз, жауға еш уақытта тіземізді бүкпейміз!

abe3cee3813e734575556b16de3b1262.jpg (2880×2880)

Өткен сәрсенбі күні (21-ші желтоқсан, 2022) Украина президенті Volodymyr Zelenskyy АҚШ-тың Қауым палатасы (United States House of Representatives) мен Кеңес палатасының (United States Senate) бірлескен отырысында сөз сөйледі. Ол Ресейдің Украинаға қарсы шапқыншылық соғысының салдары туралы айтты.

- Сіздердің бізге қолдау көрсеткендеріңіз тегін берілген қайырымдылық шарасы емес, қайта өздеріңіздің саяси мұраттарыңыз бен адамзаттың болашағы үшін қосқан үлестеріңіз. Біз сол мұратты жүзеге асыру үшін күресіп жатырмыз. ... Біз (жауға) еш уақытта тіземізді бүкпейміз», - деді ол. Соңғы сөз отырған жұртты аяғынан тік тұрғызды. АҚШ-тық саясаткерлері 80 жылдың алдындағы Англия премьер-министрі  Winston Churchill-дың дауысын естігендей еді. Сол кезде (26.12.1941.) Еуропаның басым бөлегін басып алған Гитлер Германиясына қарсы тұрған ағылшындардың рухы осы бір ауыз сөзге сыйып тұрғандай еді. Ол былай деген сонда:

- "What kind of a people do they think we are? Is it possible that they do not realize that we shall never cease to persevere against them until they have been taught a lesson which they and the world will never forget?" 

Winston Churchill


   Дайындаған Bayan Ardakh

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты