Charles Bukowski: Көкке шыққанда

3586fe248030aaddbdc56298177b9b4b.jpg (450×500)


Көкке шыққан сол күн есімде қалыпты,
Мен онымен жеті жыл бірге тұрғам,
Ол айылын жимайтын арақкеш болатын,
Бірақ, мен оны сүйетін едім.

Оны менің ата-анам жақсы көрген жоқ, 
Мен де ата-анамды жақсы көріп жарытпаған жанмын,
Қызығы да осы емес пе,
Мұнда бір гәп бар.

Бір күні біз, 
Жиылып көкке шықтық.
Қарта ойнадық, сыра іштік
Қызанақ жеп, шұжық қақтадық.

Олар оны қатарына тартып кетті,
«Біздің біреуіміз сияқтысың» деп соқты.

Жұрттың бәрі қарық болып күліп жатыр,
Езу тартпай тұрған тек қана мен.

Соңынан үйге қайтып оралдық,
Тағы да шарап,
«Мен оларды ұнатып тұрғаным жоқ,
Бірақ, сен жағып қалған сияқтысың?» дедім кекесінмен оған.

«Басың істемейтін албасты» деді ол,
«Сен шынымен ештеңенің аңғарған жоқсың ба?»

«Жоқ, мен сонда нені білуім керек еді?»,- дедім өзімше қомпылдап.

«Олар менің мынау сырадан бұлтиып тұрған қарыныма қарады,
Мені аяғы ауыр екен»,- деп ойлады.

«Қатып кеткен екен,
Онда олардың аңсап күткен жүгірмегі үшін тарып жіберейік», - дедім мен.

«Біздің аңсап күткен жүгірмегіміз үшін десейші!», -деді ол.

Біз бакалдағы шарапты түгін қалдырмай бір-ақ көтердік.

 

Аударған - Ардақ Нұрғазы


Adam·Korsch: «Пайда болып, көп өтпей жабылып қалатын басылымдардың құдіретімен ат-атағын шығарған ақын болғанына қарамастан, Чарльз Буковскиға деген қызғындық бүгінде интернетте жаңа сапада өріс алуда. Ақынның өлеңдерін алдыға тартатын порталдар АҚШ, Германия, Испания, Чек, Швед елдерінде жүздеп саналады. Ақынның өлеңін пір тұтатын бір оқырманның: «мен Чарльз Буковски мырзаның өлеңдерінен өзіме рухани серік таптым»,-деп жазғаны бар. Мұндай жүрекжарды сөздер ақын шығармаларына қатысты жиі айтылаады. «Мен ол жазған сөздердің жанжеріңе қалай дәл тиетініні таңданамын, сондай жолдарды оқығанда көзімнен жасымды төгіп-төгіп, жылап алғым келеді», - деп жазғандарды да оқыдым.    

Бүгінде өлең сүйер қауым Чарльз Буковски мырзаға телефон шалып, ақынның жарты өмірі өткен Лос Анжелистегі үйіне соға кетпейді. Дегенмен, 1994 ақын аққан ауруынан өмірден өтуден бұрын-ақ жұрттың оған деген қызушылығы мен құрметі аз болған жоқ. Айталық, 1981 жылы ол тілшіге: «мен өлеңдерім туралы көптеген хат тапсырып алдым, олардың ішінде «Буковски мырза, сіз соншалық қиындықтарға қарамастан, бақытқа орай өмір сүріп қалдыңыз. Менің де өзіме қолжұмсаудан бас тартып, өмір сүргім келді...»,- деп жазыпты. Соған қарап мен де өз тұрғымнан біраз адамға демеу болыппын. Дегенмен, менде біреуді құтқара қойяны, деген ой болған емес.  Менің өмірімді білесің. Олар менің кітаптарымды сатып алады – өмірден таяқ жеген, жынды, ішкіш, шегіп алатындар немесе қарғысқа ұшыраған жандар дейікші – мен соған қуанамын», - деген.        

Ақын туралы сілтеме:     https://www.youtube.com/watch?v=uWSg1z0hzjs

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты