«Естеме, мен үшін қазбалап таусылмайтын кешірме...»

ae981ca46bee5b8e068781e9749261f0.jpg (1000×1000)

Кеше кешкісін Швед Патшалық әдебиет академиясы осы жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегерінің атын атады. Шығармаларында «батыл да өткір бақылау қуатымен жекеге тән естемені жеріне жете қазбалап, даралық пен топтық сананың қайшылығын тамаша суреттегені үшін» (“for the courage and clinical acuity with which she uncovers the roots, estrangements and collective restraints of personal memory”) 2022 жылғы Нобель сыйлығын француз жазушысы Annie Ernaux алғаны белгілі болды.

Жазушы 1974 жылы  ғұмырнамалық «Қаңыраған шкаф» (Les Armoires vides) романымен әдебиетке келген. Онға тарта романның авторы. Бірнеше халықаралық әдеби сыйлықтардың лауриаты. 2021 жылы «Бастан өтіп жатыр» (Happening) атты жаңа кітабы жарық көрген. Осы романы негізінде түсірілген кино фильм Венеция кино фестивальының «Алтын арыстан» номинациясын жеңіп алған. 2014 жылдан кейін Нобель сыйлығы тағы бір рет француз әдебиетіне бұйырып отыр.

 

Bayan Ardakh

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты