Асанқайғы Сәбитұлы. Еділ бол да, Жайық бол

d592cf50fb1cd2e0c227923fe76cac5b.jpg (1100×637)

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін!

Ауылдағы жамандар

Ел қадірін не білсін!

Көшіп-қонып көрмеген

Жер қадірін не білсін!

Көшсе, қона білмеген,

Қонса, көше білмеген,

Ақылыңа көнбеген

Жұрт қадірін не білсін!

 

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

Ақың болса біреуде,

Айыбын тап та ала бер,

Epeгесin ұрыспа.

Ceнікі жөн болса да,

Атың шықпас дұрысқа.

Miнезі жаман адамға

Енді қайтып жуыспа.

Tәyip көрер кісіңмен

Жалған айтып суыспа.

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін,

Желке тepің құрысып,

Әркімменен ұрыспа.

Ашу-дұспан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің

Tүбi терең қуысқа!..


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты