БҰҰ Шинжаңның адам құқығына қатысты мәлімдемесі жарыққа шықты
2022 жылы 31 тамызда Бірлескен Ұлттар ұйымының адам құқығы коммитеті (United Nations Human Rights Council) Қытайдың Шинжаң өлкесінің адам құқығына байланысты мәлімдемесін жарыққа шығарды. Мәлімдемеде Қытай билігі Шинжаңдағы айтылмыс Қайта тәрбиелеу лагерлерінде саны аз ұлттарға қарата «Заңсыз қолда ұстау, ұрып-соғу, азаптау, жыныстық қорлық көрсету, зорлықпен туыттан шектеу, т.б. адамзатқа қарсы қылмыс жасап отырғанына сенімдіміз», - делінген.
Бұл мәлімдеме Қытайдың соңғы жиырма жылда Шинжаңдағы саны аз ұлттарға қаратқан бірте-бірте ушыққан, қатал саясатының соңғы нәтижесіне қаратылған қортынды сипатты құтат болып отыр.
2000 жылдың алды-артында Қытай билігі Шинжаңда ұлттық мектептерді жауып, ұлттық тілдерді жоюды көздейтін жүйелі-жоспарлы саясатты күшейткен болатын. Осы қатарда Ұлттық автономия заңның болғанына қарамастан, жүздеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінде кітап шығару шектелді, қазақтар, жас ұрпақ ана тілінен ажырай бастады. Сол саясаттың соңы, ақыры міне, бүгін өркениеттен адасып - «адамзатқа қарсы қылмысқа» ұласқаны белгілі болып отыр.