Халифаттың қаржысы қайда құйылып жатыр?

e2f4bfb15d5d033dd7887005f040001e.jpg (1280×720)

Қазақ дінсіз халық емес. Арыда Тәңіршілдікке, беріде исламға тән дүниетанымның иесі. Қазақ ұлт ретінде толық дайындығы бар, қалыптасқан халық. Туғаннан (тал бесіктен) өлгенге (жер бесікке) дейін жеке тұлға мен топтық (қоғамдық) өмір дағдысына қажетті дүниенің бәріне ие: дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани болмысы, әдебиеті мен өнері, ұлттық болмысына тән тұрмыс тіршілігі, киім-кешегі, ас-мәзірі, тұраржайы, тілі, тарихы, мемлекеттік формасы, сондай-ақ Еуропалық осы заманғы (модернистік) өркениеттің сарайына кірген (ғылым-білім, оқту, зерттеу, философиялық-логикалық ойлау заңдылығын игерген адамзат өркениетінің 21 ғасырға тән шарттарын орындаған) ұлт.

Міне осындай ұлтты, бүгінде біреулер, анықтап айтқанда асыра діншілдер тамырынан айырып, біртіндеп жоюға жұмыс істеп жатыр. Қазақты ұлттық болмысынан бездіріп, «толық дінге келу керек» деген жалған насихатпен Ұлтсыздандыру бағытында халифатшылдыққа тартып, өздерінің арам мақсаттарын жүзеге асыруға кірісіп жатыр.

Өкініштісі, олардың мақсаттары жүзеге асу үстінде. Сириядағы соғыс көп ұзамай «Халифат құруға» қарай бағыт алғаны жұртқа белгілі. Адамзат қоғамын жабайы, қатгез ортағасырлық қараңғылыққа қайта бастайтын халифатшылдықтың қандай күш алғаны, оның тасасында үлкен қаржылық қолдаудың жатқаны ешкімге де жасырын емес. Міне, бүгінгі таңда осы халифат құруды көздейтін қаржы ағыны өзге бір арнамен біздің елге құйылуда. Асыра діншілдікті дәріптеп, ұлттық болмысқа қарсы кез келген әрекетті қаржылай қолдау олардың басты мақсаттарының бірі. Олар Қазақстанды зайырлылықтан айыруға, дін мен билік біріккен шариғат заңымен өмір сүретін Иран немесе Ауғаныстан сияқты мемлекет жасауға күш салып жатыр. Ол үшін қазақты ұлтсыздандырса, тарих дүниетанымынан айырса ғана жетіп жатыр.

Екінші бір қырынан айтқанда асыра діншілдердің бүгінгідей тайраңдауында да өзіндік себеп бар. Тәуелсізідктен кейін Назарбаев пен оның командасы ұлтты ұйыстырып, ұлтты рухани қуаттандырып, ұлт пен ұлттық мемлекеттің айрылмас бірлігін қалыптастыруға, соны нығайтуға оңды жұмыс істеп кете алмады. Тәуелсіздікке жетсек те, біз ұлтқа қызымет етуде, ұлтты қуаттандыруда, дамытуда, әулеттендіруде біркездегі Алаш қайраткерлеріндей өнімді жұмыс істей алғанымыз жоқ. Әр бір қазақты мемлекеттілігімен мақтанатындай сезімге бағыттай алғанымыз жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт. Бүгін біздің басымызға Дамкол семсері төніп тұр. «Мұсылман бол» деген жалған желеумен, аңқау қазақты алдымен қорқытып, соңынан алдап ұлтсыздандыру біздің түбімізге жетіп, мемлекеттілігімізден айыруға қарай бағыт алып барады. Енді оянбасақ, қарсы қам жасамасақ, батыл жұмыс істемесек, бәрі кеш болады. Халифатшылдар қарапайым халықты өз жағына тартумен қатар, бүгінде бизінесті толықтай өз бақылауына алуға барынша кірісіп жатыр. Үкіметтік маңызды орындарды қолға келтіруге ұмтылуда. Мұның бәрін олар бір орталықтан басқарылатындай өте жүйелі, сәтті іске асыруда. Оған салыстырғанда ұлттық мүддені қорғау бағытында ештеңе істелмейді, десек, артық айтқандық болмайды. Ұлттық мүддені қолдауға қажетті қаржы көзі тіпті жоқтың қасы. Бүгінгі қазақ ұлты тек бойындағы ата-балалары қалдырып кеткен мүмкіндігімен ғана ұлт болып тұр. Сол қуат сарқылған күні бәрі аяқталатын болады. Біз қазір көзіміз бақырайып қарап отырып мемлекеттілігімізден, өркениеттің көшіне ілескен жарқын болашағымыздан айдың-күннің аманында айырылу үстіндеміз. Бұл ойланбаса болмайтын жағдай.

Жалпы қазақ ұлты өз келешегінің қалай болатынына таңдау жасайтын сын сағаттың алдында тұр. Бұл туралы билік пен халық ойлануы тиіс.

Ардақ Нұрғазы

Ақын, сыншы, драматург.

E.Bolatkhan. Тоқаев сабақ алды ма, немесе қазақ неге радикалданды?

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3810

 

Bayan Ardakh. The Kazakhs for many centuries are secular Muslims

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3424

 

Ardakh Nurgaz. Ұлттық мемлекет һәм азаматтық қоғам

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3702

 

Ardakh Nurgaz. Қазақстан үшін үшінші жол жоқ!

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3811

 

Ардақ Нұрғазы: Ердоғанның ұлы жорығы немесе исламның туын түркілер көтере ала ма?

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=3486


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты