Yehuda Amichai.Тіршілікте, жан
Жанның жан деп аталуы
Батыс желінің Батыс желі, деп аталғаны тәрізді
Батыс желі Шығысқа қарап соғатын болса да.
Сол сияқты, өлім де өлім делінеді
Ол жанға қарсы соққанымен.
Біздер мазарлықта тіршілік туралы ойланамыз
Мазардан шыққан соң
өлгендер туралы естелік айтамыз.
Сол сияқты өткен шақ өткен делінгенімен
Ол болашаққа бет алады.
Махаббаттасқан кезіміздегі сияқты
Сен маған, мен саған ұмтыламыз
Сен басқа, мен де басқа болғанымызбен
Көктем жазға әр беріп, жаз күзге нәр беретіні тәрізді.
Менің ой кешетінім өмірімнің соңғы тынысына дейін жалғасатыны сияқты
Ал ол болса жаратушының мен де қалдырған белгісі.
Аударған А.Н.
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты