БҰҰ Балалар қорына қосылған ең үлкен қаржы
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты ресейлік Дмитрий Муратов өзінің алтын медалін АҚШ-та аукционда сатылды.
Құнды сыйлықты атын атамауды сұраған біреу рекордтық 103 жарым миллион долларға сатып алған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бәссаудадан түскен қаржының барлығы Украинадағы босқын балалар мен олардың жанұяларына көмектесу үшін БҰҰ Балалар қорына аударылады. «Жаңа газета» басылымының бас редакторы - Бейтшілік бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы Ресей азаматы. Оған беделді сыйлық филиппиндік журналист Мария Рессомен бірге берілген. Шарадан соң Дмитрий Муратов: Украинадағы соғыстан жетім қалаған балалардың тағдыры алаңдатады. Біз олардың болашағын тартып алған сияқтымыз. Мен соны қайтаруға аз да болса жұмыс атқарғым келді. БҰҰ Балалар қоры Үкіметтік үйымнан жоғары тұратын құрлым. Ол өз міндетін атқарады, деген.
Джошуа Бенеш, аукцион үйінің өкілі:
- Бұл елеулі оқиға және Нобель медалінің бәссаудада рекордтық соммада сатылуы. Сонымен қатар БҰҰ Балалар қоры тарихындағы ең қомақты қайырымыдылық деп ойлаймын. Ол қазір әлемдегі ең күрделі босқындар дағдарысын шешуге септігін тигізетініне сенімдімін.