Rabindranath Tagore. Дәл қасымда тұрсың, жарамды көрдің...

ff36ae23662604f8d4d865033ce36b66.jpg (1200×900)


Мына әлем мені тұншықтыра құшағына тартты, мен соны жырға айналдырдым.


Тозақтағыдай қасірет шеккен адам ғана бейіштің құдіретін сезінеді. Саусақтарыңнан қан тамғанда барып қыл ішектен қайталанбайтын әуен туады.


Шуақты күнді жоғалттым, деп қасірет шексең, жұлдызды аспанды да тәрік етесің.


Көктемде ашылған қауашақта өмір, күзде төгілген жапырақта өлімге тән сұлулық бар. 


Қасымда, дәл қарсымда тұрсың, бетіме түскен жараны көрдің, көрдің сен жараланғанымды және жарадан сауыққанымды.


Құзар биікке онша сенім артып кетпе, махаббатыңды ұшар биікке шығарма.


Өмірді дұрыс түсіне алмай қаламыз, содан барып «өмір мені алдады!» деп жатамыз.


Менің жүрегім ашық аспанға талпынған құс тәрізді, сол аспан сенің жанарыңда жатқан сияқты.


Адам да қылыш тәрізді, қында жата бермейді.


Махаббат деген ол үшін көзіңнен алай-дүлей жауындатып, жүрегіңмен төбесіне шатыр ұстаумен тең. 


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты