Уолт Уитмен, ол нағыз ақын

f7602d4ebb373c6cb50b8dbc22c851f1.jpg (1080×1337)

«Уитмен - классик. Алайда, аспандағы күнді де аңғармайтындай, оның классик екенін байқағысы келмейтін жалғыз ел - Америка болуы ғажайып-ақ», депті Бернард Шоу.

Иә, Америка - Уитменнің отаны. Ол - Американың ақыны. Өз отанын жан-тәнімен сүйіп өткен, жырлап өткен. Өзінің қарапайым отандастарын ақиқат пен адамгершілікке, адал демократияға үндеген. Арларын ақша мен капиталға құл еткен билеуші қауымға өзінің ғаламат талантын қарсы қойған-ды.

Міне, сонысы үшін де, Американың билеуші топтары, Уитменді өз халқынан калайда алыстатып баққан. Бүкіл бір елдің болмыс-тірлігін жеріне жеткізе жырлаған ақынды әзіргі Американың милитаристері де біржола үнін өшіріп тастауға тырысулары да сондықтан.

Алайда, Унтмен бар. Ол өзінің өлмес күресін әлі жалғастыруда. Идеялық үлкен қақтығыстар Уитмен төңірегіне келіп, тоқайласа беретіндігі тегін емес.

Достык, тыныштык, шынайы-шын демократия - Уитмен поэзиясының арқауы осылар; оның нағыз материалист екендігіне ешкім де дау айтпаска керек.

Унтмен 1819-жылы Американың шағын бір ауылында, фермердің семьясында дүниеге келген. Тіпті, орташа да білім алып үлгірмей, өмір қосын ерте тарткан. Ұлы дарын ұлы өмір кешіп, калайда бар талантын халқына беріп кету жолында істемеген кәсібі де қалмаған, ұзақ жылдар паралич соғып, төсек тартып жатқанның өзінде де қаламын-қаруын тастамаған. Әлемде болып жатқан саяси күрестен бір сәтте бимағлұм қалмай, прогреске, революцияға өз үнін қосқан шынайы интернационалист. Ол 1892-жылы дүние салды. Үстіміздегі жылы оны құрметтейтін қауым 150 жылдығын атап өтпек.

М. Макатаев

Уолт Уитменнің қазақ тіліне аударылған жыр жинағына жазылған алғысөз.

1969ж.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты