Ресей ядролық қарусызданатын болады...

5075284f3d22f9d33c6968652d1a09ac.jpg (640×397)

Ресейдің халықаралық тәртіп пен заңдарды аяққа таптап, ашықтан-ашық Украинаның жеріне сұғанақтық жасап соғыс бастағанына тоғыз айдан асты. Осы уақыт аралығында көп дүние өзгерді. Біз (Украина) бен Батыс елдері (АҚШ, Еуроодақ елдері) арасында бүгін мынадай  5 түрге саятын пікір ортақтығы бар.

 

1. Бүгінгі таңда соғысқа байланысты біз бен Батыс елдерінің танымында анық түсіністік бар;

2. Соғысты қалай аяқтату, қандай жолмен және қай уақытта аяқтату толықтай Украина жақтың билігінде тұр;

3. Батыс елдері Украинаның территориялық талабын толықтай қолдап отыр. Украина соғысты 2014 жылғы шекарамен тоқтатпайтыны анық.  

4. Батыс елдері соғысқа қажетті қару-жарақ пен басқа да көмек беруде толық бір ауыздылыққа келді. 

5. Соғыстан соң Путин бастаған топ Ресей билігінен аластатылатын болуы тиіс.

 

Михайло Подоляк

Украина президентінің кеңесшісі.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты