E.Bolatkhan. Екі империяның көрін қазушы
Джо Байден туғанда екінші дүние жүзілік соғыс жүріп жатқан еді. Сол соғыста АҚШ бастаған батыс елдерінің жеңісінің тұғырында Winston Churchill тұрды. W.Churchill 1941 жылы желтоқсанда Германияға қарсы соғыс туралы өзінің әйгілі сөзін айтқаны белгілі. Джо Бaйден осы сөздің рухымен рухтанып өсті. Есейіп, қоғамға-саясатқа араласқан өткен ғасырдың 60-шы жылдарында жаңа буын саясаткер ретінде бар ынта-жігерімен Кеңес одағына қарсы шептің өтінде өмір сүрді. Джо Байден барлық жағынан «Қырғи қабақ соғыстың» талабынан жаралған және ерлік-жігері, білімі мен білігі сол үшін шабатын аттай дайын тұлға болды. Ол үлкен саясатта өзінің бір кісідей рөльін атқаратынына сенімді еді.
Бірақ, 1991 жылы Кеңес одағы кенеттен жалп етіп құлады. Одақтың құлауымен дүние өзгерді. Бастысы әлемнің саясат сахнасында үлкен бет бұрыс орын алды. Идеологиялық теке тірестің уақытты өтті. Кеңес одағы сияқты империяға қарсы барын арнауға дайын, қылыштай қиып түсетін дайындықпен отырған Джо Байден үшін бұл нысананы жоғалтумен бірдей еді. Идеологиясыз тартыссыз жаһандану заманында Джо Байденнің білімі мен білігі, бар мүмкіндігі қажетсіз дүние еді. Оны өз мүмкіндігін ендігі уақытта сылап-сипап қана қынабына салып, жылы-жауып қоюдан басқа шара да шарасы да жоқ еді. Өткен 30 жылда Джо Байден АҚШ саясатында биік мінберлерде көрінгенімен, бәрібір тек көптік бірі ғана болды.
Бірақ, сәттілік Джо.Байденнің жағында тағы бір рет шықты. Джо Байден АҚШ мемлекетінің 48 кезекті президенті болып саяланғаннан дәл бір жыл өткенде орыстар Украинаға шапқыншылық соғысын бастап кетті. Бұл соғыс жаһандануға мүлде қарсы, әлдеқашан қираған Кеңес одағын еске салатын еді. Айтып-айтпай Путиннің есерсоқтығы Кеңес одағы идеологиясының жаңғырығы екені анық.
Сонымен 80 қараған шағында Джо Байден 40 жасындағы өміріне, жігеріне жалпы сол кездегі өзіне қайтып оралды. Дәл қазір әлем елдерінің саясат сахнасында жүрген тұлғалардың бәрі дерлік жас адамдар. Олардың дені Кеңес одағына қарсы кезеңнің дайындығы мен тәжірибесінен хабарсыз жандар. Бұл жағынан олар Джо Байденнің алдында көп дүниеден хабарсыз жасөспірім бала сияқты. Сонымен соғыстың нағыз тізгін-шылбырын Джо Байденнің қолына тиді.
Осы соғыста АҚШ-тың орыстарды енді қайтып империя болу үмітінен біржола айруға бекігені анық. 1991 жылы саясаткер ретінде Джо Байденнің Ресей федерациясын одан әрі ыдыратып жіберу туралы бастама көтергенін білеміз. Ол кезде АҚШ билігінде отырған республикашылдардың бұл қадамға бармағаны белгілі. Енді бұл нысананы жүзеге асыуға мүмкіндік бар. Оған НАТО мен Еуропа одағы да мүдделі. Бірақ, Джо Байден Ұлы Жаратушыдан тағы бір тілек тілеп отырған сыңайлы. Ол Қытайдың Ресейге ашық қолдауға көшуін тілеп отыр. Егер осы қадам жүзеге асса, онда батыс елдерін толықтай өз туы астына жинаған Джо Байден үшін Ресей мен Қытай сынды екі империяны қатар құртып, бір жола ыдыратып жіберуге мүмкіндік туды, деген сөз. Бір үміт іске асса, саясаткер үшін одан артық не керек.