Иран билігі діни радикалдарды халыққа қарсы айдап сала бастады

b1db10c8508df066be1c2d7591daa748.jpeg (1280×563)

Бүгін де қырық жылға жалғасқан шектеу, діннің атын жамылып ат төбеліндей аз ғантай адамдар билікті ұрлап алып, ел байлығын өз қалталарына басып, шалқып өмір сүріп, қалған тоқсан бес пайыз Иран халқын жоқшылықта ұстаған діншілдердің билігі үлкен сын сағатта тіреліп тұр.

Соңғы күндері тығырыққа тірелген Иран билігі қоғамдағы ұрда-жық діни радикалды топтарды халыққа қарсы қан төгуге жұмылдыра бастады. Діни пәтуалардан басқасын мойындамайтын, әлгі пәтуалардың дұрыс-бұрыстығы туралы ойланып-толғанып жатпайтын мәңгүріттер діни бұйрықты орындау да қан төгіп, халыққа қарсы қырғыншылыққа ашықтан ашық баруда.

Бұл нені көрсетеді? Менің ойыма төрт жылдың алдындағы «Қаңтар қырғыны» кезіндегі көрінісі келді. Сол кезде де діннің атын жамылған мәңгүріттер әлде кімдердің айдап салуымен Алматы қаласы әкімдігін өртеп, қаланы хауысқа айналдырып жіберген болатын. Халықтың алаңғы шыққан бейбіт ереуілін, талабын осылай жолмен арандатқан болатын. Дінни мәңгүріттердің санасында діннен басқа түсінік жоқ. Мемілекетті, оның заңдарын мойындамайды. Ұлтқа қарсы жұмыс істейді. Діннен басқаның бәрін жоққа шығарады.  Пәтуа берілсе болды, бәріне бара береді: олардың қолынан қан төгіп, қиратып-шағу жақсы келеді. 

Ирандағы жағдай бізге сабақ болуға тиіс. Саясатқа дінді немесе діни топтарды тартуға болмайды. Діни ұстанымы бар адамдарға немесе топтарға ел билігін беруге болмайды. Ондай діни сипаты бар билік түбінде тіке бүгінгі Ирандағыдай - кедейлікке, қала берді дінни тероорлық саясат жүргізуге апарады. Мұндай діндік сипат алған жүйеден құтылудың жолы ауыр. Одан құтылу үшін үлкен бодау беруге тура келеді. Айталық елде азамат соғысы орын алады. Оны жасайтын қарақшы күш – билікті көзсіз қолдап шығатын мәңгүріт радиалды діншілдер. Біз бүгін Иранда соған куә болып отырмыз.  

E.Bolatkhan.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты