Ardakh Nurgaz. Ұры жүйе немесе жолға тәуелділік

3eae638c7acdc9dab1a377b0f5852e53.jpg (1023×609)

Кеңес одағының ыдырауына (1991ж.) ілесіп коммунистік партия биліктен кетсе де, партияның бұрынғы басшылары билікті қолдарынан шығарған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев соның өкілі. Тәуелсіздіктен кейін Назарбаевтың командасы қуыршақ партиялар құрды. Айталық «Отан» партиясы,  кейінгі «Нұр Отан» партиясы және солардың көшірмесі сияқты өзге партиялар.

«Қаңтар қырғынынан» (04.01.2022ж.) кейін Қазақстанның саяси өмірі жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ қоғамы партиясыз кезеңге өтті.      

«Қаңтар қырғынында» Назарбаев  құрған қоғамның, партиялық бірлестіктің, мемлекеттік жүйенің жалғандығы, қауқарсыздығы, жұмыс істемейтіні анық байқалды. Кешегі әкімшіл-әміршіл коммунистердің мұрагері Назарбаев пен оның командасы жоғарыдан басқарылатын қоғам құрды. Билікпен, партиялармен қоғамның қатынасы көзбояу деңгейінде болды. Елде Еуропалық сандарттағы қоғам / партия / билік қатынасы қалыптаспады. Оны қалыптастыруға назарбаевтардың құлқы да болған жоқ. Партиялар қуыршақ. Соның салдарынан билікті ешкім бақыламайды. Назарбаев пен оның командасының билікті монополиялауы мен ел қазынасын заңсыз жекешелендіруіне және ұрлауына саяси жүйе, оның ішінде жоғарыдағы қуыршақ партиялық жүйе тиімді жұмыс істеді.

«Қаңтар қырғынынан» кейін Қасым Жомарт Тоқаев биліктегі партияны өз қолына алды, атын «Аманат» деп өзгерітті. Дегенмен, аты өзгергенмен партияның заты өзгерген жоқ. Атқарушы биліктің барлық буындары (ауыл, аудан, обылыс, министірліктер) сол баяғысындай бір ғана «Аманат» партиясының бақылауында. Мәжіліс пен Парламетте де солардың өкілдері басым санды ұстап отыр. Назарбаев дәуірімен салыстырғанда еш өзгеріс жоқ.

Қазақтың алғашқы саяси партиялық қозғалысы - «Алаш партиясын» Ленин бастаған коммуннситер 1921 жылы зорлықпен таратты. Коммунизм (Халифат құруды көздейтін исламизм сияқты) халқаралық саяси қозғалыс. Олар өзінен басқа саяси топтар мен жергілікті, ұлттық партияларды бәрін жау санайды және аяусыз жаныштап, көзін құртып отырады. Коммунистердің Алаш партиясына дұшпан болғаны осыған қатысты. Одан кейін не болғаны белгілі: коммунстер саяси қуғындау, өтірік жалалармен қоғамды үреймен ұстау, қолдан аштық ұйымдастыру, ұлт зиалыларын ату-қырғындау, жаза лагерлеріне қамау, т.б. қылмыстарға жол ашты. Өркениеттен алшақтап, таза жабайылыққа бет алды.

Назарбаев 2001 жылдан бастап «Отан» партиясының  қоғамдық ролын жойып, оны өзінің жеке басының нәпсісіне жұмыс істейтін қурышақ партияға айналдырғаннан «Қаңтар қырғынына» дейін не болғаны да белгілі. Елде автократиялық жүйе орнады, билікті монополиялау ісжүзіне асты, мемлекет байлығын ұрлап, заңдастырылды, жемқорлыққа белшесінен батқан қоғам пайда  болды, сот биліктегі жеке адамдардың мүддесіне жұмыс істеді (соттардың билітегілердің тапсырмасын орындап үкім шығаратынына, пара алып ақша жасайтынына ешкім таң қалмайтын болды), заңды аяққа таптаған, тіпті күмәнді, саяси сипаты бар адам өлімі орын алды. Қазақ қоғамы әділдік пен заңның үстемдігі туралы ең қарапайым түсініктерден айрыла бастады немесе оған күмәнмен қарайтын болды. Тоймайтын жемқорлық, екіжүзділік, жағымпаздық, надандық, құл-құтанға тән қарабайыр ашкөздік, адами құндылықтарды аяққа таптау үрдісі асқынды. 29 жыл ел басқарған Назарбаев қазақтың ұлт ретіндегі мәдениетіне, өресіне, оның ішінде саяси мәдениетінің көтерілуіне тағы бір рет балта шапты. Қазақ қоғамы тағы бір рет тарих көшінде тоқырады.

Қазір президеніт Қ.Тоқаев та жаңа кезеңді бастау алдында тұр. Жеті жылға сайланып алған президеніттің бір жылы өтіп те кетті. Қазақстанның саяси беталысы қалай болмақ? Тағы бір рет тоқырау бастала ма, әлде оң өзгеріс бола ма?

Мұның бәрі елде аты затына сай саяси партиялардың қоғамда, парламенітте және атқарушы билікте қандай деңгейде жұмыс істеуімен байланысты. Негізі өркениетті елдерде партиялардың парламенттегі тартысы, қоғамның, қоғамдағы топтардың тартысының көрінісі болады. Өркениетті ел құрамыз десек, біз мұны естен шығармауға тиіспіз.

Егер кешегі жемқорлар жиналған, шірік «Отан» партиясының бүгінгі мұрагері - «Аманат» партиясы өзінің ролына өзгеріс енгізбесе, билік өзге партиялардың қоғамдық жұмыс атқаруына мүмкіндік қалдырмаса, саяси бәсекелестікке жол бермесе, билікті монополиялауын доғармаса, алдағы бірнеше жылда Ол тағы бір «Ұры Отан» партиясы болып шыға келетіні, бақылаусыз, тектеусіз шеневниктердің ұрламай қалмайтыны (қазаннан қақбақ кетсе, иттен ұят кетеді, деген мақал бар), Қ.Тоқаевтың да тағы бір «жемқор Назарбаев» болатынында дау жоқ. Баяғы «бір боқтың үстіне бір боқ былш етті» дегенің кері болады. Себебі, жол біреу болған жерде, оның баратын жері де біреу, деген қағида бар. Мұның саясатта «path dependence» деген арнаулы атауы да бар.


Ardakh Nurgaz. Ұлттық мемлекет һәм азаматтық қоғам

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3702


Ardakh Nurgaz. Құнсыздану теориясы немесе Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи мәртебесі

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3832

 

Ardakh Nurgaz. Қазақстан үшін үшінші жол жоқ!

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3811


Ардақ Нұрғазы: Ердоғанның ұлы жорығы немесе исламның туын түркілер көтере ала ма?

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3486


Ардақ Нұрғазы: Рельсті ауыстыру немсесе қазақтарды таптық күрестің шүңетінен кім шығара алады?

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3470


Ардақ Нұрғазы: Д.Трампқа импичмент және біздің көзқарас

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3423

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты