Павел Банников (Pavel Bannikov): Самал жел (Белый ветер)

7d05f22487deacef7ffa8eb3fb75ce28.jpg (1098×718)


мен темір дөңгелектер мен

самал жел қаласына, мұз қатқан жас

алыста бой көтерген таулар жайлы,

өзен бойымен аққан құпия мең-зеңдіктіңдің

                          қаласына оралдым. 

бірақ оны матаға өмір беріп,

картаға алжир мен карлагты өрнектеген

темір ішек кесіп өтеді

                          сенің архипилагыңды бөліп

плацкартта үлкен ел жол үстіндегі

олар үшін сен терезедегі көрініссің тек

пойыздың темір кісендері бүлкілдеп, жүзеді

белгіленген әр жаңа жылға қарай

сенің жадың, сор дала іспетті суық

                           және ешкімге керек те емес

қозғалтқыштардың жан дауысы шығып,

күші сарқылып,

                           сенің аралдарыңа такси жүреді,

темір өзеннің бойындағы үйлерде,

қоңыраулар тамырымен жұлынған жерде

сенде менің мекен-жайым қалған жоқ,

менде – өліктердің де нөмірі қалмады

мен білетін өліктер сенікінің жанында жатыр

                           самал желден тітіркенеді олар да. 



Аударған: Абзал Сүлеймен



«Поэзия – адамзат өзін-өзі жойып жібермес үшін керек»; «Жоқ, бұл пафос емес. Бұл поэзияның жалғыз әрі басты міндеті. Бұл міндетті сансыз жылдар бойы атқарып келеді»; «Поэзия дегеніміз көне грек тілінен «жасау» деген мағына береді. Яғни тудыру. Адамзат физикалық тұрғыдан да биік дүниелер істей алса, онда ол жойылмайды»; «Егер поэзия рухани еңбексіз жасалса, онда ол поэзия емес, тек көңіл көтеру ғана». 


«Көбіне қазіргі жаңа поэзия «күміс ғасырдағы» поэзиядан қиын көрінуі мүмкін. Формальді және техникалық түрде қиын ештеңесі жоқ. Бұл тек қазір, біздің көз алдымызда істеліп жатқан шығармашылық. Ал поэзия үнемі болашаққа бағытталады. Сол үшін бізге жүз жыл бұрынғы өлеңді түсіну оңай сияқты көрінеді. Бірақ олай емес, бұл өзіңді-өзің алдау ғана. Поэзияның басымдығы неде? Ол эволюциялық бір жолақпен дамымайды. Егер эволюцияда амёбадан бір адам тектес тіршілік иесіне дейін даму бар деп алсақ, амёба Гомер болатын еді де, адам тектес тіршілік иесін Пушкинге телитін едік. Бірақ олай емес. Гомер де, Пушкин де бір уақытта, бірінен соң бірі жақсы оқылады. ХХ ғасырда да, ХХІ ғасырда да оқыла береді. Нағыз поэзия уақыт сынынан өтеді. Әр дәуірде біз поэзия деп санайтын канондар қалыптасады».


Ақын туралы сілтеме: https://manshuq.com/lifestyle-pavel-bannikov-11-2018

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты