Ермек Болатқан (Ermek Bolatkhan): COVID-19 - арнайы жоба емес пе?
Сөзді бір ертек айтумен бастайық. 2003 жылы Қытайда белгісіз жұқпалы өкпе ауруы пайда болады. Oған кейін «SARS» деген ат қойылады. Жаңа түрдегі аурудың қатері оған қарсы тұратын емнің жоқтығында еді. Бұл жаңа типтегі вирус болатын. Бір ескертетін жағдай содан сәл бұрын 2001 жылы Қытай елі Француздың Жак Ширак басқаратын үкіметімен келісу арқылы Қытайдың Ухань қаласында P4 деңгейінде вирус зерттейтін зертхана ашуға мүмкіндік алған еді. Бұған сол кезде Француздың вирус зерттейтін сала мамандары бір ауыздан қарсы болады. Себебі, олар «Қытай үкіметі бұл зертхананы басқа мақсатта, айталық, бактериялық қару жасау мақсатында пайдалануы мүмкін» деп қарайды. Бұл зертхана кейін құрылады. Бірақ, соңғы қортындыда француз жақ зертхананың өздері талап қойғандай деңгейде шарттарды орындамағанын көлденең тартып, өздерін алда болатын жауапкершіліктен алып қашты. Соған қарамастан қытайлар зертхананы 2009 жылы іске қосады. Бұл зертхана арнайы «SARS» вирусын зерттеумен айналысады. Зертхананың жетекші маманы Shi Zhengli 2019 жылға дейін «SARS» вирусын зерттеу саласында белгілі тұлғалардың біріне айналады.
Осы аралықта АҚШ-тың миллиардері Билл Гейтс Қытайдың «SARS» вирусын зерттеу саласына қызығушылық танытады. Уханьдағы зертхана және Shi Zhengli бастаған зертеу тобымен байланыса бастайды. Соның нәтижесінде Б.Гейтс құрған қор Қытай үкіметімен бірлесіп 2011 – 2020 жылдарда «SARS» вирусын зерттеп, қатысты вакцина дайындау ісіне қаржы бөледі. Shi Zhengli жетекшілік еткен зерттеу тобы осы жылдарда 50-ден артық коронавирус түрін дайындап, зерттеу жасайды.
2020 жылдың басында Қытайдың Ухань қаласында өкпеге қатысты каронавирусы бұрық ете қалады. Арада көп өтпей бұл жұқпалы дерт Қытайдан ары асып бүкіл әлемге жайылады. Мыңдаған адамның жанын жалмайды. Вирус тарағанда Қытай үкіметі басында оның адамнан адамға жұғатынын барын салып жасырады. Вирустың әу басында қалай, қайдан шыққанын да бүркемелейді. Тіпті Shi Zhengli жетекшілік еткен зерттеу тобының қорындағы 50-ден артық каронавирусқа қатысты деректі де үкіметтік бұйрықпен жойып жібереді.
Қытайда коронавирусы бәсеңдеп, өзге елдерде күшейген осы жылдың ақпан айында үлкен дау басталады. Өзге елдер Қытай үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирус кезіндегі іс-әрекетінің тиімсіздік жағын сынайды. Қытай мен ДДСҰ оған қарсы уәж айтады. Дәл осы кезеңде Б.Гейтс Қытай төрағасы Си Цзиньпинге хат жазып, Қытай үкіметінің вирусқа қарсы жұмысын жоғары бағалап, сөйлейді. Арада екі ай өткенде АҚШ президенті Д.Трамп ДДСҰ ұйымының жұмысына көңілі толмай, оған төлейтін АҚШ қаржысын тоқтатуға шара қабылдайды. Осы кезде ДДСҰ ұйымын Француз үкіметі мен Б.Гейтс қолдап шығады. Б.Гейтс қоры қаржылай таршылыққа жолыққан ұйымға 150 миллион доллар қаржы бөледі. Және осы жолғы коронавирусына қарсы вакцинаның тез арада жарыққа шығаратынын жариялайды.
Бұл әлемде, әсіресе АҚШ-та үлкен дүмпу тудырып отыр. Себебі, жұрт адамзатқа апат әкелген осы жолғы коронавирус пен Б.Гейтс қорының Қытай үкіметімен бірлесіп атқарған 2011 – 2020 жылдарға арналған вирус зерттеу жобасының байланысы барын анық сезіне бастады. Көптеген адамдар тікесінен аталған жобаның алдымен вирусты зерттеп алып, вакцинаны да тауып қойып, сол вакцинаны саудалау жұмысымен айналысуды жоспарлап отырған жоқ па, дегенге бас қатырып жатыр. Қытай үкіметі, Shi Zhengli жетекшілік еткен зерттеу тобы, Б.Гейтс қорының жоғарыдағы байланысы және коронавирус кезіндегі олардың атқарған жұмысы кімді болса да ойға қалдырады. Олар шынымен бірлесіп жұмыс істеген бе, жоқ?