Gao Xin (高兴). Дара дауыс (独唱)

cbe51ae1318feca8a3624380e8e556f2.jpeg (640×437) 

Оркестрде ол жағынан жаңылып,

Қайта-қайта сүріне берді.

Әбден торықтырғаны соншалық,

Жұрт оны мүлде жек көріп кетті.

Олар оны бір ауыздан қол көтеріп,

Командадан шығарып тастады.

Салыны суға кеткен ол бұрылмастан

Көлге келіп бір-ақ тоқтады.

Сол арада бар дауысымен ән салды-ай келіп,

Ішіндегі шерін шығарып,

Дара дауысты әнші деңгейіне көтеріліп бір-ақ тоқтады.

 

Аударған Ardakh Nurgaz

Gao Xin.Уақыт нұр-сәулесін шашып жатқандай...

Алайда, менің өлең жазуда өзіндік ұстанымым бар. Ақындықта әр қадамды нық басып, орнықты жүруді қалап тұрамын. Меніңше, жұрттың бәрінің өлең жазуына болады, бірақ, олардың ақын болып кетуі екі талай нәрсе. Өлең жазуда, поэзияда мен талант деген нәрсеге ерекше мойын ұсынамын. Өлең жазу бар да, жақсы өлең жаза алу мүлде басқа нәрсе. Шындығында жақсы өлең жазу қиынның қиынынан тұрады. Ал жүрісінен жаңылмай үздіксіз жақсы өлең жаза алу, тіптен, машақатты нәрсе. Сондықтан өлең жазуда төселіп алдым, шабытпен сілтей берем, дейтін ақындардың шығармашылығына менің күмәнім бар. Олар жазған дүние өлең болмауы әбден мүмкін. Өз басым өлең жазудың михнатты шаруа екенін біліп тұрсам да, жазамын, себебі, ол мені сөздің дәмін алып, өнердің құдіретін сезінуге бастайды. Өмірдің мән-мағынасын, дүниенің сиқырлы сазын аңдауыма есік ашады. Бастысы, ол менің ішкі әлемімнің кеңістігін қуаттандырады. Өлең жазып, одан қара сөзге барсаң немесе аударма жасасаң,тілдің құдіреттілігін, ондағы саз бен әуеннің сиқырын, буын мен бунақтың, ұйқастың жанды болмысын сонда сезінесің.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты