C.P.Cavafy: Сарын

35174f9785c17ec8647c6c16154eed6a.jpg (520×524)


Қастерлі әрі құдiретті сөздер,

Ол, өлгендердің сөзі. 

Немесе біз әлдеқашан жоғалтқан сөздер.


Кейде олар бізге түсімізде тіл қатады,

Кейде ол үнді ойға шомған сәтімізде естиміз.


Сол үннің жебеуімен жанымыз бүр жарып, қайта түлейді

Поэзияның ескі үні қайтып оралады:

Тас қараңғыда, ұзақтан үзіліп жеткен үн, күйдің үні сияқты



Аударған – Ардақ Нұрғазы. 


«Өзіне ғана тән өлең стилінің иесі ретінде Cavafy ерекше көзге түседі. Ол нені жазсын – өлімді, сұлулықты немесе нәпсіге қатысты дүниелерді тақырып етсе де, қоламтадай қызған  бүгінді жазсын немесе өткен туралы сөз қозғасын бәрібір маймөнкелемей турасына көшеді. C.M.Bowra «Constantine Cavafy and the Greek Past» атты мақаласында: «Cavafy-тың стилы Грекке жатпайды, Батыс Еуропаға да тән дүние емес. Оны Шығыстан алды, деп тіпті де айта алмайсың. Ол стилды жаратқан тура Cavafy-тың өзі. Оны тұлғалаған орта, жағдай, содан туындаған ақынға ғана тән тіл қолдану. Ол ақынның дара болмысынан шыққан тілдік ерекшелік», - деп жазды.


Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/c-p-cavafy

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты