Тел ағыс (A)

f20f8e21117e1ae51dbea575d47a3b0e.jpg (2880×2880)

 

Pablo Neruda:

 

Ол (Jorge Borges) ұлы жазушы, осы үшін де Жаратушыға мың алғыс. Испан тілінде сөйлейтін халықтардың бәрі Jorge Borges-пен мақтанады. Әсіресе, Латын Америкасы елдері әдебиетінде Jorge Borges-тен бұрын Еуропа елдері жазушыларымен иық тіресетін шығармашылық иесі болған емес. Бізде ұлы жазушылар болды, бірақ, Jorge Borges қана әлемдік әдебиетте нық басып тұрды. Ол бізді ең ерте үлкен ортаға бастап барған тұлға.

Мен оны «ең ұлы жазушы» деп айта алмаймын. Айталық, мен өз арамыздан одан озған 100 автордың шыққанын қалар едім. Бірақ, дара шыққан сол ғана. Жұрттың көзіне бөлекше түсті. Еуропалық зиалылардың назарын бізге аударған Jorge Borges. Мен мұны қадап айтқым келеді.

Алайда мені мен Jorge Borges-тің арасында келіспеушілік бар. Жұрттың көбі менің оның айқасуымды қалайды, әрине. Бірақ, мен оны әсте жоққа шығара алмаймын. Егер, оның кейбір ойлары динозавр сияқты ескі болса, оның менімен көп қатысы жоқ. Ол мына дүниедегі көптеген істен хабарсыз. Содан да түсініп кетпейді деп ойлаймын. Бірақ, біз тез ағыс сияқтымыз.   

 

 

Jorge Borges:

 

Я, ол (Pablo Neruda) сиқырлы әуеннің иесі. Дегенмен, мен біреуді мұқатуға үйір емеспін. Әрине, мен оның біраз дүниелерін ұната қоймаймын. Өлең деген балаң ғой. Әкесінің тірлігіне бола, баласын айыптауға болмайды ғой. Мен солай деп түсінемін. Оның өлеңдері жетім ұл сияқты, жүзінде мұң-шер бар, мынау әлемде өзіне қорған болатын еш пенде таппаған жан сияқты. Кіршіксіз әрі риясыз таза. Оларға жаның ашып, жүзіне қарап тұрып қорған болғың келіп кетеді. Біраз  жыл бұрын, мен Мадридте көне кітаптар сататын дүкендердің бірінен Pablo Neruda-ның өлең жинағын сатып алдым. Жыр жинақты ашып оқыған сәтімде, мен одан жетім өлеңдерді кездестірдім. Оларға сол сәтте қорған, қорғаушы болғым келіп кетті. Ол кітапты мен жиі-жиі оқып тұрамын. Кітаптың тұтқыны сияқты көрінетін өлеңдерге бостандық бергім келіп тұрады.  Алайда, ол өлеңдердің әкесі тап-таза ақымақ. Ол Сталинді көкке көтеріп мадақтайды! Сталиннің жақтасы!      

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты