Miroslav Holub: Ұрғашы шыбын (The Fly)

4405cabc9021f5b61df6d02affb3bc9e.jpg (600×350)

Ол жылауық талдың бұтағында отыр 
Айналасына барлай қарап 
Қантөгіс майдан 
Шыңғыру 
Ыңырсу 
Аһ ұру 
Қала берді түсініксіз күйреу мен жер болу 

Фыранция аты аскер фолькының 
Он төртінші бригадасы шабуылға шыққанда 
Ол Фаникадан келген 
Қоңыр көзді еркек шыбынмен қосылды 

Ол аяқтарын еппен керіп қойып 
Іші-қарыны ақтарылып жатқан жылқының үстінде отыр 
Басын керген 
Шыбынның ұлылығы туралы ой 

Ол еппен ұшты да ақсүйек Крофердің 
Көгеріп, ісіген тілінің ұшына барып қонды 

Айнала жым-жырт 
Майданда шабылып төбе-төбе болып 
Өліктер ғана жатыр 

Шабылған қол 
Жұлынған аяқ 
Ағаштың шашылып жатқан бұтақтары сияқты 

Ол жұмыртқалай бастады 
Ұрығын патша әскерінің механигы 
Ж.Уфердің ойылған көзінің шұңқырына төкті 

Оны ақырында жер бауырлап ұшып келе жатқан 
Қарлығаш қағып алды 
Ол қарлығаш әлгінде ғана Орнердегі өрттен шыққан болатын


Аударған – Ардақ Нұрғазы


«M.Holub туралы ақын S.Heaney: «Оның шығармалары тап-таза, тұнық, тұнықтығы соншалық терісінен, етінен өтіп тасада жатқан дүниелерді анық көре аласың. Олар қоғам, саясат пен тарихтың шым-шытырық байланыс торынан тұратын әлем. Олар сезім мен күйзелістің күйі. Сенім мен үміттің, қатгез билеушінің өнердегі болмысы» деп жазған. 1988 жылы Ted Hughes  M.Holub әлем әдебиетінде ықпалды алты ақынның қатарына жатқызған болатын.»


Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/miroslav-holub

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты