Robert Hass. Инелік (II)
Жием Д.Ангол (1934 жыл) Санта Барбарада өзендік бір үндіспен шарапханада шүйіркелесіп отырған,
Маған түсіндірші, сендерде әлем қалай жаратылған.
Жақсы, айтайын, деді әлі үндіс, орман қасқыры тауда тұрып сарығысы келді.
Тоқтай тұр, деді Жием, әнеу күні мен Помелдік үндіспен сөйлескенде, ол тұрып қызыл түлкі жаратты дүниені, деген болатын.
Қызыл түлкі жаратты деді ме, анау иығын қомдап қойыды, бізде орман қасқыры жаратты, делінеді.
Сонымен орман қасқыры сарымақшы болыпты, ол адамдарды топан суда қалдырмау үшін теңіз жаққа бөксесін бұрыпты.
Тоқтай тұр, деді Жием тағы, ол кезде адам баласы жаратылмаған тұрса, қалай топан суда қалады?
Өзендік үндіс бетін тыржиттты, білесің бе, деді, мен бала кезімде осы арада бір гаптың барын білгенмін, әкемнен сұраған едім.
Біз ол кезде Санталге жақын маңда тұратынбыз, әкем аулада ағаш орындыққа отырып алып шарбақ тоқып отырған.
Мен тұрып, ол кезде адам баласы жаратылмаса, орман қасқыры сарығанда қалайша топан суға кетеді, деп сұрағанмын.
Соны айтып үндіс миығынан жымия қойды, әкем маған бұрылып, күлімсірей тұрып
Білесің бе, бала кезімде әкемнен естігенде, мен де осы арада бір гаптың барын сезгем, деді.
Аударған Ardakh Nurgaz
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты
Tags: Robert Hass. Инелік (II)