Cleanth Brooks. Keats-тің «Орман тарихшысы» сілтемесіз тарих

 af5530f50481ee7f28e5eff574e665c5.jpg (686×386)

Китс поэзиясында Арчибальд Маклейштің «Поэзия тұспалдамауы тиіс, оның өзіндік мәні бар» (A poem should not mean / But be) деген нақыл сөзін құптайтынын көрсететін көптеген жолдар бар. Тіпті әйғілі одаға шабыт берген грек құмырасы (шынайы немесе қиялдан туған болса да) Китс үшін жай ғана поэма, «көрнекті әрі мылқау» тастағы поэма болған деген ойды меңзейтін пікірлер де бар. Сондықтан бұл жердегі таңғаларлық нәрсе - «Оданың» өзі, оның Китстің басқа туындыларынан тым ерекше болуында. Басты мәні - тіпті әлдебір бейәдеп тұжырымның өзі шарықтау шегіне жеткен кезде де, белгілі бір деңгейдегі өсиеттік сипатқа ие екенінде; құмыраның сұлулық екені ақиқат дегенді айтуында.

Бұл даналықтың бір шеті жалпы өмірдің соңы өліммен аяқталатынын қорытындылауға алып келетін ащы шындықты жеткізуінде жатыр. Ақиқатты баяндау арқылы емес, ақиқаттың шегін анықтау арқылы объективті коррелят доктринасын бұзуды «білдіреді». Бірқатар сыншылардың одан жаңа түскен қалыңдықтың ерекше қарсылық танытатынындай тазалықты байқағаны айтарлықтай таңданыс тудырмайды.

Т.С. Элиот, мәселен, былай дейді: «Өлеңнің осы бір жолы («Сұлулық дегеніміз - ақиқат» т.б.) әп-әдемі туындыдағы елеулі бір кемшілік ретінде мені ерекше алаңдатты. Мұның себебі менің не оны дұрыс түсінбеуімде, не болмаса ол тұжырымның жалғандығында жатқан болуы керек». Тіпті мағынасын түсіндік деген адамдардың өзіне бұл өлең жолында бір кінәрат бардай сезіледі. Китстің басқа да поэмалары мен хаттарын талқыға салғаннан кейін, оның «сұлулық» және «ақиқат» деген сөздер арқылы нені тұспалдағанын аңғардым. Ал «Китс оларды жақша ішінде бір қатарда тұруына мүмкіндік беретін мағыналар үшін қолданды» деген Мидлтон Мюрридің өзі былай деп түжырым жасауға мәжбүр болды: «Менің өлең контексіндегі осы екі шумаққа қатысты пікірім Т.С. Элиот мырзаның пікірінен ерекшеленбейді».

Бізді алаңдатқан поэмаға қисынсыз «шабуыл» жасалғаны, яғнн оңделгені көрініп түр. Ол бірақ жасанды болуы да мүмкін, өйткені толықтай сай емес.

Шынында, бүл Гэрродтың наразалығы еді. Бірақ Гэрродтың «Оданың» соңғы бөлігіне білдірген қарсылығы жалпыға ортақ мойындалған «модерн» талаптарын сынауға еш кедергі келтірмейді.

Мәселе Элиот, Мюррей мен Гэрродтың «Сұлулық дегеніміз - ақиқат, ақиқат дегеніміз - сүлулық» деген өлең жолдары поэмаға зиянын тигізді деген көзқарастарының маңыздылығында емес. Бүл жердегі оның қозғау салғаны жалпы сұлулық пен ақиқатқа байланысты: «Поэмадағы сүлулықтың (жақсылық, кемелдік) ақиқатқа немесе өзгелерді нандырып отырған жалғандыққа қандай қатысы бар?» Бүл - салмақты сөз. Біздің өз ұрпағымызды алаңдатып отырған мәселе, И.А. Ричардстың сөзімен айтқанда: «Бұл сенім мәселесіне айналды».

«Ода» сұлулық пен ақиқатты батыл теңестіруімен осы мәселені өткір көтерген, оган қоса, поэманың өзі жалпы поэзняның, өнердің табиғаты жөніндегі өснет әңгіме болуға арналғаны анық. «Ода», шын мәнінде, жұмбақ тәмсіл болды: сұлулықты ақиқат деп айқындап, әдеттегі жосық ретінде Китс туындысын таза өнер қатарына жатқызуға болады. Бірақ ақиқатты сұлулық деп анықтау және отызыншы жылдардағы маркстік сыншылармен пікір таластыру, онерді насихаттау тұрғысынан алғанда, өте орынды. «Сұлулық дегеніміз - ақиқат, ақиқат дегеніміз - сұлулық» деген тұжырымның екіұштылығының өзі бізді бұл тұжырымның оқшаулығын мәлімдеуден сақтандырып, осы тұжырым кұрылған контексті қайта қарастыруға мәжбүрлейді.

Ендеше, біздің Китстің пайымдауларына, әңгімелері мен хатгарына жай ғана қайта оралуымыз жеткіліксіз болады. Біз ол жерден «Джон Китс қандай ботқа жеді?» деген Браунингтің ирониялық сұрағын зертгеуді жөн керген стипендиат тарапынан да мардымды жауап таба алмаймыз. Оның табиғи не қиялдағы ботқаны, әйтеуір, қандай да бір ботқа жегенін білсек те, «мадақ» мәселесін шеше алмас едік. Себеп түсінікті болуы керек. Мәселе - сұлулық пен ақиқаттың байланысына сендірмек болған Китстің ер адам болғанында емес, Китстің ақын ретінде осы байланысты өлең жолдарында қалай сүреттей алғанында. Миддлтон Мерри дұрыс айтады: «поэманың соңғы тұжырымы жалпы контекст үшін аса маңызды».

Шындығында, Элиот «Одаға» шабуыл жасаған өзінің үзіндісінде біз қорғауға тиісті болған жалпы бағытты нұсқады. Онда Элиот «Оданың» қорытынды жолдарын «Король Лирдегі» (King Lear) «Кемелдену - зерделіліктің шырқау шыңы» {Ripeness is all) деген жолдарға қарсы қойып, салыстыруды одан ары жалғастырады. Китстің олең шумақтары оған жалған сияқты көрінеді. Екінші жағынан, Шекспирдің сөз оралымдары нанымдырақ, тіпті ол ақиқат болуы да мүмкін деп есептейді. Басқаша айтқанда, қорытындысында Шекспир ақиқат туралы мәселе қоюдан аулақ болуға ерік береді. Түптеп келгеиде, бүл ақиқат пен жалғандық мәселесі ме? Осы жерде Элиотгың нәтиже айырмашылығы жөніндегі қызығушылықтан туындаган пайымдарына жүгінеміз: «Кемелдену - зерделіліктің шырқау шыңы». Бүл драмалық кейіпкердің аузымен айтылып, пьесаның он бойындағы контексте реттеліп, айқындалып отырады, дегенмен ақиқатты зерттеуге тікелей қауіп төндірмейді, өйткені оның маңыздылыгы көрсетіліп, драмалық контекст арқылы өзгеріп отырады.

Китс шумақтарының дәл осындай жолмен, белгілі бір кейіпкердің аузымен әдейі бұрмалануын, поэманың жалпы контексі арқылы түрленуін көрсетуге болады делік. Егер бұл сөздің «кейіпкер мінезіне сәйкес» қолданылғанын, драмалық орындылығын және әрекетке лайықты дайындалғанын дәлелдей алатын болсақ, онда ол шумақтардың «Кемелдену - зерделіліктің шырқау шыңы» деген жолдарды ақтайтынын білдірмей ме? Олай болса, біз неліктен драмалық тұрақтылық тәрізді ұстанымның пайдасы үшін ғылыми һәм философиялық ақиқат мәселесінен бас тартуға тиіспіз? Мен кез келген жағдайда сүйенуге болатындай осындай бір ұстаным болуы керек деп ойлаймын. Қалай болғанда да, «Грек құмырасына ода» осындай әрекеттің салдарын сынауда соншалықты тиянақты үлгі бола алады.

Бұл әрекет туралы ашық айтқан жөн сияқты. Поэманың соңғы шумақтарының драмалық түйіні дайын болғанына көз жеткізу үшін толық оқып шығу қажет. Сондықтан оқырманға да қатысты бірқатар талаптар бар, ол өз тарапынан бұл талаптармен келісуі тиіс. Ол құмыраның ертеректегі айтылған сипаттарын жай ғана бұлыңғыр сипаттама ретінде теріске шығармауы керек. Егер «қарапайым декорация» мағыналы символизмге айналса немесе ирония тек миығыңа мысқыл ұялайтын жерден табылса аса таңғалмау керек. Өзін қызықтырған құмыраның жұмбағы таңдандырмаса, онда поэмада жасырылған, парадокспен байланыстыратын бірде-бір ұшқыр энергетикалық қуаты жоқ бөліктерден парадокса табамын деп аса әуреленудің де қажеті бола қоймас. Бұл, әрине, оқырманға тым көп талап кою емес, нақтырақ айтсақ, Китстің бұл сөзбен не айтқысы келгенін және оның бұл сөздерді қаншалықты аса мұқият таңдағанын шамалау ғана. Ақырында, поэма баяу болса да парадокс нотасынан басталады, себебі біз құмыраның сөйлеуі мүмкін деп ойламаймыз, дегенмен Китс бұдан да көп нәрсеге қол жеткізді. Ол өзінің поэмасын парадоксті нақты көрсетуден бастады.

Құмыраның тіл қатпауы баса айтылады: бұл - «тыныштықтың сүйіктісі»; «тыныштықтың асыранды баласы»; сонымен бірге құмыра «тарихшы» да болып кетеді. Тарихшылар шындықты айтады; болмағанда, олардан нақтылықты дәметуге болады. «Орман тарихшысы» деген кім? Агашты, орманды, жерді ұнататын тарихшы ма? Әлде ормандардың тарихын жазатын адам ба? Сірә, құмыра осындай екіжақты мәні бар орманшы болар. Шынында, соңғы мағына үстіртін: ол құмыра /гүлдер ертегісін біздің ұйқасқа қарағанда әлдеқайда жақсы жеткізе алады, ал құмыра «Темп немесе Аркадия алқаптарының» (Тһетре or the dales o f Arcady) «жапырақтар аңызын» баяндайын деп отыр. Алайда кұмыра өзінің әңгімесіне арқау болып отырған «жапырақ аңызындағыдай» тамаша ағаш жапырақтары және шіріген құрақтар көмкерген алқаптар мен орманға оранған. Біз кұмыра тарихының баяндалу әдісін қарастырсақ, онда оның неліктен екіжақты мағынасы бар орманшы екенін айқын аңғарамыз. Бәлкім, оның ауыл тарихшысы, орманшы, шаруа тарихшысы болуы біздің санамызда оның дәрежесін көтеріп, айтып отырған хикаясының «растығын» білдіретін шығар. Китстің өзі мойындағандай, бұл хикаялар жалпы формалды хикая емес «ертегілер» ретінде сипатталады.

Орман тарихшысы белгілі бір атауларды немесе уақытқа қатысты деректерді ұсынбайды. «Бұл қандай адамдар? Әлде Құдайлар ма?» - деп сұрайды ақын. Оның жеткізетіні адамдар мен құдайлардың, яки құдай іспеттес адамдардың немесе адамнан жоғары тіршілік иелерінің (сайтанның емес) - барлығының бейне бір сұп-суық мэрмэр кұмырадай тас-түйін іс-әрекеттері. «Ессіз» және «таңданыс» сөздері кездескенімен, бұл көрініске қозғалыссыз һәм жансыз құмыра ғана серпін беріп тұр. Парадокс одан ары жалғасады: ол - күштеу-зорлау, жүгенсіз махаббат көрінісінің бірі, алайда қүмыраның өзі «әлі пәк қалыңдық» немесе «тыныштық пен баяу уақыттың» перзенті күйінде қалды десе де болады. Бұл жай қарапайым балаға ұқсамайды, «асыранды бала» сияқты. Ойымызды одан әрі нақтылай түсуге болады. «Тыныштық пен баяу уақыт» шынайы ата-ана емес, өгей ата-ана болар деп болжадық. Өздері перзентті болу жасынан асып кеткен де сияқты. Сондықтан «балаға» ата-әжесі есебінде. Құмыра әлі жаңа және бұзылмаған қалпында; өзінің көнелігіне қарамастан әлі де жап-жас. Оның осындай болуына барлығын да аяусыз жалмайтын уақыттың да үлесі бар.

Екінші шумақ бізді құмыра арқылы суреттелген, бірақ белгілі бір пішіні бар тұтас болмыс ретіндегі құмыраға емес, оған жапсырылған бөлшектермен бейнеленген басқа әлемге жетелейді. Сөйте тұра, біз бұл әлемге енген кезде құмырада бейнеленген нысандар тұрғысынан тосын үнсіздік жалғасады.

Шумақтың алғашқы жолдары біршама батыл тосындықты (парадоксті) айғақтады, қанша оқылса да әсері басылмады. Біз оның өткірлігін қайтадан оңай жаңғырта аламыз. Ілтипатпен, сақтықпен айтылса да, бұл тұжырым қисынсыз, дегенмен ол - сөйлейтін кұмыраның о бастағы ақиқат метафорасының деңгейіндегі шыншыл оқиға. Бұрын естіп көрмеген әуен, кез келген құлаққа таныс әуенге қарағанда, әсерлірек сезіледі. Ақын тіпті өзінің менмендігін әжептәуір қулықпен бүркемелеп, «сендер жұмсақ кернейсіңдер» деген сөздермен өрнектейді. Шындығында, біз «жұмсақ» деген сын есімді мәжбүрлі түрде құптамайақ, ақынның метафорасын қабылдауымызға болар еді. Кернейдің үні «естілмесе» де, одан шыққан дауыстары ащы, дәл бірінші шумақтағы, құмырада қатып қалған фигуралардың іс-әрекеттері тәрізді қатаң және салтанатғы, төртінші шумақтағы тәрізді баяу әрі еңсеңді езіп жіберетіндей жаназа жыры бола алады. Одан басқа, кернейді «жұмсақ» деп сипаттаумен қатар, ақын өзінің метафорасы үшін шынайы негіз ұсынды: керней үндесе, үйлесе өте жұмсақ ойнайды; егер біз құлақ қойып тыңцайтын болсақ, оны ести аламыз; оның әуені бір қалыпты карапайым дыбыстың шегінен төменірек тұрады.

Осы жалпы парадокс шумақтың арқауына айналған: актерлер қозғалмаса да, іс-әрекет жалғасады, жән толастамайды; ғашығы әнді қиып кете алмайды; әрқашан сүюге лайықты, шындығында, ешқашан ғашық болып көрмеген сұлу сол өзгермеген ару кейпінде қалады. Бойжеткен, расында да, «тыныштығы бұзылмаган» құмыраның өзі сияқты: он екіде бір гүлі ашылмаған пәк қалыңдық тіпті өзін сүйгенде де таңданбауының ақиқаты, бәлкім, оның әу бастағы кір шалмаған тазалығында болар.

Ақын оқиға орнына, әдеттен тыс жастығы мен сұлулығына басты назар аударған, оның өзі уақытқа кереғар, мәңгілік сипатқа ие болып тұр. Сонымен қатар ақын өзінің метафорасына әділдікпен қарайды. Суреттелген сұлулық жансыз болғандықтан, ол - мәңгілік. Сонымен бірге бірқатар сөздерге ерекше басымдық бере отырып, сарынды біраз өзгертіп, сөздердің астарлы мәндерінің мағынасын қоюландырып беруге де болар еді. Сондықтан «сен тастап кете алмайсың /әніңді» деген сөздерді былайша түсіндіруге болады: музыкант әуенді тастағысы келсе де, тастай алмайды, ол оған тұтқын сияқты басыбүтін байланған. Дәл осындай тұспалдау жолымен «ғашық жан толық қанағаттанбады және ол риза емес» дегенді «ешқашан сүйе алмайсың/дегенмен қамықпа» деп нақтылап күшейтсе де болар еді. Бұл жолдар ақынның өткір ажуаға берілгенін көрсету үшін келтіріліп отырған жоқ, бірақ біз үшін парадокстің өте орынды қолданылып отырғанын көрсетудің маңызы зор. Әсіресе ол келесі шумақта көрінетін сарынның өзгеруі тұрғысынан құнды.

Осы үшінші шумақ, көптеген сыншылар атап өткеніндей, бұрынғы мотивтердің (сарынның) қайталануын айғақтайды. Сахна төрінен жапырақтарын төге алмаған бұтақтар, сергек сазгер һәм үнемі жалындаған ғашық жан көрінеді. Шынында, мен «бұл шумақ алдыңғы нәзік те берік негізгі шумақтардан алшақ кетті» деген айыптауға қарсы тұра алатыныма соншалықты сенімді емеспін. Сахнада кешігіп тұрып қалу әсерлі деген де түсінік бар. «Бақытты» деген сөздің қайталануы, сірә, басынан кешкен оқиғаның көрінісі болуы мүмкін. Менің пікірімше, соңғы екі жолда емес, дәл осы тұста мадақтаудың қателігін табуға болады. Дегенмен біз әлі де үшінші шумақты қоргауға тырыссақ, онда біз қайталанған ойлардың тосын мағыналарына баса көңіл аударып, діттеген ойымыздың үдесіне жақынырақ келеміз. Себебі бұл шумақта, қандай да бір даму болмасын, тосын элементке баса назар аударылады. Мәселен, «бұтақтар көктеммен қоштаса алмауда» деген жолдар «ағаштар ешқашан жалаңаштана алмайды» деген ойды қайталайды, алайда жаңа желі сөйлемнің салдарын күшейтіп отыр. Төгілген жапырақтар - ишарат, көктем қуанышымен қоштасу сөздері. 2-шумақ сазгер естімеген әуен болғандықтан, ол оны әсерлірек орындайды. Алайда үшінші шумақта өз махаббатынан бас тартпаған ғашық жандай, оның да өз өлеңінен мезі болмағаны меңзеледі. Өлең де, махаббат та аяқталмайды. Өлеңдер «ұдайы жаңалана береді, жаңалана береді», себебі олардың шегі жоқ.

Парадокс «үнемі жылы сезімге бөленген әрі әлі күнге қуанышты» деген ғашық жанның жағдайында одан әрі қарай жалғаса түседі. Тап осы жерде екіұштылыққа тап боламыз. Себебі «әлі де қуанышты» деген сын есімді «жылы» деген сын есім деңгейінде қолдануга болады, яғни «әлі таза һәм жылы». Алайда жалпы поэманың мазмұны, махаббаттың жылуы әлі де бойына тарамағанына байланысты деген мағынаны меңзеп тұр; «жылу мен рахатты жалғастыруға негіз бар» деген тіркес, сонымен қатар «жылы, себебі әлі де рақатын көруге болады» деген мағынаны білдіруі мүмкін.

Ақын өз метафорасын осы үшінші шумақта одан әрі дамытып, кеңейте түскен сайын, ироннялық тепе-тендік те әрі қарай дами түседі. Алғашқы шумақтардағы «жылы» және «ынтызар» махаббат кейінгі шумақтарда кенеттен «Сонау «жоғарыда» - жаратушы әлемде - адами құштарлықпен тыныстаган» (ынтыққан) болып шығады. Бірақ бұл әу баста ынтығу құштарлыгы болса, соңында үздігу шегінен шығып, мүлде адами құштарлықтан алыстап кетеді.

Кейінгі шумақтардағы ирониялық астарлы мағынаны баса көрсетудің мақсаты - Китсті кемсіту емес, автордың өзі түсінбеген салдарын ашып беру. Ақын өзінің не істегенін анық біліп отыр. Бұл - оның не «бүлдіргенін» біздің толықтай түсініп отырганымызга сенімді болу үшін гана жасалған ишара. Гэррод осы ирониялық астарлы ағысты сезіне отырып, мұны Китстің өзі толық игере алмайтын элемент ретінде түсіндіретін сияқты. Ол былай дейді: «Өзінің басты тақырыбына (өмірде тұрақсыз, бірақ өнердің формасы ретінде тұрақты) шыншыл болу Китстің өзі ойлағанынан да асып кетті».

Бұл - «суық пастораль», таза және шынайы өнер, мұнда «үнсіз форманың» ызғарлы тыныштығы бар, бұл белгілі бір деңгейде оның өзін де қалтыратады. Төртінші шумақтың соңғы жолдарында әсіресе соңғы үш шумагында... «менің ойымша, әрбір оқырман қайғының, кұлазыған көңілдің астарын түсінеді». Ол жерде жасырын мағына бар, алайда Китс «өзі ойлаган жерден асып» кете алмады. Китстің қатынасы алдыңғы шумақтарда Гэрродтың ойлаганынан әлдеқайда күрделірек және әлдеқайда келемежге толы, мұны түсіну соңғы шумақты «Оданың» барлық бөліктерімен байланыстыру үшін маңызды. Сүйіспеншіліктің тыйым салынған сәті оны тежегендіктен ғана, шынайылықтың құбылмалы әлеміне қарағанда, барынша үдемелі сипатта болатындыгын Китс жақсы түсінеді.

Құмырада бейнеленген махаббат суымаған: шоқтың табындай қызулы қалпында сақталады. Оның адамзатқа қатысы жоқ, бірақ суық әрі ежелгі мәрмәр қалпында қалады. Төртінші шумақта біз әлі де құмырада бейнеленген әлемде отырмыз, алайда бұл шумақта бейнеленген жер бұрынғы шумақтардагы суреттерге кереғарлық туындатады. Ол тұлғалық шабыт пен тілекті емес, ұжымдық өмірді баса айтады. Бұл - «Орман тарихшысы» айтуға тиіс тарихтың жаңа бөлімі. Бұл жердегі оқиғаларда атаулар мен уақытты нақтылап, тілге тиек етпеген. Бізге рәсімнің қай Құдайдың альтарінде (құрбандық шалатын орын) атқарылып жатқаны, не болмаса құрбандықтың нендей себеппен шалынатыны жөнінде де еш нәрсе айтылмайды.

Сонымен бірге мерекеге қатысушылардың қай қаладан келетіні де белгісіз. Ақын ол жерді анықтау үшін бізге мол мүмкіндік қалдырып отыр. Бұл таулы аймақтағы қала болуы немесе өзен жағалауындагы қала яки шағын ғана айлақты қала болуы да мүмкін. Дегенмен, әрине, қаланың жалпы табигаты - қаланың басты белгісі сипатталып отырған құмыра арқылы сездіріледі. Бірақ бұл анық емес. Ақын біздің қиялымызга ерік беретін мол кеңістік үсынады. Алайда шумақтағы елестету мен ырғақ қаланы айтарлықтай анық сипаттайды. Ол - шағын әрі тыныш мекен, оның тұрғындары өзара ынтымақты ұйым ретінде бір-бірімен тығыз байланысты әрі оның халқы осындай «қаралы сәтте» рәсімғе қатысу үшін көшеге түгел шығады.

Шумаққа риясыз сүйсінесіз. Оның әдемі әсері кез келген формуламен шектелуді теріске шығарады. Дегенмен кез келген механикалық формадағы әсерді есепке алуға тырыспай-ақ, осы әсерді сақтауда белсенді қызмет атқаратын бірқатар элементтерді атап өтуғе болады. «Жасыл алтарь» дегендеғі «жасыл» сөзінің «табиғи», «аяқ астынан», «тірі» деғен сияқты көптеғен мәндері бар. Теңіз жағалауының бір қалтарысында қалып қалған шағын қала немесе тау бөктерінде орналаскан қала қандай жағдайда да оқшауланған һәм қоршаған табиғатпен үйлесімді түрде байланысқан. «Тыныш қамал» деғен сөз орамының (фразасының) жағымды әсері бар. Аталмыш тіркесте соғыс және бейбітшілік идеялары арасындағы өзара қақтығыс та сезіледі, дегенмен ол бұл қақтығысты тұрақтылық пен империалистік амбиңиядан ада тәуелсіздік пайдасына шешеді, содан барып тұрақты да жайлы тыныштық сезімі туындайды.

Поэманың мысалына кеңінен тоқталсақ: Китс осы төртінші шумақта өте қызықты, құмыраның тарнхшы екенін көрсететін бір нәрсе ойлап табады. Поэмадағы ең бір үдемелі тұстардың бірі - ақынның кішігірім қаланың таңғажайып иесіздігі, қаңырап бос қалғандығы туралы ой-толғанысы. Бұл, әрине, құмыраның өзінде бейнеленбеген.

Кұмырада бейнеленген, ресім арқылы көрінетін кішігірім қала поэмада шебер ұшқырлықпен суреттелген. Оның көшелері «үнемі / тыныш болады», ал оның бос болуы әрқашан да әлдебір құпияға толы. Рәсімге қатысқандардың ешқайсысы қалаға қайтып барып, ондағы тылсым тыныштықты бұза алмайды. Тіпті ол жерде ешбір жан бейтаныс адамға қаланың бос қалуының себебін түсіндіріп бере алмайды.

Егер, кімде-кім, Китстің бұл жерде не істеп жатқанына зер салып қарайтын болса, онда ол ақынның шексіз қиялга батқанын аңғарар еді. Дегенмен бұл ынтызарлықтың сұрауы жоқ әрі орынсыз, ягни ақын өзінің қиялындағы құлшылық етушілердің рәсіміне арналған қаланы ойлап тапты. Ол бос қалу мен жалғыздыққа ерекше сипат беріп, оны шынайы қала ретінде қабылдауға және оған бейтаныс адам шынымен де тап болған жағдайда, қаңырап қалған қалаға таңырқап қарауына да мүмкіндік берді (мен бұл жерде осы шумақтарды түсіндірудің басқа жолын көріп тұрған жоқпын «және оны айтып беретін бірде-бір жан жоқ»), Шындығында, қаланы Китстің белгілі бір әрекет арқылы тапқаны болмаса, оның құпиясын ешкім, ешқашан аша алмайды. Турасын айтқанда, баяндалып отырған құмыра арқылы қаланың неге бос қалғанын сұрау қажетсіз. Бұл тұста, XVIII ғасырға тән сыншының логикадағы осы қателіктен қандай шешім шығаратынын болжауға болады.

Осылай бола тұра, Китс қиялының шарықтап дамуының жалпы поэмаға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеу аса қиынға соқпайды. Кішігірім қалашықтың «шынайы» бейнесі тарнхи құмыраға дәлме-дәл келіп тұр. Бұған дейінгі тараулар динамикалық қым-қиғаш әрекеттерді бейнелеу, кернейлердің үнсіздігін дыбысты әуеннен де әуезді етіп, ғашықтардың келбетін бойдағы тулаған қан мен шарпыған демнен де ыстығырақ етіп сипаттау сияқты парадокстарға толы болса, бұл тараудагы қалашық та шынайы қалаларға қарағанда, әлдеқайда маңызды, бай қала ретінде сипатталған. Шынында, қиялдағы қала сазгердің кернейінде ойналған, бұрын-соңды адам естімеген әуезді әуендей болып естіледі. Ақынның қалашыққа шынайы сипат бере алғаны сонша - қалаға алғаш келген бейтаныс адам арқылы көшелердің өлі тыныштығын дәл жеткізе білген. Құдды, дәріғердің өзі жасаған дәрісін өзі ішкеніндей, ақын да өз қиялының тұңғиығына рахаттана сүңгіп кеткен.

Бесінші шумақта біз құмырада бейнеленген тамаша әлемді тастап, құмыраның өзін бүтін нысан ретінде қарастыруға көшеміз. Көзқарастың бұл қырын шумақтың бірінші жолындағы «О, аттикалық форма» дәйекшесінен (апострофынан) байқауға болады. Бұл жерде құмыра ақын сөзін арнап отырған дербес әлем ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар ақынның бізді баурап алған немесе біз кұмартып тұрған әлемі құмырадағы көркем мотивтерде «мағынасыз /мәрмәр еркектер мен қыздар» бейнесінде қатып қалады. Өмірден де биік ғұмыры бар тіршілік, «адамзат құштарлығының бүкіл жан жүйені баурап алған тыныс-тірліғі», ақырында, мәрмәрға айналады.

Соңғысы, әрине, ақынның ешқашан теріске шығармаған мәселесі. Өзіміз көргендей, ерлер мен әйелдердің тас мүсін боп қатып қалғандығын, өзгеріссіз қалуын, сонымен бірге тұтқындалғанын мойындау екінші, үшінші және төртінші шумақтарда ирониялық астарлы үрдіс ретінде беріледі. Поэманың ең негізғі парадоксі «Суы пастораль» сөзімен түйінделеді. «Пастораль» сөзі «жылулық», «тұтқиылдық», «табиғи», «формалды емес» деғен мағыналарды ғана емес, идиллистік, қарапайым және формалды емес таңгажайыпты да білдіреді. Құмыраның айтып отырғаны «гүл ертегісі», «жапырақтар туралы аңыз», алайда «орман тарихшысы» мәрмәр тас тұрғысынан жұмыс істейді. Құмыраның өзі суық, оған қоса, оның өмірден тыс тірлігі қалыптастырылған, ұйымдастырылған өмір болып саналады. Құмыраның өзі «үнсіз пішінді», әйтсе де ол «сөздер, тұжырымдар» арқылы емес, «біздің ойымызды келемеждеу» үшін сөйлейді. Бұл - мәңгілік тәрізді құпия, себебі оның тарихы уақыт шегінен тысқары жатыр, содан да ол бізді келемеждеп тұрғандай.

Құмырадағы мәрмәрдан жасалған еркектер мен әйелдер ет-жүректен жаратылған еркектер мен әйелдер тәрізді өмір сүрмейді: «Кәрілік осы ұрпақтың түбіне жеткенде» ( When old age shall this generation waste) («ұрпақ» деғен сөздің мағынасы өте кең. Ол, бір жағынан, «туындап отырады», яғни Адам Атаның ұрпағынан бері келе жатқан сабақтастық, сонымен бірғе өлім мен адамның тығыз байланысы; «ұрпақ» сөзі бұл жерде уақыт өлшемі дегенді меңзеп тұр). Мәрмәрдан сомдалған еркектер мен әйелдер уақыттан тыс жатыр. Олардан әшекейленген кұмыра қалады. «Орман тарихшысы» бұл оқиғаны келесі ұрпаққа жеткізеді.

Олар мұнымен не айтпақ? Бәлкім, ол ақынға «қалыптасқан тәжірибе», шығармашылық ұшқырлық адам мен табиғаттың негізгі әрі іргелі түсінігін заттарға айналдырады» дер. Құмыра керемет; «оның сүлулығынан басқа, поэма қандай мәселені көтереді» деген мән-мағынасы бар, ойланып қабылдауға негізделген туынды. Мұндай көрініс әдемі, сондай-ақ ол - ақиқат. Орман тарихшысы бізғе тамаша хикаялардан сыр шертеді, ол - шынайы тарих және жақсы тарихшы.

Сонымен бірге орман тарихшысының айтар ойы - біздің осы жер бетінде білгіміз келіп отырған шындық, басқаша айтар болсақ, біз білуге тиіс бірден-бір ақиқат. Есімдерді, уақыт пен ерекше шартгарды орман тарихшысы назарға алмайды. Алайда біз ешқашан барлық деректерді бірден жинай алмаймыз, оны жинаудың шегі де бола қоймас. Сонымен бірге деректерді жайған жинақтаудың мәні жоқ, мұпы біздің ұрпақ енді мойындап келеді. Орман тарихшысы одан гөрі жақсырақ амал тапты: ол бірқатар әдістерді қолдану арқылы біздің санамызды тек сұлулықты қабылдауға ғана емес, мәні бар ақиқатқа үңілуге бағыттайды. Қорыта айтқанда, оның «тарихы» - сілтемесіз тарих. Мұнда аңыз заңдылығы бар, бірақ әдемі аңыз емес; орынсыз қиял, сылдыр елес. Бірақ шындыққа жарамды дүниетаным іспетті аңыз.

Бұл «Оданың» соңғы жолдарындағы «мағынаға» да қатысты. Алдыңғы түсініктемелерден біршама ерекше пікір. Бұл жерде ол ешқандай жаңашылдық ашуға ұмтылмайды. Маңыздысы - оны «Ода» контексінің өзінен алуға болатыны.

Енді қисынсыз ырымшылдық пен өлеңнің қорытынды сарынының бұзылуына деген қарсылық қандай нәтиже берді? Осылайша тұспалданған жауапты былайша жинақтаған ләзім: бүкіл поэманың өн бойында ақын сөйлейтін құмыраның парадоксін баса айтып отырды. Біріншіден, кұмыраның өзі оқиғаны баяндайды және тарихтан хабардар етеді. Құмырада бейнеленген түрлі суреттер музыканы жаңғыртады, сөйлейді немесе ән салады. Егер біз осы нәрселерге сергек қарасақ, бәлкім, құмыраның тағы да үн қатқанына айтарлықтай таңғалмас едік. Оның әңгімесінің мағынасына емес (мұндай метафораны қабылдау өте оңай), жоғарғы деңгейде сөйлегеніне, өз табиғаты жайлы түсінік бергеніне таңданған болар ек. Егер құмыраны драмаға дұрыс айналдырып, метафоралардың дамуының соңынан жүрсек, поэманың өн бойына арқау еткен парадокстарға сергек болғанымызда, бәлкім, сонда ғана «үнсіз пішін» баяндайтын құпияға толы соңғы парадокстарға дайын болар едік. Бірақ ондай жағдайда, жарамсыз һәм тура мағынасында алынған жалпыландырудың біздің әлемде үстемдік құрған ғылыми-философиялық абстрактілендірулермен бәсекелесу үшін контекстен оқшауланып кеткенін сезбейміз. «Сұлулық дегеніміз - ақиқат, ақиқат дегеніміз - сүлулық» деген үстанымның мәртебесі Шекспирдің «Кемелдену - зерделіліктің шырқау шыңы» деген сөзімен бірдей және негіздемесі де ұқсас. Бұл сөз «өзіндік сипатымен» де драмалық контекске сүйенеді.

Қорыта келгенде, драмалық реттілік ұстанымының мәні зор. Бұл онердегі ақиқат мәселенің күрделілігіне де, Китстің шағын аңызына қатысты алғанда да әділетсіздік болар еді. Дегенмен драмалық әдептілік ұстанымы бізді алғашқы сипатынан әлдеқайда алыстатады. Оған деген құрметімізді, кем дегенде, біздің ақиқатқа деген қарым-қатынасымызды әдебиет үшін шынымен де озекті болып саналатын деңгейде қамтамасыз етеді. Егер біз поэмада келтірілген пайымдауларды біртұтас органикалық контекстің бір бөлігі ретінде көрсек, оларды жеке дара қарастыру үшін қызығушылыққа жол беруден тартынатын болсақ, онда біз өлеңдегі дүниетанымды, «философияны» немесе «ақиқатты» драмалық тұтастық тұрғысынан қарастыру мәмілесіне дайын боламыз. Демек, басқаша айту арқылы дерексіздіктен гөрі қарым-қатынастың жетілуіне, оның эмоциялық және зияткерлік нәтижелеріне баса назар аударамыз. Бәлкім, кез келген поэманы басқаша айту қабілетіне күмәнмен қарауды үйренгеніміз де жөн шығар. Бұлайша сенбеудің де пайдасы бар. Жоғарыда бізді келемеждеген Китстің орман тарихшысы осындай сенімсіздік білдіреді. Оның сөзінің мәні біздің сенімсіздігімізді дәлелдеуінде жатуы мүмкін.

 

Эдебиет теориясы: Антология. 1 -том

 

 

John Keats: Ежелгі грек құмырасы

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3521

 

John Keats: Түн бұлбұлы

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3439

 


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты