Қанат Омар (Kanat Omar). Қабан кітап (үзінді)

cf8c00c223666dacf825c4d04416a14b.jpg (2048×1536)


(өлеңмен жазылған комедия)



I

жазық жотада желге қиғаш қараған

виктор карлович мерц*

қол бұлғайды ішек-сілесі қатып

сосын міңгірелейді түнімен

ілуде бір көне жәдігер

тот басқан сақ қанжары туралы

өтірік айтсам міне басым


самай сүйегінде ойнаған найзағай

көшеде қасқыр ішікпен маңғаз жүреді

азуы ақсиып  жақ сүйегі сақылдап

ай астында жүні үрпиіп

түн ортасындағы күйреу мезетінде

ұшқыш барлаушылар ма бұл

жағымсыз дауыс әйнекті тілгендей 

терезеге соғылады 

ысырмасы қайралып


оның қиялында ғажап сауық

ебедейсіз бишілер мен жылауық күміс сырнайдың жабайы көрінісі

ми жаңғақ іспетті қақ айырылған

үйдің төбесіне гүрс етіп құлаған емен

еменді өзі кескен иесі

ағаш тырнағынан тапты қаза

бұтағына ілініп


өзеннің арғы бетінде тұратындар

бие сүтіне кенде емес 

тостағандардың бірақ күл-талқаны шыққан

аузы құрғап жыраққа аттанды

жалпақ бет дала бауырластар

қолдарында ақинақ** теріден киімі 

үстінде өрілген тұлымға жарасатынның бәрі бар

қыстыққан күлкіні тұншықтырады


мұзды қала ішінде  суықтап қалуға шақ

виктор карлович болжамынан айырылғысы жоқ

шарқ ұрып жүгірді

қанжардың сабы жіңішке 

емес тағы бекер ол

алақан терісімен және өкпе-ренішпен күйіп ысылмаған 

ал өкпе тіпті де жоқ

қанжар тыртығы бар жауынгерге де

тіпті сақалы шықпаған бозбалаға да 

жараспас

өте қысқа әрі сондай ғажап

нәзік жаулап алушы әйелдер кешіріңдер мені


көне сауықтарда айтылған мұңды шағымды әндер

жаңғырығы бас сүйегінде қалқып

қазір шамдар күйіп атылып кетеді

түнекте бізге не істе дейсің

әлде бұл баяу әрі осы жерде өтетін

тағы бір емтиxан ба

лифтен солға қарай әлдене шағып алған   ақымақ


ессіз қайраттылардың саны жиырма үш еді

ажалға қасық қаны қалғанша қарсы тұрған

бірі қырылдап дем алады

жолақты қоңыр қағазды жұтқандай

ешкім темір қабырғаларды ұрып шақырмады

өліп кетейін

ешкім де мыжырайған мұрнын иллюминаторға тақап ысқырмады да

бірі жатты созылып 

айқай қысса да үнін шығармай


газды сусын немесе грогпен

будақ түтіннің арасында малмандай су болған

теңіздегі сұр желкенді кері қайтарады

болбыраған өлілер гүлі

өлі балтика мен сенің 

порттағы пайдасыз шарапxанада 

ешкінің көзіне батқан матросыңмын


көктемде имре надь голем

дар орнына шамдар ілінген

сыз тартқан будапешт мінбесінде

жалтақтайды тағы ол

қалшылдаған аудармашыны іздеп

сусылдаған жібекпен маңдайын сулап

қисық тақтаға оянған пешкаға үстемдік етіп

шекараның бекемдігі туралы қалың ойға түседі


адай амазонкасының қылышын қай жігіт қайрады 

кім оны әлдилеп молаға қойды

шеңбермен күйдірілген шабылған төсі

соғыс заңының жантүршігерлік құрбаны әйелдің жанына

домалақ тастың қасына 

бормен әлде ағашпен бе оны түсіну қиын

алтын тостаған жарылған

түн тайғағына әлденені ұмыт қалдырғанын білдіргендей


желтоқсанда тек нені қалай жасау керектігін біл

жаңа ғана көрген түстің ақылға жарық төгетінін де

теңіз көлге айналды ма әлде түгел құрғады ма

ымыртты әкпен тазалай алмайсыз

ауа уланған

терезе буланды тобықтан келетін тұнбада ауыр демаласың

мүйізді делбешілерге арналған маржанды ауызыңа салып


терезеге қыл арқанды және ақ жалауды ілді

демалысы ауыр қыздың қорқынышынан бозарған

жантүршігерлік қарғыс ояна ма деп

жақсы нәрсе болатыны шамалы

егеуқұйрықтар ғана тірі қалады

көңілді аралдарда 

құстар суға батады зең де күшінен айырылар аптап ыстықтан

от шалған ойдан шығарылған жазбаларда


ешқайда тығыла алмайсың

ештеңеге күле алмайсың

сіз не істедіңіз виктор

карлович өзіңіз де байқамайсыз

желдей жылдам

тынышы кеткен өлім ойыншығынан 

не шығарын


...


Аударған Abzal Suleymen



*В.К. Мерц – археолог, көп қатпарлы, тас ғасырына жататын Шідерті тұрағын ашқан Солтүстік Қазақстан аумағына ғылыми экспедиция ұйымдастырған. Мерцтің тапқан жәдігерлерінің ішінде темірден жасалған қысқа қылыш (б.з.д ІІІ-ІІ ғасыр) бар. Оны кездейсоқ жәдігер деп атайды, яғни жазық далада, ешқандай қазу жұмыстарынсыз табылған.

** Ақинақ– скифтердің қысқа қылышы



Қазақстандық ақын Қанат Омардың "Қабан кітабы" атты жаңа поэмасы - "Кітаптар кітабының" толық форматы. Текст кеңістігінде "Құдіретті комедияға", "Игорев жорығы жайлы сөз" және Алексей Хвостенконың "Сүйреуіне" негізделген, скифтер даласына жалпы метагеография жасалған (контекстте Дмитрий Замятиннің саяxаты мен зерттеуі бар). Тариз пен мифологиядан басқа поэтикалық тілді қажет ететін жаңа метафизика туындайды. Қанат Омар - француз сюрреализмі, барокко этетикасы мен ұлттық мифологиялық образды сіңірген шырғалаң мультимәдениетті полифония ақыны. 

Поэма оқырманнан зер салып қарауды талап етеді. Көзге елестете алу керек. Сол үшін де белгілі бір ырғақ беретін кішігірім шумақтардан тұрғаны ыңғайлы. Жоларалық динамика текстің пластикасын арттырса, көп деңгейлі ұйқас тек дауыстап оқығанда ғана табылады. "Қабан кітабы" ұлиды, ырылдайды, өкіреді, ақырады, атынан белгілі болғандай өзін азулы аң сияқты ұстайды. Автордың коментарийіне қарап, сюжеттің жалпы көрінісін байқауға болады: арxеолог жазықта скифтерге тиесілі ақинақты табады. Дантенің жұмақ пен тозағына негізделіп Ұлы Даланың келмеске кеткен елестерін оятады. Сол аралықта саяxаттаған қабан руxы көне тариx кейіпкерлерімен сөйлескендей болып, қорқынышты әрі ғажап көріністерге тап болады.


Қанат Омардың поэмасы заманауи орыс поэзиясының шекарасын метагеографиялық дәрежеде ғана емес, формалды түрде де кеңейтеді. "Қабан кітабының" тілі - орнаметалды тәсілдердің (бос әңгіме немесе Гоголь xаттары) шыңына жетіп, лирикалық сюжетке еніп кетеді. Лиркалық субъектің (Қабан) құрылысы стильден тұрады, стиль өрнектің шексіз қозғалысына тең, бітеу шеңбер домалай береді, адамдар мен жануарлар би қозғалысында жаңа өрнек жасап, шеңбердің ішінде жүгіре береді. 


Иван Полтарацкий (Ақын)


Поэманың орыс тіліндегі нұсқасына сілтеме:

http://articulationproject.net/8308?fbclid=IwAR2ux9YkZfiKv-Ye0Sk_3JcDY3saBsxMJ_gt3hZXqcXLwZ7_ouPFzKKjcB8

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты