Timothy Snyder. Ресей, бүгінгі замандағы фашистік мемлекет

9367567439dcc9d2aa6335fb9c23a026.jpg (1050×1050)

Фашизм саяси ұстаным ретінде бүгінге дейін жеңіліс тапқан емес.

Бейақылдық таным мен күшке басуды басты қару ететін фашизм бастан-аяқ өзіне сенімді болды, фашистік Германия ешкімді бетқаратпайтын күшті болсақ, тұтас Еуропа біздің алдымызда құрша жорғалайды, деп түсінді. Екінші дүниежүзілік соғыс қана бұл түсініктің қате екенін дәлелдеді. Дәл қазір, сол түсінік қайта бастан бас көтеріп отыр. Бүгінгі фашистік соғыстың өртін тұтандырған ел Ресей. Егер, бұл жолы Ресей жеңсе, бүкіл әлемдегі фашистік күштер қарық болып қуанатыны даусыз.

Фашизмді Гитлер мен онның жандайшаптарына, немесе еврейлерді қырғындауға атсалысқан адамдармен ғана шекті түсіну қателікке ұрындырады. Фашистік идеология Италия топырағынан қанат қақты. Олар қанды қырғын арқылы өзінен басқаларды құртып жіберуді көздейтін православ дін мүриттерінен тұрды. Фашизмнің жолын қуана-қуана ұстанатындар Еуропадан да, АҚШ-тан да табылады. Олар өзара ұқсап кетпеуі мүмкін, бірақ, қан төгу арқылы өз мақсаттарына жету жағында бір тамырдан нәр алады.

Байқап отырсаңыз, фашизмнің анық анықтамасы жоқ. Жұрт ол туралы қызыл кеңірдек болып дауласып, тіпті ортақ бір түсінікке келе алмай керісіп жатады. Бірақ, бүгінгі Ресей фашизмнің біраз белгісіне тамаша мысал бола алады. Олар көсемге бас қойып табынады (Путинге), екінші дүниежүзілік соғыста өлгендерді көкке көтеріп пір тұтады, одан қалды айтылмыс «алтын дәуір келеді» деген аңызды бетке ұстайды. Сол өткендегі «алтын дәуірді» қайтару үшін бүгін олар Украинаны қанға бөктіріп, қырып-жойып жатыр.

Бұл Украинаның бірінші рет фашизмнің соққысына ұшырауы емес. 1941 жылы Гитлер де дәл бүгінгідей қадамға барған. Гитлердің түсінігінше кеңестік Украина еврейлер басқарып отырған ел, оның көзін жойып, жерін тартып алу керек-мыс. Оның түсінігінде Украина Кеңес одағының отары ғана. Оның бары мен жоғы, бәрі бір, тек Германия империя болуы керек. Соның жолында бәріне баруға болады.  

Бұл бүгінгі Путиннің түсінігімен қатты ұқсас. Кремль ашықтын ашық «Украина деген жасанды ел» деп жар салды. Бұл елді еврейден шыққан азмат басқарып отырғаны да оларға ой салған жоқ. Кремльдің түсінігінше Украинаның  сорпа бетіне шығар тұлғаларының көзін жойсақ, қалған тобыр біздің айтқанымызға жүріп, айдағанымызға көнеді, деп ойлады.        

  ...

Сонымен бүгін фашистер өзгелерді «фашиссің» деп атап, қан төгіп, соғыс ашып жатыр. Бұл осы идеологияның дамуының ұшар биігіне көтерілгенін, ақымақтықтың өзін көзсіз қабылдауға жеткенін аңғартады. Өтірік үгіт-нәсихат, шындықты бұрмалау, жалғандықты шындық ретінде үйіп-төгіп жұрт санасына тықпалау бүгінде өзінің шегіне жетті. Өзі фашист Путин басқаны «фашист» деп атауды басты қаруына айналдырған. Ақылға симайтын мұндай сұмдыққа жұрт түрлі-түсті атау беруде. Соның ішіндегі украиндардың «орыс фашизмі» деген атауы тарихта қалады-ау тегі.     

  «The New York Times», 19.05.2002.

Аударған Баян Ардақ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты