Ол бостындық пен демократияны жою үшін соғыс ашты...
Ержүрек украиндардың батыл қарсылығының арқасында, байқағанымыздай, Путин ойран болатын отбасты, үлкен қателікке жол берді. Жұртта: ол неге соғыс қозғады? - деген сұрақ бар. Ол еш жазығы жоқ бір елге неге баса көктеп кірді? Ол Украинаның НАТО-ға бүгін-ертең қабылданбайтынын біледі. Украинаға зымырандар орналастыруға кірісіп жатқан біреудің де жоқ екенін жақсы түсінеді. Ол «орыстың алтын тамыры Украинада» деген тақлетті Nostradamus пен Википедияға тән сандыраққа да сенбейді. Меніңше, сөздің түйіні ол Украинадан қорықты. Ол Украинаның ақпарат бостандығынан, сайлау еркіндігінен үрейленді. Бұлар Украинада әлі де төрт аяғынан тік тұрып кетпесе де, жыл сайын қуат алып, алға басып, жанданып келе жатыр. Украиындар бостандыққа, демократияға, ашық нарықтық қоғамға қарай нық қадам басу үстінде. Путин міне осыдан қорықты. Ол Украина үлгі болып кетеді, деп састы. Ол жұрттың Украина жеткен жетістікті көріп, өзінен бас тарта бастаған сәтін елестетті. Бүгінгі Путин басқарып отырған Ресейдің тірлігі аянышты. Болып жатқан қанды қасап соғысты «шапқыншылық соғыс» деп айтқан адам 15 жылға сотталып кетеді. Егер сайлауда Путинге қарсы дауыс берсең, уланып өлесің немесе атып кетеді. Міне, Путиннің бар тірлігі осы. Тамырлас Ресей халқы украиындардан үлгі алып кете ме, деген үрей, қорқыныш ақыры Путиннің түбіне жетті. Ол өзіне өзі ор қазып, соғыс ашты. Бұл соғыста оның жеңілетінінің себебі де осында...
Boris Johnson
2019 - 2022 жылдар аралығындағы Ұлыбритания Премьер-министрі.