Астанаға Жапон Премьер-министрі келе жатыр...
Астанаға 9 – 12 тамыз аралығында Жапон Премьер-министрі Kishida Fumio ресми сапармен келмек. Осы сапарда құрметті қонақ Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан және Түркменстан елдерінің басшыларымен жүздесу өткізу жоспарланып отыр.
Басқосуда талқыланатын басты мәселе Әлемдік Жаңа экономикалық даму аймағы және Орталық Азияның осы стратегияда алатын орыны.
Өткен жылы АҚШ елі бас болып, Англия қостап әлемнің жаңа стратегиялық даму жобасын ұсынған болатын. Жоспар бойынша Жапония елінен басталып Үндістан, Орталық Азия елдері, Гурзия, Әрмения, Украинаны қамтыған Еуропамен жалғасатын үлкен Жаңа экономикалық дәліз-аймақ қалыптаспақ. Бұл жобаның басты көздегені алдағы әлемдік экономикалық дамудың ағысынан екі елді - Қытай мен Рессейді шығарып тастау.
Жапон Премьер-министрі Kishida Fumioның Астанаға сапары осы жобаны нақты талқылаудың басы болатын түрі бар.
Баян Ардақ