Nancy Pelosi ханым Тайваньда
2022 жылы 2-тамыз күні кешкісін АҚШ-тың Қауым палатасының спикері (Speaker of the United States House of Representatives) Nancy Pelosi ханым отырған арнайы ұшақ Taiwan-ның Соңсан әужайына келіп қонды.
АҚШ мемлекеттік қызыметінде үшінші ресми тұлға болып есептелетін N.Pelosi-дың бұл реткі Шығыс Азия елдеріне сапары бүкіл әлемнің назарында тұрды, десек қателесе қоймаймыз. Оған себеп Қытайдың осы сапарды тосуға арналған бірқатар шараларына барып тіреледі. Taiwan-ды өзінің «әлі азат етілмеген аймағы» санайтын Қытай өзге елдердің, әсіресе, АҚШ-тың оған халықаралық сипатта тәуелсіз ел тұрғысынан қарауына қарсы тұрып келді. N.Pelosi-дің Taiwan сапарын болдырмау мақсатында Қытай жақ, оның ішінде әскери сала бар - айқын ескерту, тіпті, қарулы сес көрсетуге дейін барды. Соған қарамастан сапар жоспар бойынша жүзеге асты.
Бұған дейін АҚШ-Қытай – екі ел осы сапардың себебінен әскери қақтығысқа баруы әбден мүмкін, деген жорамал болған. Ресейдің Украинаға қарсы шапқыншылы бес айға жалғасқан кезеңде, мұндай жағдай орын алса, оның Ресей үшін таптырмас мүмкіндік болатыны анық. Бірақ, АҚШ жақ мұнан көп алаңдап кетпеген тәрізді. Бастысы Қытайдың көз алдағы ішкі және сыртқы саясатта кез болып отырған түрлі мәселелері мен дайындығы, АҚШ-қа қарсы жалпы беттік соғыс ашуға жар бермегені анық болып тұр. Егер, соғыс бір басталса, оның немен тынары бүгінгі Ресейдің Ураинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін, кез болған күйреу сипатындағы қиындықтарға ұшырауынан-ақ көре аламыз. Қытайдың түрлі салада жалпы беттік орын алатын мұндай соққыдан қорқып қалғаны анық байқалады.
N.Pelosi ханым 1991 жылы Қытай астанасы Бейжіңде қытай билігіне қарсы пикет өткізгені болатын. Сонда Тяньаньмэнь алаңында «8964» құрбандарын еске алып, «Қытайдағы демократия үшін құрбан болған батырларға арналады » (獻給為中國民主事業犧牲的烈士) деген жазуы бар кереме ту көтерген болатын. Қытай билігі 1989 жылы 4-маусым күні Қытайда демократия және адам бостандығы мен құқығын талап еткен студенттер мен халықты әскери күшпен басып, мыңдаған адам өлтірген еді.
Дайындаған Ардақ Баян