Ғабдулла Тоқай. Туған жерге

be6ea3ea59aa90e6eff1c45ff29c0558.jpg (1065×705)

Кетіп ем жапан кезіп, тауды жайлап,

Оралдым тағы өзіңе тағдыр айдап.

 

Батты ғой жай өлкеде мұңға көңіл,

Тартты ғой ақыр, міне туған өңір.

 

Мен байқұс не көрмедім бұл өңірде,

Жатыр ғой шемен болып жүрегімде.

 

Өтті ғой не бір күндер құс сияқты,

Бәрі де үрейлі бір түс сияқты.

 

Толқының жұта алмады алқынғанмен,

Өртің де құрта алмады шарпылғанмен.

 

Аңғардым ақиқатты Ана – мекен,

Өртің де, толқының да жағады екен.

 

Көзіме ыстық менің – орманың да,

Далаң да, жалғыз аяқ жолдарың да.

 

Күзің де, жазы – қысың, көктемің де,

Дорба алып, шоқпыт киген өткенім де.

 

Үрген иіт, қозы-лақтар маңыраған –

Сүйкімді көрінеді бәрі маған.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты