Орыс тарихын Кив жазатын түрі бар...

 7662d61181ad39d405b05397516d84e8.jpg (521×640)

Бүгін Ресейдің Украинаға шапқыншылық соғысы  5- жылға аяқ басты. Соғыс алғаш басталған сәтте бүкіл әлем орнынан тік тұрды. Себеп, орыс армиясы алғашқы соққы зымырандарды жіберіп, әскері Украиын шекарасына аттап кіргенге дейін Путиін мен Ресейдің сыртқы істер министірі Лабров «біз Украинаға соғыс ашпаймыз, біз шекарада тек жаттығу жасап жатырмыз... Батыс елдері бізді соғыс ашады, деп қаралап жатыр...», - деп келді.

Жалпы жұрттың көзін бақырайтып қойып мұндай суайыттыққа бару адамзат тарихында бұрын-соңды болған емес. Соғыстың басталуы әлгі адамдардың кім екенін анық түсіндіріп берді. Бүкіл әлем сол сәтте сене алған жоқ. Мұндай адамдардың барын ешкім де көз алдарына елестете алған жоқ. 

Бірақ, сол өтіріктің, ашкөз, аяр  әрі қан құмар, менмендіктің аяғы, міне соғыс бесінші жылға келгенде мүлде басқаша мән алып отыр. Бүгінгі сұрақ: «осы соғыстан соң Ресейдің тағдыры не болады?», - дегенге сайып тұр.

Путин мен оның қолшоқпарлары қанды қасап соғысты бастағанымен, оны аяқтату қолдарынан келер емес. Ал соғыс аяқтамаса, оның соңы Ресейдің түбіне жететіні оларға айдан анық болып тұр. Бірақ, соғысты тоқтата алмайды. Соғыстың ешкімге бағынбайтын өз заңдылығы бар. Сол заңдылық баса билеп тұр.   

Бұл соғыста Украина жеңілмеуі тиіс. Себеп, Украина жеңілсе, соғыс құмарлардың онымен тоқтамайтыны кімге болса да белгілі. Тарих енді ондай қателік өткізуге жол бермейді. Ондай қателік бүгінгіден де үлкен соғысқа алып барады. Бұл соғыс баяғы сол мақал: «не өгіз өледі, не арба сынадыны» қайталауда.

Бүгінде Еуропаға аумағындағы 32 мемлекет өздерінің тағдырын Украинамен бірлестіріп ойлап отыр. Бұл Еуроодақтың «боламыз ба, бордай тозамыз бе?» деген сәтіне тура келіп тұр. Одақ барын салып Украинаны қолдауға мүдделі. Онсыз өздері біржола күйреп кетуі мүмкін.

Ресейдің бұл соғыста жеңіске жетпейтіні әлде қашан белгілі болған. Орыс армиясы төрт жылғы соғыста Кив түбінен біртіндеп кері шегініп, бүгінде шекаралық төрт обылыстың аймағынан ары аса алмай, күніне мыдаған әскерін өлімге айдап салып, майданда ештеңе тындыра алмай отыр. Ресейдің ядролық қаруының көк тиындық құны қалмады. Орыстар оны қолданса, сол мезетте өздерінің де жер бетінен өшіп кететінін кімнен болса да, анық сезіп отыр. Адамзат баласы Ресейдің соғысқұмар, екіжүзді, өтірікші, алаяқ, қорқақ, қарғыс атқан сұмпайы билігінен әбден тойды. Оларды ешкім ұнатып, адам ретінде бағалап отырған жоқ. Әрине, мұны көп халық, мемлекеттер түсінеді, бірақ, ашық айтып аузын арамдағысы келмейді.

Соғыстың бірінші күнінен Батыс елдері Ресей экономикасына жалып беттік тиымдар пакетін жариялады. Ол Ресей экономикасын үздіксіз батпаққа қарай батырып барады. Таудан тас бір домалаған екен, сайға, баратын жеріне барып бір-ақ тоқтайды. Экономика да солай. Ресей экономикасы домалап келеді...

Соғыс аяқталған соң не болады? Путиін мен оның баскесерлері биліктен кеткен соң, Ресей не күй кешеді? Соғыстың шаш етектен шығыны, Украинаға төлейтін төлем, экономиканың күйреуі мен оның салдары Ресей қоғамына не әкеледі? Оның алдында Кеңес одағының бейбіт тарап, содан туындаған қиындық жол қалады. Ал азамат соғысы туып кетсе, оның арты не болады?....

Бәрі күрделі сұрақ. Ресей соғыста жеңілгенін мойындаған күні, орыс тарихы қайта жазылатын күн болатыны анық.

Соғыс алғаш басталғанда, бір көрініс көз алдымнан кетпейді. Украиындық бір әже қару алып көшеде тұрған бір орыс әсерінің қасына барып, шекілдеуік беріп тұрып: мұнда не қылып жүрсің, өлесің ғой, топыраққа жем боласың, Украинаның қара топырағына тыңайтқыш боласың сен..», - дегені.

Пенде баласы үшін өкінішті болсада, сол кісінің айтқаны келген сияқты.         

E.Bolatkhan


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты