Ouyang Yu. Бітікші (图书管理员)
Негізі менде бір үміт болды, айталық кітапханашы болу, онда да жұртқа кітап таратып, кітап қайтарып алатын, кітап белетін беретін, әр күні жүздеген кітапханаға келушілермен тілдесетін, ауыз жаппай сөйлейтін, бір сөзді мың рет айтатын кітапханашы емес. Мен әлгіндей қайтарған кітаптарды қайтадан сөреге қоюшы жұмыскер де болғым келмейді. Ондай жұмысты құлтемір де істей береді. Менің істегім келетін жұмыс «жұмысы» десе жұмысы бар, ол жұмыс ұзақты күні кітап сөрелерінің арасында сенделір жүретін немесе сөрелердің арасында қаларыстау жерге отырып алып әлдебір көне кітапты ақтарып, соған тесіліп, бос уақытын кітаптарды жағалап, жатқанын оңшап, қисайғанын дұрыстап, әйтеуір толықтай кітаптармен өмір сүру болса, маған сол ұнайды. Мұндай адам өзге жұртпен тілдесіп басын ауртатын шаруадан құтылар еді. Бір кезде мен дәл осы айтқанымдай тірлікке құмар болдым. Қандай кітапты көргің келсе, соны қолыңа аласың, түрмедегі темір тордың қасындағы тұтқынға да аздап ұқсайсың, өзіңмен өзің, бүктеліп бір орында отырғаның отырған, сенімен ешкімнің шаруасы жоқ, бір қолың маңдайыңда, бір қолың шалбарыңның қалтасында, кейде басыңды көтеріп терезеден ары, тысқа, қарап қоясың, онда ағаштың бұтағы, бұтақ соққан салқын ілеппен баяу ырғалады. Ештеңені ойламайсың. Кітапхана алып мұхит сияқты немесе шетсіз-шексіз құм сияқты, сен сол құмның арасындағы бір түйір арал сияқтысың. Қаз-қатар кітаптар өлік өртейтін орында сап түзеп тұрған қатар-қатар қораптар сияқты, әлдебір күңгріт, мұңды, өзгеше иіс шашады. Жер бетіне табаны тиіп өмір сүрген барық ұлы адамнан тартып елеусіз тұлғаға дейін осы жерде мекен тепкен. Күңгріт, кейбірін шаң басқан, үнсіз, мүлгіген, тып-тыныш уақыттың тағы бір болмысы сияқты сақталып тұр. Кейбір кітаптың мұқабасы тозып кеткен, кейбірінің парағы жыртылған, толық емес, кейбір кітап оқулық немесе құралдық кітаптар. Есте жоқ ескі замандардың, таяу заманның, өткен шақтың, одан қалды бүгінгі айқай-шуы көп кезеңнің сан түрлі, сан әуенді кітаптары. Бәрі осында, жиналып, қаз-қатар тізіліп, сап түзеп тұр. Сен соның қасындасың. Үнсізсің, ары жүресің, бері жүресің, кейбірімен тілдесесің, мүңдасасың, кітаптар үн қатпас адам сен естіп, біліп, үндесіп тұрсың. Өмір туралы ойланып тұрсың. Болашақ туралы толғанып тұрсың.
Аударған A.Nurgaz.