Charles Simic. Ақыры айтар болдым (My Turn To Confess)
Ит өзінің неге үретіні туралы өлең жазып еді,
Құрметті оқырман, ол мен едім!
Олар мені кітап дүкенінен аластамақ болды,
Бірақ, айтарымды айтқым келеді:
Менің ием... Құдіреті күшті...
Сонда да олар құйрығымнан алып сыртқа лақтырып жіберді.
Бақшада бәрі, құс екеш құста өз әніне салып шырқап жатыр
Бір қарт адам орындықта отыр:
Қолындағы шағын айнаға сәп сала қарайды,
Күмістей ағарған самайын саусақтарымен қиялындағы тарақпен тарағандай, тарайды.
Мен содан жөніме кеттім,
Аласұрып, таңды көзілмей атырдым,
Қаламыма айрылмас серік болдым.
Жанұшырған бір үн алқымдайды мені:
Ішімде, немесе түзде,
Мен өмір бойы дәп басып жеткізе алмай келе жатқан сол үн.
Аударған Ardakh Nurgaz
(Ақын Hudson Review-ның оны (C.Simic) «күмәнқор метафизик», «жеңіліс тапқан Платоншы» және «көлеңкеге пайғамбардай бас қоя табынушы» деп атағаны бар. Ол ақынның абсурдтық мәнге ие, қою қараңғылыққа арбалған қасіретті өмір көрінісін юморлі тілмен өзгеше жеткізетін ерекшелігін баса ауызға алады...)
(Қасіреттің өзіне езу тартқызатын мұндай қолтаңба ақынның «Ақыры айтар болдым» өлеңінде де көрініс береді. Бұл өлеңдегі сөз сөйлеуші - ит. Ол үреді, өзін естірткісі келеді. Естір құлақ болса, әрине... Өлеңнің соңында ақын мен оның ит кейіпкері айнала қоршаған үрейлі түсініксіздікті сезіне отырып бір түйінге келеді. Әсілінде кейбір дүниені шынымен жеткізіп айта алмайсың. Ақынның түйсінуінше мұнда ит жазған өлеңді түсіне алмауымызға ұқсайтын дүние бар...)
Ақын туралы сілтеме:
https://www.poetryfoundation.org/articles/68933/metaphysician-of-doubt