Octavio Paz: Көше (The Street)

56411d6f5d01903a371db15e3223ab04.jpg (620×350)


Қараңғы, қалтарысы көп көшеде келемін

Сүрініп, жығылып

Шашылған жапырақ, жаңғырады тастақ жол

Аласұрамын 

Соңымда біреу сүрініп-қабынып еріп келе жатқан сияқты

Тұра қалсам, ол да тоқтайды

Жүрсем, ол да жүреді

Соңыма бұрылсам, ешкім жоқ


Қараңғы, тас қараңғы көше 

Мен сол баяғы орныма қайта айналып келген жан сияқтымын

Маған еріп келе жатқан, мені тосып тұрған да

Ешкім жоқ

  Мен біреуді қуып жүрмін

  Ол сүрініп кетіп, қайта тұрып маған қарап:

  - Мұнда ешкім жоқ – дегендей.

Аударған – Ардақ Нұрғазы


Сыншылардың дені Paz-та бір ұлы тақырып бар, ол өз заманын толық қамти отырып подернистік әдебиеттің көшбасы деңгейінде жұмыс істеу, - деп қарайды.  Christ айтқандай: өзіне ғана тән тіл қолданысымен Paz өзінің сөз сиқыршысы екенін дәлелдеп, шығыс пен батыстың арасын теңселтпей ұстап, өнер мен қатал сын көзқарасының арқасында бір шоғыр ұмтылмайтын кейіпкерлер жасады. Осы тұрғыдан келгенде Paz даңықты шығармашылық адамы ғана емес, біздің мәдениеттің жоқтаушысы, қорғаушысы, жаңартушысы деңгейіндегі ұлы тұлға деумізге болады...


Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/octavio-paz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты