Harold Bloom. Адамзатқа ортақ құндылық

55fe7eaec6b78e6425aa89467009bf4b.jpg (465×517)


«Күш» пен «билік» - осынау екі ұғым саясатта бір-бірімен отаса бермейді. Олар біздің «қиялдағы бірыңғай кеңістігімізде» де солай. Біз олардың осы қасиетін көбінде аңғармай жатсақ, онымыз рухта біртекті әлемінің болатындығында. Рухтың күш-құдіреті мен беделі қашанда саясат пен поэзияда ықпалын жүргізеді. Сондықтан біздер Батыстың классик шығармаларының күш-құдіреті мен салмағын саясат пен этикадан да ықпалды дүние екенін сезінуге тиіспіз. 

Эстетиканың беделі мен күш-құдіреті қашанда теңеу мен сиволдан тұратын құдіретті күш. Бұл күштің мәні қоғамдық жалпылық сипатта емес, даралықта жатыр. У.Шекспир отыз сегіз сахналық шығарма жазды. Оның жиырма төрті қайталанбайтын бірегей туынды. Қоғамдық жалпылық сипаттағы дүние мұндай шығарманың біреуін де жарата алмайды.

Шығыс елдері мен Батыс елдерінің классикалық шығармаларының бәрі дерлік моральдық бірлікке мойын ұсына бермейді. Адамзатқа ортақ бір рухани тұғыр бар десек, оның «Інжіл» немесе «Құран» болмауы мүмкін. Бірақ, У.Шекспир шығармалары бастаған әдебиеттегі классикалық туындылар адам баласына ортақ құндылық ұсына алады. 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты